| Салыстырмалы – бұл белгілі шаманың бір аттас шамаға қатынасының өзгеруі. Сынау және бақылау туралы ұғым Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері. Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады: - объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау; - сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру. Сынаулар шарттары – сынаулар кезінде әсер етуші факторлардың және (немесе) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі: - тағайындалуы бойынша олар зерттеуші, бақылаушы, салыстырушы және анықтаушы болып бөлінеді; - жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық; - сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрі бойынша: алдын ала және қабылдаушы; - дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, периодтық, типтік. Сынаудың мақсаты – номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау. Сынау нәтижесі – бұл объект қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау, объектінің оның берілген талаптарына сәйкестігін анықтау. Өлшеу мен сынаудың арасында үлкен ұқсастық бар, бірақ өлшеу сынаудың жеке жағдайы болып саналады. Бақылау – бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады. Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады: - өлшеу нәтижесі – сандық сипаттама, ал бақылау – сапалық; - өлшеу өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау – мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасында; - өлшеудің негізгі сипаттамасы – дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық болып табылады. Бақылау аспаптарын шаманың өлшенетін параметрлерінің күйін тексеру үшін ғана қолданады. Бақылау бір параметрлі және көп параметрлі болуы мүмкін. Объектіге әсер ету түріне байланысты бақылау активті және пассивті болуы мүмкін. Рауалы бақылау аса кең таралған, оның нәтижелері "жарамды, жарамсыз, ақау" пайымдаулары болып табылады. Рауалы бақылау кезінде шекті рауалы мәндер салыстырылады. Нәтижесі келесідей болуы мүмкін: Хн <Х< Хв Хн≤Х≤Хв Іс жүзінде ақиқат мәнді емес, оның бағасын салыстырамыз, бұл кезде ақиқат мән келесі түрде анықталады: Х=Х0+∆ Хн ≤ Х≤ Хв→ Хн ≤ Х0 ≤ Хв. Бұдан шығатыны, рауалы бақылау кезінде 4 нәтиже мүмкін болады. 1) Келесі оқиға: Хн ≤ Х≤ Хв и Хн ≤ Х0 ≤ Хв.., орын алғанда, бақыланатын параметр мәні рауалы шамада болғанда, "жарамды" шешімі қабылданған. Егер Х бақыланатын параметрінің және f (∆) қателігінің f(x) үлестіру заңдары ықтималдықтарының тығыздықтары белгілі болса, онда осы заңдардың және параметрдің берілген рауалы шекті мәндерінің өзара тәуелсіздігі кезінде оны өлшеу, "жарамды" оқиғасының ықтималдығы мына формула бойынша анықталады: 2) Бақыланатын параметрдің мәндері рауалы мәндердің шамасында болмағанда, яғни төмендегі оқиға орын алғанда, «жарамсыз» шешімі қабылданған: Х<Xн немесе Х>Xв және Х0<Xн немесе Х0>Хв Ескертілген ұйғарымдар кезінде «жарамды» немесе «ақау» оқиғасының ықтималдығы: . 3) Бақыланатын параметрдің ақиқат мәні рауалы мәндер шамасында болғанда, және түзетілген объект ақауланғанда, яғни Х0<Хн, Х0>Хв және Хн≤Х≤Хв оқиғасы орын алғанда, "ақау" шешімі қабылданған. Бұл жағдайда бірінші текті қатенің орын алатынын айту қабылданған. Оның ықтималдығы Р1: . 4) Бақыланатын параметрдің ақиқат мәні рауалы мәндер шамасында болмағанда, және түзетілген объект жарамды болып танылғанда және екінші текті қате пайда болғанда, яғни Х<Xн, X>Xв және Хн≤Х0≤Хв оқиғасы орын алғанда, "жарамды" шешімі қабылданған . Бірінші текті қателер дайындаушының шығындарына әкеледі, өйткені шындығында жарамды бұйымды жарамсыз деп қате тану зерттеуге, әзірлеуге және реттеуге қосымша шығындарға әкеліп соғады. Екінші текті қателер сапасыз бұйымдар алатын тұтынушыға әсер етеді. Рг, Рнг, Р1, Р2 ықтималдықтары бұйымдар партиясын жаппай бақылау кезінде олардың барлық бақыланатын жиынтығы арасындағы жарамды, жарамсыз, дұрыс ақауланбаған және дұрыс өткізілмеген бұйымдардың орташа үлсетерін сипаттайды. Осыдан Рг+Рнг+Р1+Р2=1. Рауалы бақылау нәтижелерінің шүбәсыздығы әр түрлі көрсеткіштерге байланысты болады, олардың арасында Р1 және Р2 қателерінің ықтималдық-тары, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы тәуекелдері аса кең таралды. Бұл формулалар өлшеу қателіктерінің мәндерін іздеуді анықтайды, ол сандық немесе графикалық интегралдау жолымен жүргізіледі, және қателер ықтималдықтарының рауалы мәндері берілген болу керек. Физикалық шамалар жүйелері және олардың бірліктері Әрбір объект үшін физикалық шамамен көрсетілетін қасиеттің сандық құрамындағы айырмашылықтарды анықтау үшін, оның мөлшері мен мәнінің ұғымдары енгізілген. Физикалық шаманың өлшемі – бұл берілген объектіде “физикалық шама” ұғымына сәйкес келетін қасиеттің сандық құрамы. Физикалық шаманың мәні – ол үшін қабылданған бірліктердің қандай да бір саны түрінде оның мөлшерін бағалау (өлшеумен немесе есептеумен алады). Физикалық шаманың бірлігі – бұл белгіленген мөлшердің физикалық шамасы, оған біртекті физикалық шамаларды сандық өрнектеу үшін қолданылатын, бірге тең, сандық мән шартты түрде берілген. Физикалық шаманың негізгі сипаттамасы оның өлшемдігі “dim Q” болып табылады – берілген шаманың негізгі физикалық шамалармен байланысын көрсететін, дәрежелі көпмүше түріндегі өрнек; ондағы пропорционалдылық коэффициенті бірге тең болып қабылданған. мұнда L, M, T, I – берілген жүйенің негізгі шамаларының шартты белгілері; - тұтас немесе бөлшек, оң немесе теріс заттық сандар. Оған негізгі шаманың өлшемдігі шығарылған дәреженің көрсеткіші, өлшемділік көрсеткіші деп аталады. Егер барлық өлшемділік көрсеткіштері нөлге тең болса, онда мұндай шаманы мөлшерсіз деп атайды. Өлшемділік ұғымы кеңінен пайдаланылады: - бірліктерді бір жүйеден екіншіге ауыстыру үшін; - теориялық тұжырым нәтижесінде алынған, күрделі есептік формулалар-дың дұрыстығын тексеру үшін; - шамалар арасындағы тәуелділікті айқындау кезінде; - физикалық ұқсастық теориясында. Объектілердің қасиеттері арасындағы шамалар тіліне ауыстырылған өзара байланыс модельді құрайды, ол өзінің жиынтығында физиканың белгілі бөлімін сипаттайтын, теңдеулер жүйесі болып табылады. Мұндай теңдеулердің келесі 2 типін ажыратады: 1) Шамалар арасындағы байланыс теңдеулері – табиғат заңдарын сипаттайтын теңдеулер, оларда әріптік символдардың астарында физикалық шамаларды түсінуге болады. Теңдеулер оларға кіретін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін таңдауға байланысты болмайтын түрде жазылуы мүмкін. K коэффициенті шамалар арасындағы байланысты анықтайды және өлшем бірліктерін таңдауға байланысты болмайды. Мысалы: үшбұрыштың S ауданы L негіздің h биіктігіне көбейтіндісінің жартысына тең: К=0,5. 0,5 коэффициенті өлшемдер бірліктерін емес, фигуралардың өздерінің пішіндерін таңдауға байланысты пайда болды. 2) Физикалық шамалардың сандық мәндері арасындағы байланыс теңдеулері – оларда әріптік символдардың астарында таңдалған бірліктерге сәйкес келетін шамалардың сандық мәндері түсіндірілетін теңдеулер. Осы теңдеулердің түрі таңдалған өлшем бірліктеріне байланысты болады. Олар мына түрде жазылуы мүмкін: , мұнда Ke - таңдалған бірліктер жүйесіне тәуелді болатын, сандық коэффициент. Мысалы: үшбұрыш ауданының сандық мәндері және оның геометриялық өлшемдері арасындағы байланыс теңдеуі, аудан – квадратты метрмен, ал негізі мен биіктігі – метрмен және миллиметрмен өлшенуі шартында мына түрде болады. а) , яғни б) , яғни Тәуелсіз шамалармен және олардың функцияларымен құрылған, физикалық шамалардың жиынтығы физикалық шамалар жүйесі деп аталады. Негізгі деп аталатын, бірнеше физикалық шамалар ерікті түрде; олардың арасындағы байланыс теңдеулерінің негізінде анықталатын, қалған туындылармен анықталады. Қабылданған принциптерге сәйкес физикалық шаманың негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы физикалық шама бірліктерінің жүйесі деп аталады. Негізгі физикалық шаманың бірлігі берілген жүйенің негізгі бірлігі болып табылады. “Физикалық шамалар бірліктері МӨЖ” МЕСТ 8.417-81 ӨЖ бірліктерінің жүйесі пайдаланылады, онда 7 негізгі және 2 қосымша бірліктер қабылданған. Туынды бірлік – теңдеуді негізгі бірліктермен байланыстыратын, осы теңдеумен құрылған бірліктер жүйесінің туынды физикалық шамасының бірлігі. 3.1-кесте - ӨЖ жүйесінің физикалық шамаларының негізгі және қосымша бірліктері Шама Бірлік Белгіленуі Атауы Өлшем-дігі Ұсынылған белгісі Атауы Орысша Халық-аралық Ұзындық Негізгі L l метр м m Масса M m килограмм кг kg Уақыт T t секунда с s Электр тогының күші I I ампер А A Термодинамикалық температура T кельвин К K Зат мөлшері N n, v моль моль mol Жарық күші J J канделла кд cd Жазық бұрыш Қосымша - - радиан рад rad Денелік бұрыш - - стерадиан ср sr 3.2-кесте Арнайы атауы бар, ӨЖ жүйесінің туынды бірліктері Шама Бірлік Атауы Өлшем-дігі Атауы Белгіленуі ӨЖ арқылы өрнектелуі 1 2 3 4 5 Жиілік герц Гц Күш, салмақ ньютон Н Қысым, механикалық кернеу паскаль Па Энергия, жұмыс, жылу мөлшері джоуль Дж Қуат ватт Вт Электр мөлшері кулон Кл Электр кернеуі потенциал, ЭҚК вольт В Эл. сыйымдылық фарад Ф Эл. кедергі ом Ом Эл. өткізгіштік сименс См Магниттік индукция ағыны вебер Вб Магниттік индукция тесла Тл Индуктивтілік генри Гн Жарық ағыны J люмен лм Жарықталғандық люкс лк Радионуклидтің активтілігі беккерель Бк Иондаушы сәуле шығарудың жұтылған дозасы грей Гр Сәуле шығарудың эквивалентті дозасы зиверт Зв Туынды бірлікті анықтау үшін: - оның бірліктері негізгіге қабылданатын, физикалық шаманы таңдау керек; - осы бірліктердің өлшемін анықтау керек; - шамаларды байланыстыратын теңдеуді таңдау керек; - пропорционалдылық коэффициентін бірге (немесе басқа тұрақты санға) теңестіру керек. Туынды бірліктер когерентті және когерентті емес болуы мүмкін. Когерентті деп жүйенің басқа бірліктерімен онда сандық көбейткіш бірге тең болып қабылданған теңдеумен байланысқан, физикалық шаманың туынды бірлігі аталады. Физикалық шама бірліктері жүйелік және жүйеден тыс деп бөлінеді. Жүйелік – қабылданған жүйелердің біреуіне кіретін, физикалық шама бірлігі. Барлық негізгі, туынды, еселік және үлестік бірліктер жүйелік болып табылады. Жүйеден тыс бірлік – қабылданған бірліктер жүйелерінің бір де біріне кірмейтін, физикалық шама бірлігі. ӨЖ бірліктеріне қатысты жүйеден тыс бірліктерді 4 түрге бөледі: - ӨЖ бірліктерімен тең рауалы (мысалы: масса бірлігі – тонна; жазық бұрыш – градус, минута, секунда; көлем – литр; уақыт – минута, сағат, тәулік; аудан – гектар және т.б.); - арнайы облыстарда қолдануға рауалы (астрономиялық бірлік – парсек, жарықтық жыл; оптикалық күш бірлігі – диоптрия; физикадағы энергия бірлігі – электрон-вольт және т.б.); - ӨЖ бірліктерімен тең қолданылуға уақытша рауалы (теңіз навигациясында – теңіздік миля; зергерлік істегі масса бірлігі - карат); - қолданудан алынған (қысым бірлігі – сынап бағанының мм; қуат бірлігі – ат күші және т.б.). Физикалық шамалардың еселік және үлестік бірліктерін ажыратады. Еселік – бұл жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе артатын, физикалық шама бірлігі. Үлестік – бұл физикалық шама бірлігі, оның мәні жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе кем болады. 3.3-кесте – Ондық еселік және үлестік бірліктерді және олардың атауларын құруға арналған көбейткіштер және қосымшалар Көбейткіш Қосымша Қосымшаның белгіленуі Көбейткіш Қосымша Қосымшаның белгіленуі халықаралық орысша халықаралық орысша экса E Э деци d д пета P П санти c с тера T Т милли m м гига G Г микро мк мега M М нано n н кило k к пико p п гекто h г фемто f ф дека da да атто a а ӨЖ бірліктері жүйесінің басқалардың алдында артықшылықтары: - әмбебаптылығы, яғни ғылым мен техниканың барлық облыстарын қамтуы; - өлшеудің барлық облыстары мен түрлерін бірыңғайлауы; - шамалардың когеренттігі; - бірліктерді жоғары дәлдікпен ұдайы өсіру мүмкіндігі; - ауысымдық коэффициенттердің жоқтығына байланысты формулалар-дың жазылуын ықшамдауы; - еселік және үлестік бірліктерді құрудың бірыңғай жүйесі; - рауалы бірліктердің санын азайтуы. Физикалық шама бірліктерін ұдайы өсіру және олардың мөлшерлерін беру. Өлшеулер бірлігі туралы ұғым Өлшеулер жүргізу кезінде олардың бірлігін қамтамасыз ету қажет. Өлшеулер бірлігі - өлшеулер сапасының сипаттамасы, оның нәтижелері заңдастырылған бірліктермен өрнектеледі, олардың мөлшерлері белгіленген шекте ұдайы өсірілген шамалардың мөлшерлеріне тең, ал өлшеулер нәтижелерінің қателіктері берілген ықтималдықпен белгілі болады және белгіленген шектен шықпайды. Бірлік ғылым мен техникаға қажет, кез-келген дәлдік кезінде қамтамасыз етілу керек. Мемлекеттік деңгейде өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің стандарттарымен немесе метрологиялық қызмет органдарының нормативтік құжаттарымен регламенттеледі. Бірлікті қамтамасыз ету үшін бірліктердің тепе-теңдігі қажет, оларда өлшеу құралдары градуирленген, оған физикалық шаманың белгіленген бірліктерін дәл ұдайы өсірумен және олардың мөлшерлерін қолданылатын өлшеу құралдарына берумен қол жеткізіледі. Физикалық шаманың бірлігін ұдайы өсіру – мемлекеттік эталон немесе өлшеудің алғашқы үлгілік құралы арқылы ең жоғары дәлдікпен физикалық шама бірлігін материалдандыру бойынша операциялар жиынтығы. Негізгі бірлікті ұдайы өсіру – бірліктің анықталуына сәйкес өлшемі бойынша белгіленген физикалық шама бірлігін ұдайы өсіру. Мемлекеттік бірінші реттік эталондардың көмегімен жүзеге асырылады. Туынды бірлікті ұдайы өсіру – өлшенетін шамамен функционалды байланысқан, басқа шамаларды жанама өлшеу негізінде көрсетілген бірліктер-дегі физикалық шаманың мәндерін анықтау. (Мысалы: F=m*g механика теңдеуі негізінде Ньютон күші бірлігін ұдайы өсіру). Бірлік өлшемін беру – бұл тексерілетін өлшеу құралымен сақталатын, физикалық шаманың өлшемін, оларды тексеру және калибрлеу кезінде жүзеге асырылатын, эталонмен ұдайы өсірілетін немесе сақталатын бірлік өлшеміне келтіру. Бірлік өлшемі “жоғарыдан – төмен қарай” – аса дәл өлшеу құралдарынан кемірек дәл өлшеу құралдарына беріледі. Бірлікті сақтау – берілген өлшеу құралына тән, бірлік өлшемі уақытындағы өзгеріссіздікті қамтамасыз ететін, операциялар жиынтығы. Физикалық шама бірліктерінің эталондары Эталон – тексеру сұлбасы бойынша төменде тұрған оның өлшемін беру және бірлікті ұдайы өсіру және сақтау үшін тағайындалған, өлшеулер құралы (немесе ӨЖ кешені). Эталондардың жіктелуі, тағайындалуы және оларды құруға, сақтауға және қолдануға қойылатын жалпы талаптарды МСТ 8.057-80 «МӨЖ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер» анықтайды. Эталон өзара байланысқан үш қасиетті иелену керек: тұрақтылық, ұдайы өсушілік және салыстырмалылық. Тұрақтылық – эталонның ұзақ уақыт бойында ұдайы өсіретін бірлігінің өлшемін тұрақты етіп ұстап тұратын қасиеті, бұл кезде сыртқы шарттарға тәуелді болатын барлық өзгерістер, дәл өлшеуге қол жетерлік шамалардың функциялары болу керек. Ұдайы өсушілік – өлшеу техникасын дамытудың қолданылып жүрген деңгейі үшін ең аз қателігі бар физикалық шаманың бірліктерін ұдайы өсіру мүмкіндігі. Салыстырмалылық – өлшеу техникасын дамыту деңгейі үшін ең жоғары дәлдікпен тексеру сұлбасы бойынша төмен тұрған басқа өлшеу құралдарының эталонымен салыстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі. Эталондардың келесі түрлерін ажыратады: - алғашқы реттік – бірлікті ең жоғары дәлдікпен ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды; - арнайы – бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады; - мемлекеттік – бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады; - екінші реттік – сәйкес физикалық шаманың алғашқы реттік эталонымен салыстырумен алынған бірлік өлшемін сақтайды. Екінші реттік эталондар тексеру жұмыстарының қажеттілігі кезінде және мемлекеттік эталонның сақталуын және аз тозуын қамтамасыз ету үшін құрылады. Метрологиялық тағайындалуы бойынша екінші реттік эталондар мына түрде бөлінеді: - эталон-көшірме – бірлік өлшемін жұмыстық эталонмен беру үшін тағайындалған. - эталон-салыстыру – қандай да бір себептер бойынша бір-бірімен тікелей салыстырыла алмайтын, эталондарды салыстыру үшін қолданылады; - эталон-куәгер – мемлекеттік эталонның сақталғандығы мен тұрақтылы-ғын тексеру және бүлінген немесе жоғалған жағдайда оны ауыстыру үшін тағайындалған. Қазіргі уақытта тек килограмм эталонының ғана эталон-куәгері бар. Ол негізгі эталонның тұрақтылығын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді; - жұмыстық эталон – бірлік өлшемін жұмыстық өлшеулер құралдарына беру үшін қолданылады. Ведомстволардың, министрліктердің зертханаларында және территориялық метрологиялық органдарда ең көп таралған. Мемлекеттік алғашқы реттік және арнайы эталондардың қателіктері жоққа шығарылмаған жүйелі қателікпен, кездейсоқ қателікпен және тұрақсыздықпен сипатталады. Жоққа шығарылмаған жүйелі қателік оның шекараларымен сипатталады. Кездейсоқ қателік тәуелсіз өлшеулер санын көрсетіп, бірлікті ұдайы өсіру кезінде өлшеулер нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуымен (ОКА) анықталады. Тұрақсыздық белгілі уақыт аралығында эталонмен ұдайы өсірілетін немесе сақталатын, бірлік өлшемінің өзгерісімен беріледі. Эталондар қателіктерін өрнектеу тәсілдерін МСТ 8.381-80 «МӨЖ. Эталондар. Қателіктерді өрнектеу тәсілдері» анықтайды. Екінші реттік эталондар қателіктерін бағалау олармен сақталатын бірліктер өлшемдерінің алғашқы реттік эталонмен ұдайы өсірілетін бірлік өлшемінен ауытқуымен сипатталады. Екінші реттік эталон үшін жиынтық қателік көрсетіледі. Өлшемдерді эталондардан жұмыстық өлшемдер мен аспаптарға беру жұмыстық эталондардың көмегімен жүзеге асырылады, оларды үлгілі өлшеу құралдары деп атайды. Жұмыстық эталондар тексеру сұлбасына сәйкес олардың қосымша бағыну тәртібін анықтайтын, 1, 2 және т.б. разрядтарға бөлінеді. Өлшеулердің әр түрлері үшін өлшеулердің берілген түрі үшін тексеру сұлбаларына арналған стандарттармен анықталатын, жұмыстық эталондар разрядтарының әр түрлі саны анықталады. Тексеру сұлбалары Физикалық шамалар бірліктерінің өлшемін дұрыс беруді қамтамасыз ету тексеру сұлбаларының көмегімен жүзеге асырылады. Тексеру сұлбасы – нормативтік құжат, ол бірлік өлшемін эталоннан әдістер мен қателіктерді көрсету арқылы жұмыстық өлшеу құралдарына беруге қатысатын, өлшеу құралдарының қосымша бағынуын анықтайтын, нормативтік құжат және МСТ 8.061-80 «МӨЖ. Тексеру сұлбалары. Мазмұны мен салынуы» стандартында анықталған тәртіпте бекітілген. Тексеру сұлбалары қолданылу саласына байланысты мемлекеттік, мемлекет аралық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекет аралық тексеру сұлбаларын өлшеулер бірлігін қамтамасыз етумен байланысты қызметте «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы» Келісімге қатысушы мемлекеттер, мемлекет аралық тексеру сұлбасына арналған құжатқа қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын әзірлеу жолымен қолданылады. Мемлекеттік тексеру сұлбасы метрологиялық қызметтермен тексеруге жататын, барлық өлшеу құралдарына таралады. Жергілікті тексеру сұлбасы метрологиялық қызметтің жеке органында тексеруге жататын, берілген физикалық шаманың өлшеу құралдарына таралады. Жергілікті тексеру сұлбасын сызба түрінде ресімдейді, онда тексеру әдісін - овалдармен, ал эталондар мен өлшеу құралдарын тікбұрышты рамкаларда бейнелейді (3.1-сурет). а) б) в) г) 3.1-сурет Тексері сұлбаларын бейнелеу графиктерінің элементтері: өлшемді беру: а) 1-эталоннан 5-объектіге 3-әдіспен; б) 1-эталоннан 5 және 6-тексеру объектілеріне 3-әдіспен; в) 1-эталоннан 5-тексеру объектісіне 3 немесе 4-әдіспен; г) 1-эталоннан 5-тексеру объектісіне 3-әдіспен және 6-тексеру объектісіне 4-әдіспен. Тексеру сұлбасы бір немесе бірнеше өзара байланысқан шамалар бірліктерінің өлшемін беруді анықтайды. Өлшеу ауқымдарымен, тексеру әдістерімен ерекшеленетін, сол және бір шаманы өлшеу құралдарына арналған, сондай-ақ бірнеше физикалық шамаларды өлшеу құралдарына арналған сұлбаны бөліктерге бөлуге рұқсат беріледі. Тексеру сұлбасының сызбаларында мыналар көрсетілу керек: - өлшеу құралдарының және тексеру әдістерінің атаулары; - физикалық шамалардың номинал мәндері немесе олардың ауқымдары; - өлшеу құралдары қателіктерінің рұқсат етілетін мәндері; - тексеру әдістері қателіктерінің рұқсат етілетін мәндері. Мемлекеттік тексеру сұлбасы сызбадан және мәтіндік бөліктен тұрады. Сызба бірінің астына бірі орналасқан және штрих сызықтармен бөлінген жолдардан тұру керек. Жолдардың атаулары болу керек: «Мемлекеттік эталон» (егер екінші реттік жоқ болса); «Мемлекеттік эталондар» (екінші реттік бар болғанда); «Басқа тексеру сұлбаларынан алынған, жұмыстық эталондар»; «i-ші разрядты жұмыстық эталондар»; «Жұмыстық өлшеу құралдары». Алғашқы реттік эталонның атауын олардың қосымша бағынуы тәртібінде көрсету керек. Алғашқы реттік эталонның атауын қосарлы сызықпен жасалған, тікбұрышты рамкаға алады. Екінші реттік, жұмыстық эталондардың және өлшеу құралдарының атауларын жалғыз сызықты тікбұрышты рамкаға алады. Тексеру әдістерінің атауларын овалдарға алады, оларды жолдарды бөлетін штриз сызықтардың қиылысуында орналастырады. Өлшемдерді беруді тұтас сызықтармен көрсетеді, олар мүмкіндігінше қиылыспау керек, егер бұл мүмкін болмаса, онда қиылысуды Ω белгісімен бейнелейді. Жұмыстық өлшеу құралдарын мүмкіндігінше қателіктердің өсу тәртібінде солдан оңға қарай орналастырады. Элементтер өлшемдері бір жол шамасында бірдей болу керек. Мәтіндік бөлік кіріспе бөлімнен және қосымша ақпараты бар тексеру сұлбасының элементтеріне түсіндірмелерден тұрады.
|