2.1 Қаржылық бақылау жүйесінің нарық шарттарына сәйкес реформалау проблемалары. Халық шаруашылығын кешенді басқару жүйесінің қайта құрылыуы мен нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған терең өзгерістер бақылау органдары құрылымының қайта ұйымдастырылуының алғышарты болды. Жаңадан мемлекеттік, қоғамдық және тәуелсіз бақылау-талдау қызметтері, шоттық палаталар, парламент комиссиялары, экономикалық құрылымдардың қызметін қадағалау жөнінде үкіметтік және ведомстволық комитеттер, қоғамдық, муниципалды, тәуелсіз аудиторлық пен консалтингтік ұйымдар. Көптеген қоғамдық-көпшілік пен саяси бақылау органдары таратылды, солардың ішінде партиялық бақылау, халықтық бақылау, бақылу жөніндегі партиялық бақылау, халықтық бақылау, бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар, т.б. Республикалық және ведомстволық бақылау – ревизиялық қызмет орындары мен жете жете білмейтін мамандар саны қысқарды. Әкімшілік- басқарушылық жүйеде басқарудың төменгі буының жоғарғысына бағынуы жобалық тапсырмалардың жүзеге асырылуын қадағалау жөнінде, шаруашылық операцияларының заңға сәйкестігін сақталуын, мемлекетпен берілген жалпыхалықтық ресурстарды тиімді пайдалануын бақылауы ревизиялық қызметке сәйкес жүргізілуін ғана талап еткен. Сонда ғана нарық экономикасына өту кезеңіне сай шаруашылық жүргізуші субъектілер мен серіктестер, инвесторлар, кредиторлар, акционерлерді тікелей байланыстыратын сенімді ақпаратқа деген қажеттілік туындайды. Ол үшін белгіленген параметрлердің сәйкестігін бақылап қана қоймай, қызметті жақсартуға бағытталған ғылыми дәлелденген ұсыныстарды өндеп, жоғары кәсіби деңгейде консультациялық және басқа да қызмет көрсету қажет. Ауддиттің құрылуы (типтері, мақсаттары әдістері)- әлі де қазіргі уақытқа дейін аяқталмаған ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін, аудитордың кәсіби міндеттерін түсіну үшін, кәсіби аудит дегеніміз не? Және оның жүргізу қажеттігін анықтап алу қажет. Нарық экономикасына өту кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін басқаруда маңызды құралдардың бірі-бақылау болып қалады. Ерекше бөліп атап айтсақ, жаңа шаруашылық бақылау жүйесінің қалыптасуына олған себеп ТМД елдерінде нарық қатынастарының дамуы ішкі және сыртқы кәсіби аудитті қалыптастыруда алғышарт құрады. Кеңес дәуірінен кейінгі аумақтарда тәуелсіз бақылаудың дамуына, қаржы шаруашылық бақылаудың қайта ұйымдастырылуына негіз болған принциптер мыналар: 1. Меншік нысаны мен қаржыландыру көздері бойынша бақылау объектілерін нақты шектеу. 16 2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық (тәуелсіз), ведомстволық (министрлік), ішкі (шаруашылық ішіндегі) және корпорациялыққа (фирмалық) бөлу. 3. Бақылауға алынған сұрақтарды шектеу, солардың ішінен бюджет кірістері мен шығыстары қалыптасуының дұрыстығы, есептің дәлдігі, шаруашылық жүргізуінің тиімділігін жоғарылату нәтижесін анықтау және бағалау. 4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ведомстволық және шаруашылық ішіндегі құрылымдардың, сонымен қатар тәуелсіз аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың қызмет ету саласын анықтау. Аудит тарихына сүйене отырып, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар арасында қарама-қайшылықтардан туындағанын көруге болады. Американдық бухгалтерлік ассоцияциясының зерттеулері бойынша, аудитке деген қажеттілікті туғызатын себептер: а) ақпарат жасаушы (әкімшілік) пен оны пайдаланушы (акция иелері, кредиторлар, т.б. тұлғалар) арасында келіспеушіліктің болуы қате ақпараттың туындауына әкелуі мүмкін; ә) қате ақпарат негізінде қабылданған шаруашылық шешімдер едәуір кері экономикалық нәтижелерге алып келуі мүмкін; б) алынған ақпараттың дұрыстығын бағалау мақсатында тексерілу жүргізіледі, ол үшін пайдаланушылар меңгермеген арнайы білім қажет; в) көп жағдайда ақпарат пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалауға уақыты мн қаржысы жетпейді. Қажетті ақпаратты алу, оны бағалауда туындайтын қиыншылықтарды шеттеуде аудиторлық қызмет тікелей қатысады. Оның басты мақсаты- тексеруге алынған ақпараттың дұрыстығы мен анықтығын пайдаланушыға жеткізу. Американың бухгалтерлік ассоциациасының Комитеті есеп жүргізудің негңзгң концепциялары бойынша мынадай анықтама бепрді. «Аудит –экономикалық эрекеттер мен оқиғалар жөнінде белгілі критерийлерге сәйкес деңгейді орнатып мүдделі пайдаланушыларға ұсынушы, бағалау мен объективті мәлімет алудың жүйелі процесі». Классикалық түсінікте аудит- бақыланатын кәсіпорында қызмет етпейтін тәуелсіз жоғары білімді аудит мамандарымен жүогізілетін сыртқы тәуелсіз қаржылық бақылау. Кәсіби аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты орын алуда: 1) кәсіпкерліктің дамуы мен капиталдың өсуіне әсері; 2) ұйымдардың өзін -өзі реттеуге ынтасы; 3) экономикалық тұрақтылық және меншік иелері мен кредиторлардың қаржы салуларына кепілдік қамтамасыз ететін жағдай тудыру қажеттілігі; 17 4) көптеген және күрделі компаниялардың операциялары туралы мәліметі, оны пайдаланушылар өздігінен алып отыруға мүмкіндігі болмайды, осы кезде олар аудиторлардың қызметін қажет етеді; 5) қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың көп жағдайда есептік жазуларды тексеруге қажетті тәжірибесінің жоқтығы; 6) аудиторлар көмегімен алынған ақпараттың дұрыстығы мен анықтығы оны пайдаланушыларға шешім қабылдауда өте қажет.
|