Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 01:02

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Жалпы тарих

Қаржылық бақылау экономикалық ғылым жүйесінде

Қаржылық бақылау экономикалық ғылым жүйесінде скачать

29.03.2010, 17:34
1.3 Қаржылық бақылау экономикалық ғылым жүйесінде
Бақылаудың негізгі міндеті адамдардың жұмыс тәжрибесінде даму мен қайта жетілдіру ұтымды пайдалану үшін оның пайда болу заңдылығын анықтау мақсатында қандай да бір объектіні ғылыми зерттеу (затты немесе құбылысты) болып табылады.
Ғылыми тұжырымдасы тұрғысынан қарағанда қаржылық бақылау теріс құбылыстарды анықтаумен жоюға, өндірістік күштерді дамытуға және қоғамға қажетті өнімді өндіруді кеңейтетін және қаржылық – экономикалық қатынастарды өз уақытында реттейтін экономикалық білім оның серпінді жүйесі болып табылады.
Экономикалық ғылымның саласы ретінде қаржылық бақылау- өндірістің кеңейтілген мәселелерін зерделей отырып, ұлттық экономикадағы барлық салалардағы қаржылық тетіктерді оңтайландыруға, барлық деңгейдегі елді, аймақты, мемлекеттік құрылымдарды, ұйымдарды және мекемелерді, қаржы, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді қалыптастыруды және пайдаланудың құралы ретінде қызмет етеді.
Қаржылық бақылау өзінінң дамуында қаржы, бағаның құралуы, ақша айналымы және кредиттеу, қаржылық менеджмент, банк ісі, экономикалық талдау, аудит, статистика, маркетинг; логистика, ұйымдастырушылық тәртіп, басқару құрамы және т.б. арқылы атқарымдық экономикалық ғылыммен тығыз бірігеді.
Экономикалық эдебиетте қаржылық бақылау ғылыми практикалық тәжірибенің және бухгалтерлік есеп, қаржылық менеджмент, қаржылық құқық пен шаруашылық қызметтің талдау синтезі ретінде түсіндіріледі.
Қаржылық бақылау іргелі ғылымның заңдары мен қағидаларын, оның ішінде философиясы мен экономикалық теорияның шығармашылықпен пайдалана отырып, адамдардың өмірдегі маңызды қажетін қанағаттандыру үшін өндіріс жүйесіндегі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үдерістерін оңтайландыруда, практикалық ұсыныстарды қамтамасыз етуде қоғамдық маңызды роль атқарады.
Ғылыми – техникалық үдеріс жағдайында іргелі, қолданбалы және салалық ғылымның ерекше тәртібі мен алдыңғы қатарлы әдістерін пайдаланып, бақылау объектісін кешенді зерделеу қажеттілігі пайда болады. Осындайда бақылау аясына тәуелді тексеруші бухгалтерлік есептің, қаржы-экономикалық талдаудың азаматтық құқықтың, менеджменттің, информатиканың, эконометриканың, логистиканың, маркетингтің және басқа да экономикалық, заң және техникалық ғылымдардың құралдары мен әдістерін қолданады.
Қалыптасудағы нарықтық тетіктер бизнестің жағдайы туралы деректерді өңдеп және жинауды алдыңғы қатарлы әдістерге ие болу қажеттілігіне себепші болады.

8
Экономикалық ғылымның қазіргі жіктеліміне орай және олардың ақпараттық мазмұны, есептік –талдау және шаруашылық субъектілерін басқарудың бақылаулы атқарымы үш қатардағы ғылым салаларының; бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және қаржылық бақылау түрінде бір блокты құрайды. Бұл тарихи әдіснамалық және ақпараттық аспектілерде (көзқарас) өзін-өзі ақтаған. Нарық қатынастарының әрі қарай дамуында жүйелі бақылау мен шаруашылық субъектілері мен компанияларға, корпорацияларға басқарушылық аудит пен жүйеоі бақылау тәрізді бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау мен экономикалық талдау үдерістері түрлерінің үнемі ролі артады.
Қазіргі уақытта шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқаруды ақпараттық және бақылау-талдаумен қамтамасыз етудегі еңбек саралаудың объективті үдерісі жалғасуда.
Кенес дәуіріндегі кеңістіктің өтпелі кезеңнің басында бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылық және басқару, қаржылық бақылауды соған сәйкес басқарушылық аудит, жалпы аудит, бақылау мен қаржылық есеп берудің аудиті, сыртқы және ішкі бақылау, операциондық, атқарымды, технологиялық аудит және т.б. деп бөлінуі жақсы қабылданды. Бүл дамыған елдердің өткізілім аясын басқарудағы, талдаудағы және бухгалтерлік есептің бақылаулы атқарымындағы, қаржылық бақылаудағы экономикалық талдаудағы ұдерісті тұжырымдары мен алдыңғы қатарлы тәжірибесін молынан тиімді пайдалану қажеттілігінен туындаған.
Кез келген бизнесті ойдағыдай ұйымдастыру- қалыптасқан жағдайды бақылаумен жүйелі талдаусыз мүмкін емес, щұрыс қабылданған шешімдерге байланысты. Бизнесті ұйымдастыруды жақсатуға қажетті резервтерді анықтау үшін басқарушының шешіміне байланысты болған қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы нақты ақпаратқа ие болу қажет. Құбылыстың өзара байланысы мен жағдайын зерделеуге экономикалық талдау мен қаржылық бақылаудың арнаулы әдістерін кешенді қолдану негізінде ғана қол жеткізуге болады. Деректерді өз уақытында бақылау мен талдау өткізу сараланған бағаны білуге мүмкіндік беріп, оған әр түрлі қатысушылардың инвесторлардың, қарыз берушілердің, жеткізушілердің, тұтынушылардың, әкімшілікпен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін есепке алып, бизнестің тиімділігін арттырудағы жолын айтады.
Қаржылық бақылаудың қажетті әдістерін таңдап, алу бизнесті атқарушы шешімдеріндегі оңтайлы, негізделіп қабылданған шешімдердің қамтамасыз етудегі қойылған мақсаттарға тез жетуге мүмкіндік береді.
Экономикалық ақпараттарды зерттеудің іс жүзіндегі көпетеген әдістерін кещенді аудит жүргізудің негізінде тексерілген объектінің жағдай туралы дұрыс және нақты бағасын алуға болады.

Категория: Жалпы тарих | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2135 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.2/8
Тут вы можете

скачать Қаржылық бақылау экономикалық ғылым жүйесінде

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно