Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 00:38

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар скачать

28.03.2010, 23:43
V. Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар
Шапалақ
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.
Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар:
Ұстаздар: Жаттығу жасап жаттығайық
Логикалық есеп
Балалар ауызша есепке жауап береді.
Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,
көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
Болған жағдайды бағалау
Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп, мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап, дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дүрыс-бұрыстығына өз ойын айту.
Көңілді сөз
Балалар шеңбермен отырады.
Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.
Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.).
Өз іс-әрекеттерін бақылау
Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.)
Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жүмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.
"Бірлік болса - тірлік болады" деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.
Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым: Отбасы мүшелері ер адам және әйел адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер.
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар
Менің көңіл-күйім
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.
Не істер еді?
Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.

Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1164 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.7/3
Тут вы можете

скачать Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно