Бөтен адам затына құқық - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:50

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

Бөтен адам затына құқық

Бөтен адам затына құқық скачать

30.03.2010, 22:34
загрузка...
Бөтен адам затына құқық

Бөтен адам затына құқық
Бөтен адам затына құқық сервитут деп аталады. Сервитут сөзі рим құқықғында біреудің затын біздің мүддемізге қызмет еткізу деген мағынада қолднылады. Бұл дегеніміз заң арқылы немесе арадағы келісім арқылы затты «құлға» айналдыру.
Сервитуттың екі түрі персоналды (жеке) перидалды (жерге байланысты).
Біз көршілес жатқан жерлер туралы айтқанда олардың біреуі екіншісіне қызмет көрсетуі тиіс екенін білеміз. Мысалыға бір жер телімінен екінші жер теліміне арық қазып өткізу.
Көптеген жағдайларда сервитут көрші-жер иеленушілер арасындағы келісімі арқылы жасалады. Бірақ, мұндай келісім-шарттар олардың мазмұнына қарамастан қорғанысқа ие болмады. Мысалға жер сатылып кеткенде жаңа жер иеленушінің сервитутты тоқтату құқығы, бұл жағдай мұрагерге де тиісті еді.
Мұндай келеңсіз жағдайдың шешімі болып, манципация болып табылды. Бірақ, бұл жүйе кейбір жағдайларда шарасыз болғандықтан оның орнына Юрецессия келді. Бұл жүйе бойынша сервитут көршінің барлық жеріне емес, тек қызмет етуші бөлігіне таралатын болды.
Жеке сервитуттың түрлері:
1. Узуфукт – яғни, біреудің затын қолдану арқылы пайда табу және оны сол қалпылда сақтау. Жеке сервитуттың бұл түрі өмір бойылық болатын. Және узуфурктуаридің өлімінен бастап бұл сервитуттың түрі тоқтатылатын және мұрагерлік арқылы берілетін.
2. Суперфаций – бөтен адам жеріне құрылыс салу құқығы. Мысалға, белгілі бір қоғамдық бірлестік өзінің істері жүргізу үшін ғимарат жалға алады және олардың қызмет істеу аясы кеңейгендіктен ғимараттың жанынан қосымша бөліктер салады. Бірақ, олар бұрынғыдай тек негізгі ғимарат үшін және соның айналасындағы жері үшін жал ақы төлейді.
3. Эмфитезис – ауылшаруашылық жер телімдерін жалға алып, өмір бойы пайдалану. Сервитуттың бұл түрі мұрагерлік жолмен беріліп отырған.
4. - біреудің үйінде тұру құқығы.
Мұрагерлікті қабылдау және оның салдары
Белгілі бір адам мұрагер бола тұра ол тек тиісті құқыққа ие болады және өсиет қалдырушының міндеттеріне жауап беруші болып саналады. Ал, иегер мұараның көп бөлігі қарыздардан тұрса да, мұрагердің мұраны қабылдауы тиіс.
Юстиниан құқығында егер мұрагер заңгерлердің көмегімен мұраға қалдырылған мүліктің бағасын құнын (инвентарын) шығарса онда оның мұраның кредиторларының алдындағы міндеті азаяды. Бұл жеңілдік “benefi cium inventarii” –деп аталатын және мұраның бағалануы және инвентары мұрагердің мұра ашылғаны туралы білгеннен бастап, 3-ай ішінде жасалуы тиіс.
Benefi cium inventarii – тек егер мұрагердің өз мүлікі арқылы өсиет қалдырушының қарыздарының төлеу қауіпі төнгенде ғана іске асатын немесе қолданылатын. Бірақ жағдай басқаша болуы мүмкін: Мұрада актив пассивтен көп бірақ мұрагердің өз қарыздары жетеді. Мұндай жағдайда қабыл алынған мұра өсиет қалдырушымен мұрагердің қарыздарының тоғысуына алып келеді. Ал, өсиет қалдырушының кредиторлары өздерінің қарыздарын қосылған мүліктің талап етуіне болатын. Мұрагердің қарызынның көптігіне байланысты өсиет қалдырушының кредиторларына өздерінің қарыздарының қайтпау қауіпі төнеді.
Мұраның кредиторларының мүддесін қорғау үшін преторлық эдиктпен beeficiumseparationis яғни, бөліну жеңілдігі бекітілді. Бұл жеңілдік бойынша мұраға қалған мүлік мұрагердің мүлкінен бөлінетін және бірінші кезекте мұраға қалған мүлік кредиторлардың арызын беруге жұмсалатын. Ал, сонан соң легатарилердің мүліктерін қайтаруға жұмсалатын. Егер осы шарттардың барлығы орындалып болған соң мұраға қалған мүліктен қалдық қалса, мұрагердің кредиторларының қарызын қанағаттандыруға жұмсалады. Мұраны қабылдап алу мұрагермен өсиет қалдырушының арасында болған сервитуттарды, олардың арасындағы қарыздарды жойып жіберетін. Өйткені, рим құқығы бойынша бір тұлғаның өзіне қарызы немесе өзінің мүлкіне деген сервитуты болуы мүмкін емес еді.

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2209 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/5
Тут вы можете

скачать Бөтен адам затына құқық

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2