БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:44

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ

БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ скачать

30.03.2010, 22:33
загрузка...
БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ

БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ

Еліміздің Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия атына сай адам құқықтары жөніндегі алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме болып табылады. Ол құрылғалы бері адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік тетіктерін күшейтуде, осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен әзірлеуге атсалысуда, әрі адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуде, еліміздегі азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың құқықтарының халықаралық стандарттарға сәйкес қорғалуында және жалпы адам құқығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруда биік нәтижелерге қол жеткізілуде. Осы орайда, комиссияның қызметі мен рөлі туралы кеңінен әңгімелеп беру үшін оның төрағасы Сағынбек ТҰРСЫНОВҚА жолығып, бірқатар сұрақтарымызға жауап қайтаруын өтінген едік.

– Сағынбек Тоқабайұлы, сіз Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі еуропалық елдердегі алғашқы елшілерінің бірі болдыңыз және әрине, осы елдердегі адам құқықтарына қатысты ахуалдар өзіңізге етене таныс екені анық. Ендеше, айтыңызшы, осы құқық қорғаудың еуропалық стандарттары біздің мемлекетімізге сай келе ме?
– Он екі жыл ішінде Еуроодақтың он екі елінде Төтенше және өкілетті елші болып қызмет істедім және жоғары деңгейдегі он екі сапарды ұйымдастыруға қатыстым. Әрине, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында және БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтеріндегі барлық халықаралық ұйымдарындағы еліміздің өкілі ретінде Еуроодаққа қатысатын мемлекеттердегі адам құқықтарына байланысты жағдайды кеңінен біліп отырдым.
Еуропа құрлығындағы ең көне өңірлік ұйым Еуропа кеңесі екендігі белгілі. Оның мүшелері 1953 жылы 3 қыркүйекте күшіне енген Адам құқықтары мен оның негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияны қабылдаған болатын. Сөйтіп, кейін мұның қабылданғанына 25 жыл өткенде оған Еуропа кеңесінің барлық мүшелері қатысатын болды. Ал Еуропалық конвенцияның құндылығы бекітілген құқықтар мен бостандықтарда ғана емес, сонымен қатар оны атқарудың айрықша, өміршең және дамушы тетіктерін жасауда деп түсінген дұрыс.
Әрине, адам құқықтарын қорғау саласындағы жалпыға ортақ мойындалған еуропалық стандарттар біздің еліміз үшін де тартымды, өйткені біз ЕҚЫҰ-ның мүшесіміз. Олардың кейбіреуін біз Комиссия қызметінде пайдалануды біртіндеп енгізіп отырмыз. Бірақ, бұл жағдайда ұлттық заңнамамыз бен құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктерін де ескеретін боламыз.
– “Дипломатия – мүмкіндік өнері” дейді ғой, сіздің кітаптарыңыздың бірі де солай аталады. Ал адам құқықтарының мәнісін қандай формуламен айқындауға болады және оларды қорғауда дипломатиялық өнер қалай пайдаға асуы мүмкін?
– Қазіргі замандағы адам құқықтары – жалпыадамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі. Ал дипломатия мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда да шешуші рөл атқарады. Қазіргі қолданылып жүрген адам құқықтарын қорғаудың халықаралық әмбебап және өңірлік тетіктері нақ осы дипломатиялық өнердің арқасында сәтті әзірленген. Адам құқықтарының мәнісін түйіндей келгенде айтарым, адам құқықтары – ең жоғары тұрған құндылық, сондықтан оны құрметтеу, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті.
– Елімізде осы түйінді іске асырудағы Сіз басқаратын Комиссияның рөлі қандай?
– Ең басты міндет — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының адам құқығы туралы салиқалы саясатын іске асыру болып табылады. Сондықтан әрбір адамның өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғаудағы жеке белсенділігін ешқандай да төмендетпестен, сонда да болса қоғамдық және жеке бастың мүдделерінің қажетті теңдестігін қамтамасыз ете отырып, қажетті алғы шарттарын жасайтын мемлекеттің айқындаушы рөлін мойындауымыз қажет. Сондықтан да Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын. Комиссия қызметінің негізінде Мемлекет басшысына оның маңызды функциясы – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болу функциясын атқаруына жедел және жүйелі көмек көрсету жатыр. Демек, еліміздегі азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен дамуында, адамның және азаматтың құқықтарының халықаралық стандарттарға сай қорғалуында, жалпы адам құқығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруда комиссияның атқарар рөлі зор демекпін.
– Азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ме (омбудсмен), әлде аталған комиссияға жүгінгені дұрыс па?
