Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 01:19

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Жалпы тарих

Шет ел ілгерішіл бақылау тәжірибесі қрытындысы

Шет ел ілгерішіл бақылау тәжірибесі қрытындысы скачать

29.03.2010, 17:37
2.5 Шет ел ілгерішіл бақылау тәжірибесі қрытындысы
Дамыған елдердің мемлекеттік бақылауының негізгі түрі –қаржылық. Кез келген мекеменің нақты қызметі қаржылық операцияларда көрініс тапса, бұл «қаржылық қақпаларға» бақылаудың функционалдық механизімін құру қаже болады. АҚШ, Ұлыбритания,ФРГ, Жапония, Индия, елдерінде бақылау-ревизиялық органдары жақсы ұйымдастырылған аппаратпен, жоғарғы білімді қызметкерлермен қамтамасыз етілген штаты бар, дамыған, ұйымдастырылған жүйе қалыптасқан. Дамыған елдерде бақылау-ревизиялық органдары парламентпен тығыз қарым-қатынаста болады, өткізілген ревизиялар бойынша қорытынды материялдар ұсынады, түрлі мақсатта мемлекеттік қаржы бөлуі туралы бюджеттік-қаржылық сұрақтар бойынша тұжырымдарды парламенттік комиссиялар мен палаталарға қарастыруға жібереді.
АҚШ-тың конгресс органы-Басқа қаржылық-бақылау басқарманың (БҚББ) маңызды функциялары:
1) конгресстің заң шығарушылық пен бақылау қызметіне көмек көрсету;
2) үкіметтік бағдарламалардыбақылау және бағалау;
3) Мемлекеттік органдардың оперативтік қызметін бақылау;
4) Мемлекеттік аппараттың жетілдіру туралы ұсыныстарды жасап шығару;
5) Мемлекеттік басқару жөнінде қиын сұрақтарда Конгресс мүшелеріне кеңес беру.
БҚББ аппаратымен жасалатын жобалар негізінде Конгресс бір жылда он шақты заңдар қабылдайды. Ол мемлекеттегі ЦРУ мен ФБР әскери ведомстволарын қоса алғанда, барлық қаржы операцияларын бақылайды.
Ұлттық және халқаралық деңгейде Германияның Федералдық есеп палатасы мен жер есеп палаталарының қызметі жоғарғы беделге ие. Федералдық Есеп палатасының (ФЕП) ережелері мен мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі орны « Федералдық есеп палатасы туралы» заңда қарастырылған. Ол парламент пен үкімет арасында тұрған, мемлекеттік басқарушылық органдарының екеуіне де көмек көрсететін тәуелсіз органы болып табылады. ФЕП қаржылық бақылаудың тәуелсіз органы болып табылады және тек заң алдында ғана жауап береді.ФЕП-тің президенті, вице-президенті, бөлімдер мен секторлар басшылары да тек заңға ғана бағынып, алып отырған орындарынан олардың келісімдерінсіз ешкім босата алмайды. Бақылау-ревизиялық жүйелерді қызмет етуіне жұмсалатын шығындарды парламент арнайы смета бойынша бекітеді.
ФЕП және оның мүшелерінің құқықтық статусы, сонымен қатар оның негізгі міндеттері ФРГ-ң негізгі заңында бекітілген. Оның ұйымдастырушылық құрылымының бөлшектері, палата мүшелерін тағайндау процедуралар мен шешмдерді қабылдау тәртібі «Федералдық Есеп Палатасы туралы» арнайы заңмен реттеледі. Қазіргі кезде өз қызметін атқарып отырған Германияның Есеп палатасы 1871 жылы құрылған, Герман империясы палатасының жалғастырушысы болса, ал бұл палата 1717 жылы Прус королі 1-ші Фридрих Вильгельмнің жарлығы бойынша құрылған Генеральды есеп палатасының жалғастырушысы болды.
27
Осыған кңарай отырып Германиядағы тәуелсіз есеп берудің қайта қаралуы 300 жылдан астам қызмет етуде.
Қазіргі кездегі Германиядағы ФЕП қызметінің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:
а) ол атқарушылық билікке сүйенбей, өз дәлелдерімен сендіреді;
б) ФЕП – тің ұсыныстарын жүзеге асыру парламент және оның бюджеттік комиссиялары арқылы өтеді;
в) шоттарды қайта қарау жөніндегі комиссиядағы әкімшілік өз кері іс-әрекеттері үшін жауап беру қажет;
г) министірлер, олардың орынбасарлары, басқа да жауапты адамдар мен саяси аппараттың қызметкерлері ФЕП-тің мүшелерінің қатысуымен қайта қарау жөніндегі бюджеттік комиссияның алдында есеп береді;
д) ФЕП өз қайта қарауының нәтижелерін ревизиялық хабарламаларына қортындылайды.
Категория: Жалпы тарих | Добавил: AgesSa
Просмотров: 771 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Шет ел ілгерішіл бақылау тәжірибесі қрытындысы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно