Физикалық қасиеттері. Азотпен салыстырғанда фосфор элементінің бейметалдық қасиеттерінің кему, оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттері олардың құрылысымен түсіндіріледі. Ақфосфор құрылысы толық зертелген (8.9- сурет). Оның малекулалық кристалдық торы бар. Ақ фосфордың малекуласы төрт атомды және дұрыс үш қырлы перамида тәріздес. Фосфордың әрбір атомы перамиданың төбесінде орналасқан. Малекулалық торлы басқа заттарға ұқсас, ақ фосфор жеңіл балқиды және ұшқыш.
Фосфор азоттық ұқсас, өйткені азоттағы сияқты валенттік электрондық (3s 3p) бар. Бірақ азот атомымен салыстырғанда фосфор атомының өлшемі үлкен және иондық энергиясы аз. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық қасиеттерінің әлсіз екенің білдіреді. Сондықтан фосфорда 3 тотығу дәрежесі сирек, +5 тотығу дәрежесі жиі кездеседі.
Любаша мен Бомелийдің сахнасы. Терезеден өзінің қарсыласын қарап тұрған Любашаның монологы сахнаның бірінші бөлімін құрайды. Любашаның речитативі мен оркестр сүйемелдеуі шебер музыкалық-психологиялық жаңалықтар мол. Соның ішінен Любашаның қырағылығы мен жабыраңқы батылдығын көрсететін суық, қаһарлы дыбысталатын үрмелі аспаптарда және сурдиналы валторнада төмен жүретін аккордтар тізбегін атап өту керек. Алғашында Дуняшаны Марфа деп қалып, «Да, недурна», - деп сөз тастайды.
«Царская невеста» операсы бір демде тоғыз айдың ішінде-ақ жазылды. Негізіне Л. А. Мейдің драмасы жатыр. Бұл оқиға Иван Грозныйдың тұсында болады. Драманың ішінде екі «махаббат үшбұрышы»: Марфа – Любаша – Грязной және Марфа – Лыков – Грозный. Олардың тағдырлары шеменді оқиғалар тоғысымен шешіліп қойған (патша өзіне қалыңдық ретінде Марфаны таңдайды). Бір тұлғаның трагедиясы мемлекеттік қызығушылықпен қақтығысуы Римский – Корсаковтың назарын бұдан бұрын да өзіне аударатын («Псковитянка»). Бірақ «Царская невеста»
Халықтың композициялық және орындаушылық терминологиясына сүйеніп және Жұбанов, аманов жұмыстарындағы қорытындылар мен тұрғыларға негізделіп күй формасының дәстүрлі бөлімдерінің регистрлік-биіктік жағдайлары мен олардың аппликатуралы-интонациялық негізі сұрақтарын нақтылауға тырысамыз. Бөлініс бірліктеріне: бас буын, орта буын, бірінші саға, екінші саға жатады. А. Райымбергенов айтуынша бас буын домбра мойынының 7 пернесіне дейінгі алғашқы бөлігін қамтиды. Оның ішінде бесінші пернеге дейінгі орында бас буынның нақ өзі, ал одан биігірек негізгі тақырып орналасады. Орта буын деп ол 8-10 пернелерді атайды. Бірнші саға ля нотасымен шектелсе, екінші саға ре және ода да биік ноталрға дейін жете алады.
Қазақтарда киіз үйді тігу- әйелдердің ісі. Киіз үйді тігу тіптен оңай. Алдымен керегелерді бір-бірімен байланыстырады. Содан соң шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншиды. Олардың үстінен киіздерді жабады. Туырлық пен үзік үстінен екі арқанмен үйді шеңберлей буады. Керегелердің дөңгеленіп кеп қосылған жеріне есік босағаларын бекітеді. Үй тігудің бар жұмысы осы.
Шопеннің шығармашылығында поленездерде, мазуркаларда сияқты, ұлттық- патриоттық идеяның көрінісі бар. Полонез- нағыз поляк жанры. Бұл көне би XVII ғ. поляк ақсүйектерінің салтанатты шеруін сүйемелдеуші музыка ретінде пайда болды.
ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты.
Шуберттің музыкалық мұрасында ән негізгі орын алады. Әнде композитор кейпінің, оның шығармашылық және көркемдік қалыптасу жолдарының ерекше белгілері көрнекті, жүйелі және көңілге қонымды болып ашылады. Ән адамның ішкі жан- дүниесінің сипаттамасына кеңістік ашты; халықтық өнердің образдарына жақындау арқылы демократиялық мағынаға иеленеді; сөз бен музыканың тығыз байланысы арқылы музыкалық образдардардың поэтикалық тиянақтылығына жетеді. Бұның барлығы шуберттік баяндаудың ерекше мәнерлілігін тудырып, оның шығармаларының жаңашыл тереңдігін, маңыздылығын және образдық көп қырлылығын анықтайды.
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан. Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.
1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да территорияларындағы экологиялық жағдай Үкіметпен жария етіледі. Экологиялық зардап аймағы Қазақстан Республикасы заңымен бекітіледі. Экологиялық зардап шекарасын анықтау қоршаған ортаны қорғау мен денсаулық сақтау, ғылым аясындағы арнайы өкілеттік органдардың жағымды қорытындысы болса Үкіметпен жүзеге асырылады.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Отбасы,
жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді. Мәселен, "Отбасы – семья, үй деген сөздің
синонимі” ( 1, 615 ), яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан
қандастар.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала
асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын
және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік
және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.
Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында
мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз
құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен
белгіленеді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық ,
әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері
бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік
қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі
өсіп молайды.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі
ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың
негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың
негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын
алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады
Қылқобыздың шығу тарихын
сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы
тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық
арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс
көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың –
депті-мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер
шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады.
Ежелгі Түркістанның батысы
мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған
Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге
жеткен Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» адамзат өркениетініңөлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы.
Осындай кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық
өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың
құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси жағдайлардың
заңдылықтары болғаны күмәнсіз.
Құқықтық
нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды
ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар,
құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын
көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.