Фосфор және оның қосылыстары Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы. Фосфор V а топ элементі. Оның электрондық формуласы: P 1s 2s 2p 3s 2p Графиктік формуласы: Фосфор азоттық ұқсас, өйткені азоттағы сияқты валенттік электрондық (3s 3p) бар. Бірақ азот атомымен салыстырғанда фосфор атомының өлшемі үлкен және иондық энергиясы аз. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық қасиеттерінің әлсіз екенің білдіреді. Сондықтан фосфорда 3 тотығу дәрежесі сирек, +5 тотығу дәрежесі жиі кездеседі. Табиғатта таралуы. Бұл едәуір көп таралған элемент, жер қыртысындағы оның мөлшері 0,12%-ті құрайды. Фосфор белсенді, табиғатта бос күйінде кездеспейді құрамында болады, маңыздысы-құрамына кальций фосфаты кіретін апатит минералы. Апатиттің бірнеше түрі белгілі. Ең көп таралғаны фторапатит 3Ca (PO ) .Ca F Апатиттің бір түр өзгерісі шөгінді тау жыныстарын- фосфориттерді түзеді. Қазақстанда фосфорға өте бай кен орындары бар. ХХ ғасырдың 30-жылдары Ақтөбе облысында фосфорит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы-олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін ондаған ірі кен орындары бар. 30-жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейні ашылды. Бассейінде 26 кен орны бар. Бассейннің басты бес кен орындарында ( Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көкжон, Көксу) бүкіл қордың 90% P O бар.Қаратау фасфарит қабатының қалыңдығы 10-12 м, ал кейбір орындарда 30 м – ге жетеді. Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар.
|