ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:51

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА скачать

30.03.2010, 22:37
загрузка...
ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА

БҰҰ-ның бас хатшысы дүниежүзілік қауымдастықты азаптауға үзілді-
кесілді қарсылық білдіруге шақырды

БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан дүниежүзілік қауымдастықты "азаптаудың кез-келген түріне бір дауыстан үзілді-кесілді қарсылық білдіруге" шақырды" Ол 10-желтоқсанда атап өтілетін Адам құқығы күніне орай әлем жұртшылығына осындай жолдау арнады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Мен әлем елдерін, егер күні бүгінге дейін бірікпеген болса, адамды азаптауға және адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан ада жаза түрлеріне қарсы Конвенция мен азаптауға қарсы конвенцияға қосымша факультативтік хаттаманы бекітуге шақырамын",- делінген жолдауда. "Мен сонымен бірге барлық мемлекеттерді БҰҰ-ның азаптау мәселелері жөніндегі арнаулы баяндамашысына өз бақылауындағы барлық тұтқындарға еркін хабарласуға мүмкіндік беруге шақырамын",- деп мәлімдеді К.Аннан.

БҰҰ бас хатшысының атап көрсетуінше, "кейінгі кездері кейбір елдер ұлттық қауіпсіздік дегенді алға тартып, азаптау шараларын қолдануға салынған тыйымды алып тастауды талап ететін беймаза ағым пайда болды". Дегенмен ол "террордың бір құралы болып табылатын азаптау шарасы террорға қарсы күрес құралына айнала алмайды" дегенге сенімді.

Осыған байланысты К.Аннан азаптауды түбірімен жою бағытында күш біріктіру қажеттігін ерекше атады. "Бүгінгі адам құқығы күні өзіміздің Жалпыға бірдей ортақ адам құқығы декларациясын қолдайтынымызды тағы бір дәлелдеп, жер бетін азаптаудан ада әлемге айналдыру бағытына батыл бет алғанымызды қайтадан бір дәлелдейік",- деді бас хатшы халықаралық қоғамдастыққа арнаған өз жолдауында.

Қазақстан БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына 1998-жылы біріккені өздеріңізге мәлім.

– Еуропалық саясатшылар «Қазақстан мен Иордания Азияда орналасқан елдердің ішінде сыртқы саясатта теңгермелі ұстанымымен, нарықтық экономикадағы ұстанған бағыттары және халықаралық аймақтық түйткілдерді шешуде прогрессивті көзқарастарымен айшықталады» дегенді жиі айтады. Сіздің осы пікірге алып-қосарыңыз бар ма?
– Бұған басты себеп – Қазақстан және Иорданияның президенттері араб-батыс әлемінде үлкен беделге ие, прогрессивті тұлғалар дер едім. Батыс сарапшылары жоғарыдағы пікірді айтқанда осы жайттарды меңзеген болар. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Иордания королі ІІ Абдолланың ислам әлемін модернизациялау, экстремистік идеяларға қарсы тұру, Батыс және араб әлемі арасындағы үйлесім мен келісімді жаңа заманауи мүдделер тұрғысынан жаңғырту идеясына оң баға беріп отыр. Иордания да Қазақстан саясатына оң көзқарас білдіреді.
– Мұсылман елдеріндегі кейбір күрмеуі тарқатылмай тұрған мәселелердің Иорданияның араласуымен шешілуі мүмкін бе?
– Иордан Хашимит корольдігінің Таяу Шығыс аймағында орналасуы оның Таяу Шығыс проблемаларын реттеу процесіне тікелей қатысудағы рөлі маңызды болып саналады. Иордания дипломатиясының негізгі қызметі Палестина-Израиль тартысын және Ирактағы жағдайды реттеуге бағытталған, өйткені ол мұнсыз өзінің ішкі саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз етуі мүмкін емес. Соңғы 10 жылдың ішінде корольдік Израиль мен араб елдерінің арасындағы бітімгершілік процестерінде «көпір» секілді рөл атқаруда, осы тұрғыда ол сыртқы саяси бағыттарының бірі – АҚШ және Еуропа Одағымен қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, «жол картасы» жобасына қатысқаны белгілі.
Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап Иордания араб-израиль тартысын бейбіт жолмен шешуді қолдап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №242 резолюциясына сәйкес, Израиль әскерінің тартып алған араб жерлерін қайтаруды талап етіп келе жатыр, сондай-ақ Палестина халқының өзін-өзі басқаруы мен Палестина Азат ету ұйымының келіссөздерде тең құқылы әріптес ретінде қатысуын қолдауда.
Соңғы уақыттары Иордания басшылығы тарапынан Израиль әскерінің Газа секторы мен Ливандағы соғыс қимылдарын әшкерелеу бағыты жиі байқалуда.
– Бірақ өзге араб мемлекеттерімен салыстырғанда Иордания көрші Израиль мемлекетімен достық қарым-қатынаста болуға мүдделі болып отырғанын көріп-біліп отырмыз ғой...
– Оны жоққа шығара алмаймыз. Иордания Израильмен бейбіт келісімге 1994 жылы қол қойған. Бұл аймақта орын алып жатқан түйткілдерді жақын көршісінің араласуынсыз жалғыз өзі шеше алмайтынын жақсы түсінгендігінен туған шешім деп ойлаймын. Олар тек достық қарым-қатынас орнатуға ғана мүдделі болып отырған жоқ, бірқатар салаларда әріптестік байланыс орнатып үлгерді. Мысалы, екі ел арасында саяси, сауда-экономикалық және туристік қатынастар жанданып келе жатыр. Мәселен, Иордания, Израиль және Палестина арасында 2005 жылы Қызыл және Ђлі теңіздерін қосатын канал қазу жобасының (құны 1 млрд АҚШ доллары көлемінде) келісіміне қол қойылғанын атап өтуге болады. Иордан Хашимит корольдігі Иракта толыққанды тәуелсіздік пен бейбітшіліктің орнауына, территориясының біртұтас болуына, бұл процеске барлық араб мемлекеттерінің атсалысуына шақырады.
– Жыл басында араб газеттерінің бірінен Иордания басшылығының «Үлкен Таяу Шығыс» жобасы аясында мемлекеттік саяси-экономикалық құрылымын демократияландыру мәселелерінде Батыс әлемімен тығыз байланыс орнатуға талпынып жатқаны туралы ақпаратты көзім шалып қалғаны бар...
– Ойыңызды түсініп отырмын. Сырттай қарағанда, корольдік Батыс стандарттары тұрғысында демократиялық қоғамның құрылысынан алыс болып көрінуі мүмкін, бірақ ол Батыс әлемінде Иордания туралы оң көзқарасты қалыптастыра алды ма демексіз ғой..
Иорданияның сыртқы саясаты икемділігімен, прагматикалық сипатымен айшықталған және конфронтациялық тәсілдерден жоғары тұрған векторлы бағытты ұстанады, ол ең бастысы, араб және мұсылман елдері мүддесімен үйлестірілген. Осылайша, ол елдің қазіргі басшысы кезіндегі король Хусейннің ұстанған саяси бағытын жалғастыра беретіндігін байқатты. Жалпы алғанда, Иордания өзінің сыртқы саясатында бейбіт ұстанымдарды басты мақсат етіп қояды.
– Иордания соңғы кездері ғаламдық-экономикалық және саяси жобалар арқылы жаңа қырынан таныла бастағаны белгілі. 2003-2004 жылдары Давос форумының көшпелі екі саммитінің Иордания жерінде өтуіне де Батыс әлемімен, Израильмен қарым-қатынасының тәуір екендігі себеп болды ма?
– Әрине. Сіз еске алып отырған деректер Иордания елінің Батыс державалары алдында саяси салмағы және беделінің қаншалықты салмақты екенін аңғартып тұр. Сіз айтқан Давос саммитіне қоса, өткен жылдың 28 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Амманда король үкіметі Ресейлік православ халықтарының бірлігі халықаралық қорымен бірге «Қазіргі әлемдегі мұсылман-христиан диалогының перспективалары» атты халықаралық конференциясын өткізді. Одан бөлек, өткен жылдың шілде айында ислам бағыты бойынша түрлі өкілдердің конференциясы өтіп, «Амман жолдауын» қабылдады. Осылайша, Иордания қазақ елінің сыртқы саяси ұстанымдарына конструктивті саяси диалог жүргізу тұрғысынан да, кейбір мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіру тұрғысынан да, әлемдік қауымдастықта да, араб әлемінде де қолдау көрсете алады.
– Қазақстанның араб әлеміндегі бүгінгі мүддесі және керісінше, араб елдерінің қазақ еліне деген бауырлық ықыласының астары жайлы не айтасыз?
– Араб әлемі – іргесі сөгілмеген, Азия мен Африка құрлығында орналасқан 21 мемлекет. Араб әлемі ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік саясаттың ең маңызды субъектілерінің бірегейі ретінде мойындалып, институциалды тұрғыдан алғанда өркениет әлемінің қатарында келеді. Араб мемлекеттері лигасы, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің іскерлік Кеңесі сияқты халықаралық маңызы бар ұйымдар БҰҰ-да, ОПЕК- те күшті ұжымдық

Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы.

1990-1998 жылдар аралығында ҚР жеңіл өнеркәсіп басқару құрылымы 5 рет өзгерді. Дегенмен бұл басқару жүйесін жақсартқан жоқ. Осындай кәсіпорындарды басқару мен өзара қатынас жоғалып, ақпарат болмай, бытыраңқылық жағдай туындаған проблемалардан шығу жолында нақты шешім қабылдауды әлсіретіп, мүмкін болмайтындай етті.

1999 жыл 4 мамырды жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жиналысында Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. Жиналыста бастамашыл топ жасақталды. Оған: «Қазақстан Тексти-Лайн» ЖШС - Апенко С.Л., «Семирамида» ЖШС – Ахшабаева Н.Т., «Восход» ААҚ – Кожаков А.К., «Сымбат» сән академиясы» ЖАҚ – Асанова С.Ж., «Алматы-кілем» ААҚ – Абсаметова Р.А. және т.б. кірді.
Бастамашыл топ Апенко С.Л. жетекшілігімен ҚР жеңіл өнеркәсібінің жағдайына талдау жүргізді. Кәсіпорындардан алынған жауаптар Құрылтай жиналысын өткізуге мәжбүрледі. Ол тек әзірленіп қана қоймай, тіркеуден де өтті. Сонымен қатар Қауымдастықтың алғашқы кезде аяқтан тұруына әрі қарай дамуына бар күшін жұмсады. Және қазіргі кезде белсенді жұмысын жалғастыруда.
Тәуелсіз қоғамдық ұйым-ерікті заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы «Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы» 1999 жылғы 26 қазанда тіркелді. Тіркеу нөмірі 29184-1910-ЗТБ.
Қауымдастықтың мақсаты

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2122 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2