Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 00:45

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Құқық

Киіз үйді тігу

Киіз үйді тігу скачать

29.03.2010, 00:06
Киіз үйді тігу
Қазақтарда киіз үйді тігу- әйелдердің ісі. Киіз үйді тігу тіптен оңай. Алдымен керегелерді бір-бірімен байланыстырады. Содан соң шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншиды. Олардың үстінен киіздерді жабады. Туырлық пен үзік үстінен екі арқанмен үйді шеңберлей буады. Керегелердің дөңгеленіп кеп қосылған жеріне есік босағаларын бекітеді. Үй тігудің бар жұмысы осы.
Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады.
Бұл түсті қазақтар басқа түстерден артық бағалайды.
Кереге, уық, шаңырақ ағаштары сары қызыл қошқыл түсті жуса деп аталатын минерал бояумен сырланады. Шаңырақты ұзын сырықпен тіреп, көтеріп қояды. Сырық- бақан деп аталады.
Үйдегі ең қастерлі орын –төр. Қазақтардың негізгі тұрағынан басқа тағы бір үйі болады. Оны қос дейді. Қос жылқышыларға немесе көшкенде пайдаланылады, ол бір аттың үстіне сыйып кетеді.
(Ш. Уәлиханов.)
2. Сөз тіркестерін мәтіннен тауып оқып, аударыңдар.
Киіз үйді тігу босағаларын бекітеді
әйелдердің ісі ақ боз түсті
уықтарды шаншиды ұзын сырық
дөңгеленіп кеп негізгі тұрақ
ең сәулетті киіздерді жабады
минерал бояумен қосылған жеріне
қастерлі орын артық бағалайды
тіптен оңай сары қызыл қошқыл
шаңырақты көтереді тіреп қояды
шеңберлей буады деп аталады

3. Сөйлем басында келетін «жоқ» және «иә» сөздерінен кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңдер.
- Қазақтарда киіз үйді ерлер тіге ме?
- Жоқ ерлер емес, киіз үйді әйелдер тігеді.
- Сонда алдымен керегені байланыстыра ма?
- Иә алдымен керегені байланыстырады.
- Сонан соң уықтарды шанши ма?
- Жоқ шаңырақты көтереді, сонан соң уықтарды шаншиды.
- Киіздерді олардың үстінен жаба ма?
- Иә киіздерді олардың үстінен жабады.
- Екі арқанмен шаңырақты бекіте ме?
- Жоқ туырлық пен үзік үстінен екі арқанмен буады.
- Туырлық пен үзікті тең сияқты буа ма?
- Жоқ олардың үстінен шеңберлей буады.
- Есік босағаларын керегеге бекіте ме?
- Иә есік босағаларын керегелердің дөңгеленіп келіп қосылған жеріне бекітеді.
- Сәулетті үлкен үйді қара киізбен жаба ма?
- Жоқ сәулетті үлкен үйді ақ боз түсті киізбен жабады.
- Киіз үйдің ағаштарын көк бояумен сырлай ма?
- Жоқ киіз үйдің ағаштарын сары қызыл қошқыл түспен бояйды.
- Шаңырақты ұзын сырықпен тіреп қоя ма?
- Иә шаңырақты ұзын сырық- бақанмен тіреп қояды.
- Киіз үйдегі қастерлі орын іргеде бола ма?
- Жоқ киіз үйдегі қастерлі орын төрде болады.

Ірге – нижняя часть решетки юрты; тең- тюк.
4. Синоним сөздер қатарын аударыңдар.
Жұмысы, ісі;
Оңай, жеңіл;
Сондай, тіптен;
Шеңберлей, айқара;
Буады, байлайды;
Ақ боз, ақшыл;

Категория: Құқық | Добавил: AgesSa
Просмотров: 715 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Киіз үйді тігу

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно