Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 00:50

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Құқық

ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша

ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша скачать

29.03.2010, 00:02
ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша

Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан.
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр.

Осылайша, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана арнаулы білім беру ұйымдарында білім алады.
Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді басымдықпен қабылдау көзделген.
Сонымен бірге мүгедектердің осы санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргенненкейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер жасалды.

Категория: Құқық | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1123 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 1
0  
1 Bagnur01   (18.02.2011 22:22)
Администраторы, как скачать?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно