Құқық жүйесіндегі инвестициялық құқық орны және оның негізгі қағидалары - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:46

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

Құқық жүйесіндегі инвестициялық құқық орны және оның негізгі қағидалары

Құқық жүйесіндегі инвестициялық құқық орны және оның негізгі қағидалары скачать

30.03.2010, 22:42
загрузка...
Құқық жүйесіндегі инвестициялық құқық орны және оның негізгі қағидалары

Лекция 2. Құқық жүйесіндегі инвестициялық құқық орны және оның
негізгі қағидалары
Қаралатын мәселелер:
2.1. Инвестициялық құқық қағидалары
2.2. Инвестициялық құқық жүйесі
2.1. Инвестициялық құқық қағидалары
Инвестиициялық құқық қағмдалары инвестиицялық заңдылықгар мәнінен тұрады, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу мазмұнының елеулі кезеңдері мен жалпы бағыттарын анықгайды, сондықтан ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан республикас тәуелсіздік алғаннан кейін барлық құлық жүйесін қайта құру жүрді, оның бірі құқық саласының жиынтық саласы ретіндегі инвестициялық құқықты оның барлық ерекшеліктері мен элементтерімен қалыптастыру болды. Демек, инвестициялық белсенділік мен инвестициялық саясаттың негізгі бастауының айқын заңды анықтамасынсыз мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласының қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Ықпал етуші инвестициялық заі-щар нормасында бар қағидалар айқын қүқықтық формаға ие емес және оларды негізгі жағдайларды талдау көмегімен ғана анықтауға болады. Бұл қағидалар өз мазмұны бойынша әралуан және инвестициялық құқық құқықтық институтының салалық қағидаларының дербес топтарын құрайды. Көбіне, инвестицияларды жүзеге асыру шеңберінде келесі қағидаларды айқындауға болады:
• Инвестициялық құқық субьектілерінің теңдігі қағидасы;
• Келіссөз еркіндігі қағидасы;
• Инвесторлардың іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілдері мен
формаларын еркін таңцау қағидасы;
• Инвесторлар құқығын толық және шартсыз қорғау қағидасы;
• Кірісті пайдалану кепілдемесі қағидасы;

• Инвесторларға қатынасында мемлекеттік органдар іс-әрекетінің
бірауыздылығын қамтамасыз ету қағидасы;
• ¥лттандыру мен реквизицияландыруда инвесторлар құқығы
кепілдігі қағидасы;
• Үлттық инвестициялық заңдар нормалары алдындағы халықаралық
келісімдер нормаларының приоритеті қағидасы.
Бұл қағидалардың барлығы ішкі салалық болып табылады, олар инвестициялық құқықтың әралуан құқықтық институттарына тән.
Айтылғандар инвестициялық іс-әрекет негізгі бастауы мен
бағыттарын заңды бекіту қажеттігін көрсетеді. Кері жағдайда,
инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу толық емес
фрагментарлы болады. Осылайша инвестициялық құқықта
инвестициялық қатынастардың барынша елеулі заңдылықтарын бейнелейтін негізгі қағидалар бар.
2.2.Инвестициялық құқық жүйесі
Инвестициялық құқық жүйесін құқықтың жиынтық саласы ретінде құқық институтының инвестиицялық қатынастарын реттеу мәнділігі мен қызмет түрлерінен тұратын жүйе ретінде қарастыру қажет. Инвестициялық құқықтың жалпы бөлігі жүйесіне келесі құқықтық институттар кіреді:
1) Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
2) Инвестициялық құқық қатынастары (субъект, объект және
мазмұн);
3) Инвестицияны қорғау (кепілдік);
4) Инвестициялық келіссөз (ұғым, шарт, бекіту тәртібі, келісуді
өзгерту мен бұзу);
5) Инвестициялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық, құқықтық
формалары.

Айрықша бөлімді институттар инвестициялық құқықты іс-әрекет үстінде сипаттайды, реттелуші қатынастар мәнімен рөліне байланысты логикалық жүйелілікте орналасады, атап айтқанда:
1) Инвестициялық белсенділік (ұғымдар мен түрлері);
2) Инвестициялық іс-әрекетті лицензиялау;
3) Инвестициялық белсенділік аясында салық өндіру;
4) Инвестицияны басқару;
5) Инвестициялық аспаптар;
6) Инвестиция аясында несие беру;
7) Инвестициялық жоба (жасау және жүзеге асыру);
8) Инвестициялық жобаларды мемлекеттік сараптау;
9) Инвестициялық тәуекелді сактандыру;

10) Инвестицияның жекелеген түрлері (тікелей, портфельді,
мемлекеттік, жеке инвестициялар);
11) Инвестициялық келісім түрлері;
12) Инвестициялық белсенділік аясындағы белсенділік міндеттемелер;
13) Сотқа дейінгі, соттық және инвестициялық дауларды шешудің
басқа да формалары;
14) Инвестициялық заңдарды бұзу жауапкершілігі.
Жалпы және айрықша бөліктер арасындағы өзара байланыс жалпы бөлімнің негізгі жағдайы мен қағидалары инвестициялық құқыққа тұтастай ықпал көрсететіндігінен, инвестициялық қатынастардың барлық түрлерін құқықтық реттеуді жетілдіруге мүмкіндік беретіндігінен, құқық саласы, ғылым мен оқу пәні ретіндегі инвестициялық құқықтың ұғымдық және категориялық аппараттарын дамытатындығынан көрінеді. Өз кезегінде айрықша бөлікті құрайтын институттар инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесімен тығыз және айқын байланысады және сондықтан да инвестициялық құқықтың жалпы бөлімін тұрақты толықтырып және қолдау көрсете отырып инвестициялық процеске тікелей әсер етеді.

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2551 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.3/6
Тут вы можете

скачать Құқық жүйесіндегі инвестициялық құқық орны және оның негізгі қағидалары

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2