Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 01:06

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Жалпы тарих

Қаржылық бақылаудың субъектісі, объектісі және компоненті.

Қаржылық бақылаудың субъектісі, объектісі және компоненті. скачать

29.03.2010, 17:35
1.5 Қаржылық бақылаудың субъектісі,
объектісі және компоненті.
Қазақстан Республикасында бұрын болған қаржылық бақылау жүйесі экономиканы басқаруда әміршілдік- әкімшілік әдістеріне негізделген еді. Сондықтан қаржылық бақылау жүйесінің құрылуы мен тиімді атқарылымы мәселелері нарықтық экономикаға сәйкес жоғары дәрежеде көкейкесті болып қала берді.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылуымен, яғни субьектіні, обьектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компонентерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы мойындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар саналады:
1. Бақылауды жүзеге асыратын мамандар- бақылау субьектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.
2. Бақылау обьектісі. Ол күрделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау обьектісінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.
3. Бақылаудың әдістемесі, яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және ноы қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни, бақылаудың тепе- теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.
Нарықтық экономикалы дамығаң елдердің қаржылық бақылау органдарының тәжірибесін талдаудың көрсетуі бойынша, ревизиялық- бақылау жұмыстарының тиімділігін қөрсету үшін мыналар ең маңызды бағыт болып саналады:
а) бақылауды жүзеге асыратын (мамандармен қамтамасыз ету) мамандардың жоғары дәрежелі болуы;
б) бақылау обьектісі туралы бастапқы толық және анық деректері (ақпараттық қамтамасыз ету);
в) пайдаланатын әдістер мен техниканың жетілдірілуімен қамтамасыз етілген бақылаудың турашыл, сапалы, жедел және кешенді түрлері (ғылыми- әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету.)г) бақылау атқарылымының орындалуына құқықтық кепілдеме беретін нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген бақылау қызметінің тиімділік факторларын ресурстық- әлеуметтік келуімен, яғни, бақылаушы органдардың әлеуметтігін пайдалану денгейімен анықтауға болады.
Бақылаушы органның әлеуметтігі өндіріс күшін, әдіснамалық және материялдық- техникалық қамтамасыз етіп, әртүрлі жақтарын белгілейтін бірнеше компоненттерден тұрады:

14
Шебер, төселген компонент (басшылар, мамандар мен қосымша қызметкерлер), санатты.
1. Ақпараттық- технологиялық компанент (деректер қөзі, техника, жинау құралы және ақпаратты өндеу).
2. Ғылыми- құқықтық компонент (теория, әдіснама және бақылау технологиясы).
3. Ұйымдастырушылық құқықтық компонент (құрылым, атқарылым, нормативтік акті және бақылау органдарының қызметін қамтамасыз етуші стандарттар).
Бақылаушы органдарының жұмысының тиімділігін үнемі зерттеп, кемшіліктерді анықтап, олардың құрылымы мен компоненттерін жетілдіріп, белгіленген талап деңгейінен және бақылау обьектісінің атқарылымының белгілі бір мөлшерінен ауытқуды ескертіп, рогандардың әлеуметтігін көтерудегі қиындықтарды жеңу қажет.
Мысалы, 2000 жылдың 2-3 қарашасында Мәскеуде өткен ТМД елдерінің қаржылық бақылау органдарының жоғарғы басшыларының жиналысында жоғары қаржылық бақылау органдарының (СР ВОФК)басшылары Кеңесі құралдары.
Ынтымақтас елдердің жоғары қаржылық бақылау органдарының қызметінің сапасын біріккен күшпен көтеру қажеттігі піскендіктен осы Кеңес құрылды. Бұл органға ТМД елдеріндегі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерін күшейту шараларының атқарылымын жүктеген. Одан басқа ТМД елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының басшылары Кеңесі мен ынтымақтас елдердің бақылаушы органдары идея және тәжірибе алмасуды бақылау ісін дамытудың біріккен шаралары арқылы қамтамасыз ету қажет, содай- ақ мамандарды кәсіптік шеберлікке оқыту, қаржылық- экономикалық құжаттарға үнемі ревизия жұргізу және және ТМД атқарушы органдарының жұмыстарнын талдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қаржылық бақылау жүйесі елдің бюджеттік, қаржылық, кредиттік, және әлеуметтік- экономикалық аясын қамтуы керек. Ұйымдық құрылымдардың жұмыстарын жүйесіздікке және құқықтық белгісіздікке әкелетін, бақылаушы органдардың қызметін шектейтін нормативтік-құқықтық аткілерді қайта қарау орынды. Бақылау шараларын өткізудің, қаржылық заң бұзушылықты жіктеудің, айып салу мен басқа да санкцияларды қолданутәртібінің маериалдық және қылмыстық жауапкершіліктің, оған қоса әкімшілік шараның әдістемесін жетілдіру қажет.
Экономиканы басқару аясындағы реформаларды тереңдету шамасында Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға толық жауап беретін қаржылық бақылаудың жетілдірілген тұжырымдамасын құру мәселесінің көкейкестілігі өсе түседі.

Категория: Жалпы тарих | Добавил: AgesSa
Просмотров: 967 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2
Тут вы можете

скачать Қаржылық бақылаудың субъектісі, объектісі және компоненті.

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно