Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 00:45

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Құқық

Любаша мен Бомелийдің сахнасы

Любаша мен Бомелийдің сахнасы скачать

29.03.2010, 00:09
Любаша мен Бомелийдің сахнасы. Терезеден өзінің қарсыласын қарап тұрған Любашаның монологы сахнаның бірінші бөлімін құрайды. Любашаның речитативі мен оркестр сүйемелдеуі шебер музыкалық-психологиялық жаңалықтар мол. Соның ішінен Любашаның қырағылығы мен жабыраңқы батылдығын көрсететін суық, қаһарлы дыбысталатын үрмелі аспаптарда және сурдиналы валторнада төмен жүретін аккордтар тізбегін атап өту керек. Алғашында Дуняшаны Марфа деп қалып, «Да, недурна», - деп сөз тастайды.
Марфаны көргеннен кейін Любашаны ұстамсыз қаһарға ауысатын қорқыныш сезімі пайда болады: «Вот, вот она, Любашина злодейка». Қысқа және жігерлі фразалар, тез темптегі он алтылықтардың күйгелек пульсациясы, тынышсызданған скрипкалардың фигурациясы І көріністің финалындағы Любашаның соңғы фразаларына әуендік жақын болып келетін драматикалық кульминацияға әкеледі: «Зато и я ее не пощажу».
Бомелий мен Любашаның дуэттік сахнасы – музыкалық-драмалық дамудың жаңа маңызды кезеңі. Ол Любаша мен патша тәуіп бейнелерін қарама-қарсы қоюнына негізделген.
«Улы ішімдік» хроматикалық темасы мен күрделі бүтінтондық гармонияларға негізделген Бомелийдің оркестрлік лейтмотиві маңызды рөл атқарады. Сахна, Даргомыжскийдің «Русалкасындағы» диалогтық сахналарды еске түсіретін, еркін формада жазылған. Речитативтер кішігірім ариозолық және дуэттік эпизодтармен кезектеседі.
Любашаның ариясы – барлық сахнаның лирикалық орталағы. Арияда Любаша ойлары мен сезімдерінің ауысуы толығымен көрсетілген, оның терең қайғысын етіп көрсетеді. Ария өзінің сабырлылығымен, музыканың психологиялық құнарлылығымен көзге түседі. Әуен ариозолық мінезде жазылған және тексттің мәнерінен туындайтын сияқты. Дауыстың кең жүрісіндегі қайғылы лептер («Господь тебя осудит», «Да любит ли она его») Любашаның көптеген речитативтік фразаларына тән, негізінде кішірейтілген интервалдар бар «тар», қызу айналымдармен кезектеседі. Қатал мұң, жасырын тоғыну күйі кейде сүйемелдеуде пайда болатын қайғылы гармониялық тізбектер, аккордтардың қалыпты қозғалысымен баса көрсетіледі («Она меня красивее»).
Сахнаның соңғы эпизоды – Марфаға арналған қоштасу репликалары («Ты на меня, красавица, не сетуй») – осы көріністің соңғы драмалық шыңы.
Соңғы сахнаға айқын контраст ретінде тойдан қайтып келе жатқан опричниктардың қыдыру әні естіледі.
Үшінші көрініс – негзінен тұрмыстық болып келеді. Бірінші сахнада –жайбарақат, қалыпты ағатын Собакин, Лыков, Грязнойдың терцетінде – ауық-ауық Марфа тағдыры үшін алаңдауына дәлел ретінде, Грязнойдың лейтмотивінен интонациялар пайда болады. Өз абыржуын жасырып, Грязной Лыковты жұбатады, олардың кішігірім речитативі мен Грязнойдың «Пускай во всем господня воля будет» ариеттосы көріністің екінші бөлімін құрайды.
Лыковтың ариясы оның жеңілдік сезіміне кенелуін көрсетеді. Бір сарынды, еркін ағатын әуен интонациялық Марфаның партиясына жақын. Шапшаң темп, оркестр сүйемелдеуіндегі өзгергіш серпімді, «мазурлық» ырғақ суреті музыкаға қуанышты қозушылықты және бақытқа құмарланған жігіттің бейнесін суреттейді.
Төртінші көрініс. Бұл көріністе даму өзінің шыңына жетеді. Әрекет темпі жылдамдатылады, драмалық эпизодтар бірінің артынан бірі жалғасып, трагедияның шешілетін жеріне әкеледі.
Кіріспе мен Собакин ариясы. Оркестр кіріспесі мен көріністің басындағы Собакин (бас) ариясы жабыраңқы күйге кіргізеді. Жағдайдың трагедиялық мәні, апаттың болатындығына көз жеткізу кіріспе музыкасында үлкен көркемдік күшпен көрсетілген.
Кіріспе тематика жағынан Собакин ариясымен байланысты. Көлемі жағынан кішігірім ария ұстамды драматизмге толы және Марфа әкесінің қайғылы бейнесін суреттейді. Арияның әуендігі бір қалапты, Собакин мінезіне сай келетін, «байыпты» айналымдарымен ерекшеленеді.
Бұл көріністің үлкен екінші сахнасы Римский – Корсаковтың драмалық опера стиліндегі биік жетістерінің бірі. Шиеленіс бұлжытпай өсіп, операдағы ең күшті кульминациялық жер, Марфаның ариясында өз шыңына жетеді.
Марфаның ариясы көріністің басты кульминациясы болып табылады, бірақ, ерекше, лирикалық, «жай» кульминация. Бұл ерекшелік Марфа бейнесінің мәнінен шығады, оның табиғатының психикалық, эмоционалдық құрылымынан айқындалады. Бұл ария – Марфа драмасының аяқталатын кезеңі. Сондықтан екінші көріністен өзгеше, күрделі бейнесін шебер суреттеу үшін оның музыкалық мінездемесінің барлық негізгі тематикалық элементтері қолданылған. Төртінші көріністегі ария екінші көрінстегі арияның музыкалық репризасы болып көрінеді. Өйткені бұл арияда ІІ көріністегі арияның тематикалық материалы қолданылады және сол ре-бемоль мажорда жазылған.
Финал. Марфа ариясынан кейін әрекет соңына қарай жылдамдатылған. Соңғы, өтпелі музыкалық формадағы сахнада төртінші көрініске тиесілі музыкалық дамудың драмалық әрекетті, құйынды мінез қайта орнатылады. Бұл көріністе алдымен Любашаның драмалық желісі аяқталады.
«Царская невеста» - Римский – Корсаков опералық шығармашылығындағы драмалық опера стиліндегі көрнекті үлгісі болып табылады.
«Царская невеста» операсы ХІХ ғасырдың соңында лирикалық-психологиялық опера мектебінің дамуын аяқтады.
Категория: Құқық | Добавил: AgesSa
Просмотров: 485 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Любаша мен Бомелийдің сахнасы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно