Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 01:07

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Жалпы тарих

Аудиттің тәуелсіз қаржылық бакылау нысаны ретінде дамуы

Аудиттің тәуелсіз қаржылық бакылау нысаны ретінде дамуы скачать

29.03.2010, 17:36
2.2 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бакылау
нысаны ретінде дамуы

Нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау мемлекеттік, ведомстволық және тәуелсіз (аудиторлық) – үш негізгі бағытта қарқынды дамуда.
Аудит - салыстырмалы түрде біздің елімізде акционерлік қоғамдардың, серіктестер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі түсінік. Аудит - бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толықтырып отырады.
Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық кешендік ревизияға баланстың есептік бақылауы мен соттық – бухгалтерлік сарапқа тән емес.
Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асырубарысында басқа да есептік, бақылау – аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я.В. Соколовтың айтуы бойынша: Ревизияның мақсаты – кемшіліктерді, залалды жою болса, аудит мақсаты- кемшіліктерді қысқарту мен залады шектеу.
Басқарушылық аудит – ревизия мен бақылауға қарағанда кең мағыналы түсінік. Ол қаржылық көрсеткіштердің анықтығын бақылап, ғылыми негізде рационалды кіріс көздерін көбейту мақсатында ұсыныстар мен кепілдемелер жасаумен айналысады. Осыған сүйене отырып, шаруашылық ішіндегі бақылау мен бухгалтерлік есеп жағдайына тексеру жүргізілетін операциялардың заңға сәйкес жүзеге асырылуын қадағалайтын, рационалды емес шығыстарды болдырмау, ресурстарды тиімді пайдалану мен кірісті жоғарылату мақсатындағы эксперттік консультация берумен айналысатын ерекше бизнес сараптамасы.
Аудиторлық бақылау әлемдік практикада кең қолданылады. Мұндай бақылаудың негізгі ерекшелігі – кәсіпорынның (акционерлер немесе кәсіпорын иелері) мемлекеттің (салық қызметі), есеп пен есеп беру анықтығын қамтамасыз етуші аудитордың арасындағы өзара мүдделі қарым-қатынас. Аудитор өз қызметінде заңға, этикалық принциптерге және өз ынтасына жетекшілік етеді.
18
Қазіргі кезде аудиторлық бизнестегі қатаң бәсекелестік этикалық принциптер мен кәсіби стандарттардың ара қатынасы бақылау мен ревизиялардың сапалы өтуіне экономикалық тұрғыда әсер етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өздеріне басқа мекемелерден тәуелсіз аудиторды таңдай алады, өз кезегінде мемлекет бюджет қаражатын жұмсамай-ақ, бухгалтерлік есеп берудің анықтығын, яғни салық салудың дұрыс жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді.
Нарықтық қатынастардың алға қарай дамуы, меншік түрлерінің көптігі, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің толық дербестігі, ведомстволық қадағалаудың қысқаруы мен аудиторлық бақылаудың қолдану салаларының кеңеюіне алып келеді. Бұл тек тиімді, сапалы және өз уақытында жүргізіліп отырған тексерулерге ғана байланысты емес, сонымен қатар зерттеліп отырған объектінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты кепілдемелер жасау дайындығына да байланысты. Кез келген қызмет жасаудың жаңа саласы сияқты басқарушылық аудит те концептуалдық негіздер, методикалық және ұйымдастырушылық нысандарды қажет етеді. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтің жетілдіруіне Ант берген бухгалтерлердің американ институты (AICPA), Өкілетті қоғамдық бухгалтерлердің ассоциациясы (ААРА), Аудиторлық тәжірибе бойынша кеңес (АРС), Шотландияның ант берген бухгалтерлер институты (ІСАS) сияқты халықаралық мамандандырылған ұйымдар өз көмегін тигізуде.
Сонымен бірге басқарушылық аудит пен басқа да сыртқы бақылау нысандары кәсіпорын иелері атқаратын тікелей, яғни, ішкі немесе шаруашылық ішіндегі бақылауды ұйымдастыру шараларын, т.б. міндеттерді ығыстырмау керек. Ішкі аудиторлар ішкі есеп беру бақылауын, сыртқы аудиторлар сол сияқты сыртқы қаржылық есеп беру бақылауын қамтамасыз етеді. Ішкі аудиторлардың кәсіби әлемінде жалпыға танымал лидерлер- Ішкі аудиторлар институты (ІІА) болып табылады, оның 100-ден аса елдерде қызмет жасайтын он мыңға жуық мүшесі бар.
Нарық экономикасы шарттарына сәйкес, шаруашылық қызмет ақша өлшеуішін, яғни, қаржылық критерий қолданумен қорытылады. Сондықтан да экономикалық бақылау жүйесінде қаржылық бақылау қалыптасты. Бұл бақылаудың мазмұнына макро-микроэкономика саласындағы өндірістік қатынастармен өндірістік күштер кіреді.
Макроэкономика саласында мемлекеттік қаржылы-экономикалық бақылауды Президент немесе Парламент қарамағындағы Шоттық палата жүзеге асырады. Оның объектілері болып –мемлекеттік бюджет, мемлекеттік атқару және сот билігі жоғарғы органдардың сметалары, ірі ауқымды бағдарламалардағы шетел валюталық кредиттері мен инвестициялары, т.б.