– Бұл жерде, ең алдымен осы екі институттың функционалдық айырмашылықтарын айыра білу қажет. Біздің елімізде жалпыға ортақ танылған Париж қағидаттарына сәйкес адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің екі түрі: Мемлекет басшысы жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істейді.
Комиссия – әлемде жұмыс істейтін адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің барынша көп тараған түрлерінің бірі. Оның қызметінің негізгі нысандарының бірі кеңес ретінде Мемлекет басшысына, Үкіметке, Парламентке және кез келген мемлекеттік органға адам құқықтары саласындағы ұсынымдар мен баяндамаларды ұсыну. Ол шын мәнісінде ел Президентінің адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді және Мемлекет басшысы мен азаматтық қоғам арасындағы “көпір” бола отырып, адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы мәселелерімен шұғылданады, консультативтік және ағартушылық функциялар атқара отырып, адам құқықтарына байланысты мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындайды.
Ал омбудсмен институты өздерін мемлекеттік билік органдары мен оның лауазымды тұлғалары, басқа да ұйымдар тарапынан болған әділетсіз іс-әрекет құрбаны санайтын жеке адамдардың бұзылған құқықтарын қорғау үшін құрылған. Өзінің мәртебесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл нақты адамның бұзылған құқықтарын қорғайтын өзіндік халықтық адвокат болып табылады, атап айтқанда халықаралық стандарттарға сай айтатын болсақ, омбудсменнің негізгі тікелей міндеті — азаматтардың арыз-шағымдарын қарау болып табылады.
– Сонда да болса адамдар Комиссияға көбірек шағымданады ғой?
– Адамның және азаматтың құқықтары тек заңмен ғана шектелетінін есіңізге сала кетейін. Еліміздегі әрбір адамға мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға өтініштер, арыз-шағымдар жазуға Конституция кепілдік бергендіктен, Комиссияға келіп түскен азаматтардың арыз-шағымдарын қарау міндетіміз. Соған орай, жыл сайын Комиссия хатшылығына 1000-нан астам азаматтардан жазбаша шағым хаттар келіп түседі. Келіп түскен арыздар Комиссияның тиісті ұсынымдарымен не болмаса қорытындыларымен уәкілетті мемлекеттік органдарға: прокуратура, сот, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына мәні бойынша қарауға жіберіледі.
Конституция қағидаларына, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілер нормаларына сәйкес еліміздің азаматтары, шетел азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар, ұйымдар өз құқықтарын қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен Комиссияға шағымдануға құқылы. Тек Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарау тәртібі, негізінен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен, қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамаларымен шешілетін азаматтардың шағымдарын қарамайтынын атап өткім келеді.
Өткен жылдың өзінде ғана Комиссия азаматтардың 49 шағымын бақылауға алды. Олардың ішіндегі 23 шағымда адам құқықтарының бұзылу фактілері расталды және Комиссия көмегімен қалпына келтірілді. Ал 2007 жылдың бірінші тоқсанында Комиссияға 270-тен астам азаматтардың арыз-шағымдары келіп түсті. Бақылауға алынған 18 шағымның ішінде 7 шағым бойынша адам құқықтарының бұзылғаны расталды. Мысалы, Комиссияның тікелей араласуы арқылы Астана қаласында жер телімі мен тұрғын үйін “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңның талаптарына сәйкес заңдастыра алмай жүрген Т. есімді көп балалы мүгедек әкенің бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
– Адамдардың үкіметтік емес ұйымдардан қорғаныш іздейтіні де жасырын емес. Комиссия үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара байланыс жасай ма?
– Жалпы Адам құқықтары жөніндегі комиссия үкіметтік емес ұйымдарды өзінің тең дәрежедегі әріптесі ретінде танитынын баса айтқым келеді. Елбасының Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын” Комиссия күнделікті қызметінде кеңінен қолданады.
Біз үкіметтік емес ұйымдармен өз ынтымақтастығымызды одан әрі жандандыра түспекпіз. Конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, отырыстар өткізу, тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелеріне, құрылыс нысандарына және әлеуметтік саланың басқа да мекемелеріне бірге бару шеңберіндегі кездесулер кеңінен тараған.
Комиссия өкілдерінің өзі де үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары өткізетін іс-шараларға түрлі әдістемелік және ақпараттық көмек көрсете отырып, белсене қатысады. Өзара екі жақты тиімді келісім бойынша үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарына келіп түскен азаматтардың күрделі ш

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1961 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2