Жеке тұлға - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Понедельник, 05.12.2016, 11:27

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

Жеке тұлға

Жеке тұлға скачать

30.03.2010, 22:38
загрузка...
Жеке тұлға

Семинар
Тақырыбы: Жеке тұлға
Жоспары:
1. Жеке тұлғаның мәні
2. Жеке тұллғаның белсенділігі
3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
4. Жеке тұлғаның теориялары
5. Жеке тұлғаның типологиялары
6. Жеке тұлғаның қалыптасуы
Мақсаты: Студенттерге жеке тұлғаның қоғамдық мәнін, белсенділігі мен теорияларын және де жеке тұлғаның типологиясы мен қалыптасуын түсіндіру.
Қысқаша теориялық мәлімет
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнініең болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгелері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті , даралығы.
Жеке тұлға - қоғамдық сананы алып бжүретін адам, қоғамдық тірі жан.
Жеке адам деп - лнақты адамды, қоғамның белсенді, саналы, мүшесін, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастар бар, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері, өзге адамдардан жан иесін айтамыз.
Жеке адам көп саналы құрылымға ие.
2. Жеке тұлғаның белсенділігі.
Белсенділік деп адамның іс - әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс - әрекеттері барысында адамның қарым – қатынас жасау, таным және өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз – сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүиесі.
4. Жеке тұлға типологиясы
Физикалық типологияға немімс ғалымы Э.Керчмер, ағылшын ғалымы Шельдон бұл екеуі де адамдардың физикалық даму ерекшеліктерін зерттей келе оларды 3 типке бөлген:
1. Астениктер
2. Пикниктер
3. Атлетиктер
Астеник - бойы ұзыцн, жіңішке арық денелі адамдар.
Тұйық, адамдармен араласлуы үнемі де, қиынға соғады. Кейде бұларға эгоизм тән.
Реалды өмір көріністерін, дәл және де дұрыс бағалай алмайды.
Пикникалық тип - бұл адамдар керісінше толық, денесі ауыр адамдар. Бұлардың эмоциясы басым көпшіл, және де ақжарқын, ақкөңіл болып келеді.
Атлетикалық тип - шымыр денелі, жауырынды, ауыр мінезді болып келеді.
Бірақ ашулалнса қатты ашуланады.
5. Жеке тұлға теориялары.
Теориялар көп. Бірақ оларды әдетте 3 топқа бөледі.
1. Психодинамикалық тлеориялар – жеке адам дамуымен қалыптасуы, ішкі субъективті психологиялық факторларға байланысты В = F (р)
2. Социодинамикалық теориялар – жеке адамның дамуы мен қал ыптасуы сыртқы әлеуметтік ортаға тәуелді В = F(Е)
3. Интеракциялық теориялар - адамның жеке адам болып қалыптасуы өздері жоғарыда айтылған 2 факторға да тәуелді В = F (Р,Е) болады.
6. Жеке тұлғаның қалыптасуы.
Жеке тұлған,ың дамуы және қалыптасуы жайюында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келеді.
Даму – индивидтің тұқым қуалау арқылы берілген және өмір барысында қалыптасқан қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерге ұшырау процесі.
Бақылау сұрақтары
1. «жеке тұлға» анықтамасы қандай?
2. Жеке тұлғаның қоғамдық мәнін қалай түсінесіз?
3. Жеке тұлғаның белсенділігі дегеніміз не?
4. Жеке адам дамуына ықпал етуші факторлар?
5. Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?
6. Орта дегеніміз не?
7. Жеке адамды дамыту мен қалыптастырудағы тәрбиенің ролі
8. Жеке адамның даму прооцесін педагогика қалай түсіндіреді?
9. Белсенділіктің түрлері, оның тұлға дамуындағы ролі
10. Жеке тұлға қалыптасуындағы қажеттіліктің ролі қандай?

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі
1. Жарықбаев Қ. «Психология негіздері» Алматы 2005 ж.
2. Сәбет Бап – Бапа «Психология» Алматы 2004 ж,
3. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология» Алматы 1980 ж.
4. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика 2000 ж.
5. Ә.Ә. Усманов «Педагогика» Алматы 2005 ж.

Лекция
Тақырыбы. Эмоция және сезімдер
Жоспар:
1. Эмоция және сезім туралы түсініктемелер
2. Сезімнің түрлері
3. Эмоциялық күйлер
4. Эмоциялар және сезімдердің дамуы және қалыптасуы.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге эмоция және сезім тақырыбында
бағыт -бағдар беру.
Қысқаша теориялық мәлімет
Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым – қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттарды ң ерекшеліктеріне тәуелді.
Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс болмайды. Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына әсер етіп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түріе, сезім деп атайды.
Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.
Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.
Біздің сезімдеріміз екі - реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдар көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адамның осылайша шамадан тыс зарлауын психологияда стресс (стресс – ағ. сөзі шамадан тыс зарлану деген мағынаны береді) деген терминмен белгіленеді.
2. Сезімдер өздерінің мазмұны және мәні жағынан әртүрлі және сан қырлы болады.
Психологияда сезімді – моральдық (адамгершілік), интелектуальды (танымдық) эстетикалық сезімдер болып бөлінеді.
Моральдық сезімдер. Моральдық сезімдер дегеніміз – жеке адамның адамдардың өзінің мінез құлқын деген эмоциялық қатынасы. Өршіл сезімдер арасынан моральдық сезім ерекше орын алады. Интелектуальды сезімдер. Ақыл ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді интелектуалды сезім деп атабйды.
Эстетикалық сезімдер – адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы барысында туады және сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне тамашалап, қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді.
Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай, оған өзі де орасан зор әсе етеді. Эмоциялыцқ күйлердің бәрі де өткінші сипатта болады.
Көңіл – күй бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй.
Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе өте күшті эмоциялық реакция. Аффекті күй эмоцияның бірте – бірте күшеюінен көрінеді. Аффект жағдайда сана таралады, ол көңіл күймен байланысты қабылдайтын заттар мен түсініктердің шағын шоғырына бағытталады.
Фрустрация. Тұрақты жағымсыз эмоціиялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрациясының, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады. Фрустрация кезінде адам өте күшті жүйкелік - психикалық күйзеліске түседі. Фрустрадцдияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шашілуіне байланысты болады.
Фрустрация әлсіреуі, тыным табуды немесе күшеюі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа кереғар жағдайда басталады.
Бақылау сұрақтары.
1. Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай?
2. Сезім мен эмоцияның бір – бірімен айырмашылықтары қандай?
3. Күрделі эмоциялардың қандай түрлері бар?
4. Адамның жоғары сезімдерінің сипаты қандадй?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жарықбаев Қ. «Психология негіздері» Алматы 2005 ж.
2. Сәбет Бап – Бапа «Психология» Алматы 2004 ж,
3. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология» Алматы 1980 ж.

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 5182 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.9/7
Тут вы можете

скачать Жеке тұлға

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2