І ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ 1.1 Бақылау мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері. Өндірістік күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы меноларға бекітілген жеке меншікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет. Бақылау басқару тетігі болғандықтан, басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық және саяси заңдылықтары қоғамдағы белгіленген заңдылықтарменанықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет. Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі обьектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды. «Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған. Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады. Ревизиялық бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді. Бұл бақылау - басқарылушы объектілердің жұмысын тексеру және бақылап отыратын, әрі басқарушы тетік екенін білдіреді. Қаржылық бақылау объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкіндік береді. 3 Ал, шындығында жалпы айтқанда бақылау жоқ, тек нысаны мен нақты мазмұны ғана бар. Бақылаудың мынадай негізгі түрлері анықталған: экімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, атқарымдық, мемлекеттік, муниципалдық, ведомстволық және т.б. Бақылау элементтері мақсатқа жету үдерісінде өзара сәйкес келе отырып, бақылау жүйесін құрайды. Бақылау элементтері оның жетістікке жету мақсатында біртұтас бақылау жүйесін құрайды. Бақылау жүйесі мынандай элементтерден тұрады: а) бақылау субъектісі (кім бақылайды); б) бақылау объектісі (кімді бақылайды); в) бақылау заты (нені бақылайды); г) бақылау принципі; д) бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды); е) бақылау техникасы мен технологиясы; ж) бақылау үдерісі; з) бақылау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу; и) бақылау қорытындысы мен оған жұмсалған шығын; к) бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъект; л) бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шешім. Тереңдетілген тексеру жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын, әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктері болу мүмкіндігін болжайды. Басқару үдерісі бақылаудың белгілі бір міндеттерін, түрлерін, әдістемелерін, принциптерін және техникасын жүзеге асыра отырып, басқару субъектілерінің алға қойылған мақсаттарын пайдалы жүзеге асыруға кепіді бағыт береді. Қаржылық бақылаудың салалық қызметі экімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық және т.б. бақылаулармен қатар келіп қалыу мүмкін. Оның басты себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз байланысты болғандықтан, қаржылық бақылауды одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерінің басқа да көріністері мен қорытындылары пайда болады.
|