Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Понедельник, 05.12.2016, 11:26

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау

Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау скачать

30.03.2010, 22:34
загрузка...
Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау

Бұл жалпы Білім беретін орта мектепте информатика курсы бойынша берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән жасалады. Ал, материалдың жүйелі баяндалуы, логикасы - мектеп информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім, әдіскер, ғылымдардың жұмысы болып есептеледі.
Енді орта мектептегі информатика курсы бойынша жарияланып, оқу процессінде пайдаланылып жатқан оқулықтарына салыстырмалы талдау жасайық.

2.4. Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау
1. Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторы А.П. Ершов, В.М. Монахов болып табылады. Оқулық «информатика және есептегіш техника негіздері» деген атпен және мұғалімге арналған әдістемелік құралымен бірге 1985 жылы жарық көрді.
Авторлардың тұжырымдамасы бойынша «информатика» ЭЕМ-ның көмегімен информацияны өңдеу мен тараудың қарапайы әдістерін қарастыратын ғылым ретінде түсіндіріледі.
Оқыту мақсаты алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптасты болып табылады. Алгоритмдік мәдениет дегеніміз алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті. Сол кездегі компьютердің жетіспеушілігіне байланысты мектептік алгоритмдік тілдің (МАТ) алғашқы нұсқаулар адам атқарушыға бағытталады.
Алгоритмдік мәдениет ойлаудың анықталған қасиеті ретінде компьютерлік сауаттылықтың бөлігі болып табылады. Алгоритмдік ойлау компьютерлік меңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады (бірақ ол мектепке оқушылар алгоримдеудің нақты тәжірибесін меңгергеннен кейін пайда болып, кейіннен компьютермен қарым-қатынастың әліппесінен басталады).
Компьютерлік сауаттылықта А.П. Ергешовтың «программалау - екінші сауаттылық», - деген метафорасы негізінде анықтауға болады.
Алгоритмдік мәдениетті қалыптастыру үшін машинаға тәуелсіз оқу тілі (МАТ) қажет.
Оқулыққа талдау. Оқулықта алдымен алгоритмде анықтама және атқарушы ұғымына түсініктеме беріледі, бірақ ары қарай «атқарушы сөзі кездеспейді деуге болады. Атқарушының дидиатикалық мүмкіндіктері кейіннен түсіндіріледі. Информация ұғымы да талқыланбайды. Алгоримдеуге арналған алғашқы есеп мысалдары математика курсынан алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсіндіру тәсілі ретінде пайдаланылады.
Шамалар ұғымы өте кеңейтіліп берілген (графикалық текстік шамалар). Шама туралы дәстүрлі болжам санмен, мөлшермен байланысты. ЭЕМ-сіз сандық алгоритмдерді атқару процесін бейнелеу үшін алгоритмді атқару кестесі ұсынылған.
Кестелік шамалар «әзір» қайталану командасымен өңделеді. «Үшін» қайталану командасы кейінірек кітаптың екінші бөлімінде енгізіледі. Графикалық информациямен екінші бөлімше енгізіледі. Графикалық информациямен жұмыс істеу оқулықтың бірінші бөлімінің соңында берілген.
«Физика және математика курстарының есептер шығаруға алгоритмдер құру» бөлімі егжей-тегжейлі талданған. Бұл жерде информатика есептері сандық шешуге қажетті математикалық аппаратты жеңілдетеді. Сондай-ақ тіпті жоғарғы оқу орындарында қарастырылған есептерді шығаруына мүмкіндік береді.
Оқулықтың екінші бөлімі бірінші бөлімінің толықтырылып, дамуы «ЭЕМ-нің құрылымы» тақырыбы толық баяндалған. Кітапты дайындау кезінде барлық мектеп жаппай ДВК, УКНЦ ЭЕМ-іне көлу жоспарында болды. Соған байланысты, 16-разрядты микропроцессор (МП) қарастырылды. Авторлар микрокалькулятордың (МК) пайдалануына сын көзбен қарады. Өйткені ЭЕМ-нің тапшылығына байланысты информатиканы МК-ды пайдаланып оқыту қаупі болды, авторлар, мұны болдырмау қажеттілігін өз мақалаларында бірнеше рет атап көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлімінде МАТ құралына: параметрлі қайталану командасы, таңдау командасы, алгоритм функция, литерлік шамалар қосылған. Дегенмен, практика бұл толықтыруларды бірінші бөлімнің сәйкес тақырыптарымен бірге өтуге болатынын көрсетті, таңдауды - тармақталуымен, «үшінші» қайталануын - кестелік шамалармен және т.б.
Рапира тілі жөнінде мәлімет берілген. Сондай-ақ, авторлар бқл тілді басқа ЭЕМ-ге көшіруді болжаған. Сонлықтан Бейсик тілі жөнінде аз мағлұмат бірілген, бірақ тілдің бөлігі МАТ-мен параллель қарастырылған, МАТ-дің командаларымен салыстырып үйрету тәсілі кеңінен қолданылған.
ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуі сол кездегі есептегіш техникалардың программалармен жабдықталуының тапшылығын ескере отырып, кеңінен баяндалған.
«қайталауға арналған жаттығулар» бөлімінде 40 есеп келтірілген, олардың кейбір бөлігі олимпиадаға дайындалуға арналған есептермен бара бар. Тұтасымен аталған, бұл оқулық «информатика» оқулықтарының алғашқы бейнесін толық сипаттап көрсетті, кейінгі оқу құралдарында ескерілетін педагогикалық тәжірибені арналған кітабы «информатиканы оқуту әдістемесінің» қалыптасуына үлкен роль атқарады. Ол сабаққа әдістемелік нұсқаулармен көзқарасы мен ашып мәселелері авторлардың көзқарасы мен мақсатын ашып берді. Сондай-ақ, мұғалімдердің машинамен және машинасыз оқыту тәсілдеріне материалды іріктеп, өтуіне бағдар берді.
А.П. Ершовтың салған аса маңызды педагогикалық тәсілі - материалды өтудің циклдық тәсілі. Оның информатикаға тән материалды баяндауға аса күшті пәнішілік байланысы бар жалпы дидактиканың бір ізділік принципінің жүзеге асырылуы ретінде түсінуге болады.
2. А.Г. кушниренко, Г.В. лебедев, Р.А. Сворень және т.б. зерттеушілер тобы А.П. Ершов көрсеткен информатиканы оқыту бағытын жалғастырды. Авторлар тұжырымдамасы бойынша, информатика - физика мен математика тәрізді мектептегі ілгері оқу пәні. Оның негізгі мақсаты - алгоритмдеу іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан курс, тіпті мектеп толығымен ЕТ-мен толық жабдықталған жағдайдың өзінде компьютерді пайдаланушыларды дайындауға бағытталмауы тиіс. Алгоритмдік ойлау компоненті компьютерсіз де қалыптасады. МАТ-Бейсик, Паскаль тәрізді тілдердің ағылшындық лексикасын жоюға мүмкіндік береді, оқушылардың назары есепті алгоритмдеуге аударылады.
Мектепте бір ғана тіл алгоритмдік тіл болуы тиіс. Е практикум - толық программалау жүйесіне дейін кеңейтілуі қажет. Тіпті «алгоритмдеу» мен «программалау» бөлімдерін бөлуге болмайды деп есептейді.
Информатиканың жеке білімдік мақсаты тұрғанда және оған жету айтарлықтай болып жатқанда, математикадан тым болмағанда бастапқы кезеңде босатылуы дұрыс. Бұл курстың басында сандық информациямен жұмыс істеуге баса көңіл аудармай, көрнекілік ққұраолдарына басшылыққа алу екенін көрсетеді.
(Робот, тасбақа, тәрізді графикалық ортадағы атқарушылар).
«Информация», «алгоритм» ұғымдарымен салыстырғанда «атқарушы» ұғымы аса маңызды ұғым болып табылады. Оның модульдік және объектілі-бағдарланған программалауға тікелей ұқсастығы бар.
Курс могикалық тұйықталып, аяқталған болуы тиіс. Мысалы, МАТ құралдары атқарушылардың компьютерлік моделі қалай құрылғанын ашуы тиіс.
Оқулыққа талдау. Кіріспеде информатиканың үш негізгі ұғымдарына - информацияғ алгоритм, атқарушы жеткілікті түсініктеме берілген. Алгоритмдік тіл бірден

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 3056 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/3
Тут вы можете

скачать Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2