Қорытынды ........................................................................................................
38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....................................................................
40
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы "Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп
шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай
курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер
қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық
емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі
құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
«Материалдық
емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын
және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған
шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне
қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің
мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдалану
мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу
нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен
аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың «Материалдық емес активтер» бабын
қалдық құнымен толтыру үшін 101–"Лицензиялық келісімдер", 102–"Бағдарламалық
қамтамасыз ету”, 103–"Патенттер", 104-"Ұйымдастыру шығындары", 105–"Гудвилл",
106–"Басқалар" және 112–"Материалдық емес активтердің
амортизациясы–бағдарламалық қамтамасыз ету", 115–"Материалдық емес активтердің
амортизациясы–гудвилл", 116–"Материалдық емес активтердің
амортизациясы–басқалар" деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет
.
"Негізгі
құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі
құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес
кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі.
Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық
құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық
құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған
бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта
бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың
бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін
қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың
бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны
баланстық құнға айналады).