XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс скачать
23.03.2010, 15:32
орналастырды. Бұл белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер жасауға болатын еді. XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін өз бетінше жеке құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал Испанияда – 30 баспа станоктары іске қосылып, қызмет еті. Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық цивилизацияның негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір түрі ретінде дамыды. Неміс философы К.Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді: 1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы; 2 кезең- қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен ұсынылып, танымның жаңа қағидалары ұсынылды. Рене Декарт - француз математигі және философ, Галилео Галилей – италияндық астроном, Уильям Гарвей – ағылшын дәрігері, Иоганн Кеплер – неміс астрономы, Исаак Ньютон – ағылшын математигі, механик, физик және астроном, Роберт Боиль – ағылшын химигі және физик, голландиялық Ханс Янсен ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын оқымыстысы Роберт Гук және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды. Бұл ұрдістің негізгі себебі, XVІІ ғасырда ғылымның халықтың әл-ауқатын көтеру және адамның табиғатқа деген үстемдігін орнатудың тәсілі ретінде қарастырылуында болды. Декарттың замандасы Ф.Бэкон ғылымды табиғатты бағындырудың құралы ретінде көрсетіп, ғылым дамуының қажеттілігін негіздеуге көп күш жұмсап, "Күш - білімде" деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф.Бэкон тәжірибені табиғатты зерттеп, танып табиғат - ананы қинаудың негізгі әдісі деп қарастырды. Ф.Бэкон тәжірибелік танымның міндеттерін анықтай отырып "зерттеу", "тексеру","сынау" секілді бірнеше мағыналарға ие “іnquіsіtіon” – сөзін қолданды. Осындай ғылыми инквизициялардың нәтижесінде табиғаттың құпиялары ашылды (орыстын “естествоиспытатель” сөзімен салыстырыңыз). Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес XVІІ ғасырда Лондонда Корольдік ғылыми қоғам (1662 ж.) және Парижде Корольдік ғылыми Академия (1666 ж.) құрылды.