19
Бақылау – ревизиялық аппараттары жүзеге асыратын қаржы-шаруашылық бақылауды микроэкономикалық деңгейде мемлекеттік қаржы бақылауының мекемеаралық органдары, министрлік пен ведомстволардың, корпорациялар мен компаниялардың, түрлі меншік пен капитал нысандары бар ұйымдар мен мекемелері жүзеге асырды.
Қаржы шаруашылық бақылаудың мақсаты- шаруашылық құрылымдардың тиімді қызмет етуі мен жоғарғы қаржылық нәтижелерге жетуіне, сондай-ақ қаржылы, материалдық, еңбек ресурстарының рационалды қалыптасуы мен қолдануына мүмкіндік туғызу.
ТМД елдері аймағында тәуелсіз аудит институтын құрудың төртінші әрекеті жемісті болды. Белоруссияда, Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Украина мен т.б. елдерде аудиторлық қызметті реттеу туралы нормативтік-құқықтық актілері қабылданды.
Халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, аудитордың қызметі арнайы екі нормативтік-құқықтық топтарға бағынады:
- мемлекеттің заңды актілеріне, ең алдымен аудиторлық қызмет туралы заңға;
- аудиторлық стандарттар мен этикалық нормаларға.
Дамыған елдерде аудиторлық бақылау сыртқы қаржылық бақылаудың алдыңғы нысаны болып таьылады, өйткені әр түрлі салалар арасындағы трансұлттық концерндер, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен ұйымдар, коммерциялық банктер, сақтандырушы компаниялар, кооперативтер, жеке және қоғамдық ұйымдар үшін ведомстволық бақылау өте тиімсіз.
Нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау органдарының ұйымдастырылушылық құрылысында мынадай схема қолданылады:
1) мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы парламент немесе президентке бағынатын –Шоттық палата немесе Бас аудитор аппараты. Бұл органға мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлімін жалпы бақылау жүктелген.
2) Мемлекеттік кіріс бөлімін қадағалайтын, үкімет немесе министрлікке бағынатын- салық ведомствосы;
3) Бюджет арқылы қаржыландырылатын министрліктер мен ведомстволардағы соған сәйкес министрге немесе ведомство басшысына бағынатын бақылау- ревизиялық бөлімшелер. Бұл бөлімшелерге бюджеттік,арнайы, басқа да қорлардың дұрыс жұмсалуының нақты бақылауы жүктелген;
4) Есеп беру мәліметтерін, баланстардың анықтығын, жүргізілетін операциялардың заңдылығын тексерумен айналысатын және кеңестік қызмет мемлекеттік жеке және қоғамдық құрылымдардың ұйымдарға жүктелген жауапкершілігін көрсетуді келісімшарт арқылы жүзеге асыратын тәелсіз аудиторлық бақылау.

20
Аудиторлықтан басқа да сыртқы бақылау мен басқа нысандар ведомстволық пен ішкі шаруашылық бақылау түрлерін төмендетпеуі және кері әсер етпеуі қажет.
Нарық экономикасының дамуымен кәсіби басқарушылық аудит пен қоғамдық бақылаудың мәні демократиялық және тәуелсіз сипатқа ие болып өсе береді.

Категория: Жалпы тарих | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2766 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/12
Тут вы можете

скачать Аудиттің тәуелсіз қаржылық бакылау нысаны ретінде дамуы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 1
+1  
1 julen   (25.01.2011 01:54)
sorry, a kak ska4at'?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно