1.2 Қаржылық бақылаудың пәні, функциялары, мақсаты және мәселелері Әміршілдік-экімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті органдарға уақытында бағытаушы шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор маңызға ие. Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау бақылау функциясы қашаннан тән. Қаржылық бақылаудың пәнін анықтауда мақсаты, функциясы жжәне оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет. Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі нормативтік –құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарды басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды. Қаржылық бақылау- заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі. Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды, мемлекеттік пен муниципадық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады. Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол – қолдануының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы. 5 Қаржылық бақылаудың ең негізгі мақсаттарының бірі – кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады. Бақылаудың қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді. Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни: а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру; б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру; в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының реттемелеу. Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады. Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржы-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-эрекеті қаржы қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады. Қаржылық ресурстарды басқару өндірістің барлық аясындағы және экономикалық субъектінің қаржылық саясатын көрсетілген тәжірибеге сәйкесті дөрежесін анықтау үшін ғылыми негізделген әдістер жолымен жүргізіледі. Қаржылық бақылау институты мелекеттің бақылау органдарының жалпы құрылымының құрамдық элементі ретінде және қаржылық тетіктің ең маңызды элементі ретінде көрінеді. 6 Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталадық. Оның ішіндегі ең маңызды мыналар: 1) мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру; 2) заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ет; 3) экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау; 4) бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау; 5) кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру; 6) қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің, қызметтің пайдалылығының арттыруды анықтау; 7) ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтануды тексеру; 8) қаржылық тәптіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын алу шаралары және оны жоюды анықтау.
|