Ақпараттық-насихат топтары — ел ішінде - Валеология - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Воскресенье, 11.12.2016, 16:44

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Валеология

Ақпараттық-насихат топтары — ел ішінде

Ақпараттық-насихат топтары — ел ішінде скачать

30.03.2010, 22:38
загрузка...
Ақпараттық-насихат топтары — ел ішінде

Елбасымыз экономиканың тұрақты дамуы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды жалғастыруға мүмкіндік берді, бұл біздің саясатымыздың әлеуметтік нәтижелері, деді. Мысалы, Жолдауда көрсетілген барлық әлеуметтік қолдауларға жұмсалатын қосымша қаржы 2008 жылы 108 миллиард теңге құрайды екен. Ең қуаныштысы, бүгінгі таңда ел экономикасында осындай үлкен қаражатты қосымша жұмсау мүмкіндігі пайда болып отыр. Сонымен қатар, мемлекет бюджеті есебінен алдағы 3 жыл ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу міндеті жүктелді.
Жолдаудағы аса маңызды тұстардың бірі ірі мемлекеттік холдингтер — “Самұрық”, “Қазына” және “ҚазАгро” ұлттық холдинг қызметін шоғырландырып, олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастырып, толықтай халық мүддесіне қою қажеттігі көрсетілген. Осы арада бір айта кететін жәйт, инновациялық қор туралы. Оның жұмысын, тиімділігін кім қадағалап, кім жүргізіп отыр? Қаржының қайтарым тетіктері қандай? Бұл шешімін қажет ететін қордалы мәселе.
Жолдауда осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, “парасатты экономиканың” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту мәселелері айрықша көрсетілген. Бұл міндеттерді іске асыру мақсатында мынандай ұсыныстар айтуға болар еді.
Біріншіден, әлемдік стандарттарға сай жаңартулар жүріп жатыр. Олар білім мен ғылым саласына да қатысты. Қазақстан “Еуропа өңірінде жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы” Лиссабон (11 сәуір, 1997 жыл) конвенциясына қол қойғаны белгілі. Қазақстанның бірнеше ұлттық университеттері Болоньяда “Университеттердің ұлт хартиясына” кірді. Қазіргі шақта Қазақстан білім беру жүйесінің түгелдей Болон үдерісіне енуі туралы мәселені мемлекеттік тұрғыдан қарайтын уақыт жетті деп есептеймін. Ол әлемдік білім беру кеңестігіне толық енуді қамтамасыз етеді.
Екіншіден, әлемдік білім беру кеңістігінің басты құжаттарының негізінде университеттердің автономиясы құрылып жатыр. Сондықтан жедел түрде біздің жоғары оқу орындарына, әсіресе, ұлттық университеттерге автономия беру мәселесі қарастырылғаны жөн. Ол білім заңында өз орнын табу қажет.
Үшіншіден, әлемде сапа саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген университеттерде бір студентті оқытуға жұмсалатын қаржы деңгейі өте жоғары. Біз де осы бағытта жұмыс жасауымыз қажет. Қызметкерлердің, олардың ішінде профессор-оқытушылардың жалақысын әркімнің жеке қабілеті мен еңбегіне қарай даралап төлеуге мүмкіншілік тудыруы шарт.
Жолдауда онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажеттігі айтылған. Осы міндетті іс жүзіне асыруды тақыр жерде емес, материалдық-техникалық әлеуеті жоғары, интеллектуалдық капиталға, әсіресе, “адам қазынасына” бай ұлттық университеттер жанынан құру арқылы бастау ел үшін де, мемлекет үшін де тиімді деп есептейміз.
Білім мен ғылымды жанама ұштастыру аясында ғылыми-зерттеу институттары іргелі жоғары оқу орындарының құрамына енуі көптен күткен әрі жаппай қолдау табатын мәселе. Мұндай жағдайда маман дайындаудың сапасы артып, ғылымға бөлінген қаржының тиімділігі өсе түседі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сәйкес салалар бойынша бұл қадамға дайын.
Сондай-ақ, әлемдік стандарттарға сай сапалы білімнің баршаға ортақ базасын жаңартуға және оған қажетті инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған инновациялық білім бағдарламаларын конкурстық тәртіпте қаржыландыру мәселесін шешу керек.

Ақпараттық-насихат топтары — ел ішінде

Күмісжан Байжан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауының мәні мен маңызын түсіндіру, оны көпшілік арасында кеңінен насихаттап, жеткізу мақсатында облыс әкімі Серік Үмбетовтің тікелей басшылығымен құрылған ақпараттық-насихат топтары облыстағы аудан, елді мекендерді аралап, жұртшылықпен жүздесуде. Топ құрамында облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат пен мекеме басшылары бар.
Сондай-ақ сайлаушылар арасында Парламент Мәжілісінің депутаттары да Жолдауда айтылған стратегиялық бағыттарды іске асыру, оған халықты жұмылдыру мақсатында мәнді кездесулер өткізуде. Өйткені, әлеуметтік жағдайды көтеруді ауылдан бастау керек. Онда кәсіпорын жоқ, жұмыс табу да оңай емес. Дегенмен, ізденсе бұл мәселелердің де түйінін шешуге болады.
Міне, осы жайлар төңірегінде өрбіген екі жақты әңгіме Жамбыл, Қарасай аудандарындағы Талап, Қастек, Үңгіртас, Шамалған ауылдарында Парламент Мәжілісінің депутаты Динар Нүкетаева Жолдаудағы түрлі салаларға байланысты мәселелерге тоқталды. Жұртшылық Жолдауды талқылауға ерекше ынта-жігермен қатысып, ел үміті ақталып, әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылғандар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, зейнеткерлер мен мүгедектер ерекше қамқорлыққа бөленгенін айтты. Динар Нүкетаева Елбасының 10 міндеті мен Жолдау жолдарындағы 30 бағыт экономика мен еліміздің берік іргетасын қалаудағы басты бағдарлама екендігіне тоқталып, оны нақты мысалдармен түйді.
Осылайша ақпараттық-насихат топтарының ел ішіндегі әңгімесі әсерлі болуда. Халықпен тығыз байланыс ел ертеңіне деген сенімді нығайта түсуде.

загрузка...
Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1229 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Ақпараттық-насихат топтары — ел ішінде

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6610

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2