| Экологиялық зардап аймағы 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да территорияларындағы экологиялық жағдай Үкіметпен жария етіледі. Экологиялық зардап аймағы Қазақстан Республикасы заңымен бекітіледі. Экологиялық зардап шекарасын анықтау қоршаған ортаны қорғау мен денсаулық сақтау, ғылым аясындағы арнайы өкілеттік органдардың жағымды қорытындысы болса Үкіметпен жүзеге асырылады. Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы ядролық қаруларды сынақтан өткізудің соңы дені сау адамдардың орны толмас ауруға шалдығып, қоршаған ортаның бүлінуіне әкеп соқтырды, халықтың арасында өлім мен ауру көбейді. Семей полигоны территориясына жататын Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары экологиялық апат аймағына жатқызылды. Ядролық сынақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұңлы нәтижесін айтпасқа болмайды. Осы салдарды жоюда, халықты емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру мен территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік қорғауда арнайы мемлекеттік бағдарлама жасалды.
|