ІІІ. Жаттығу жасап жаттығайық ІV. Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар Гүл Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, қүлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Ұқсас суретті тап Мұғалімнің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп, осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді. Әр түсті заттар Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с. Есте сақтауға арналған жаттығулар: Сиқырлы саусақтар Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру). Өзіңді көрсету (бір саусақпен). Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру). Қорқыту (сұқ саусақпен). Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру). Менің елім Қай елде тұрасыңдар? Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар? Сен қай көшеде тұрасың? Ел, Жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? Сөз моншақтар: Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
|