1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Әңгіме. Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді
жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері
және басқада сол сияқты химиялық заттар бар.Оның ішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніпәуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде
әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин
көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін
Шарттарды жіктеудің маңызы өтезор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың
мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты
(күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы
жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен
бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50
миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа
елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада,
Гаитиде тіркелген. Вирус
ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады
Бірінші байлық – денсаулық дейміз.
Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де,
мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға
жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің
күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз."Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып,
өмірден түңіле бастаймыз
...Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің
халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу
үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің
мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында
да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер
айтпаса керек
Генетика ғылымы қарастыратын
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән
болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады.
Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан
айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа
хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан
айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының)
болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол
болып келеді
(Фото... және синтез) – жоғары сатыдағыжасыл өсімдіктердің, балдырлардың,
фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн
сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл
газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі
органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл
сайын 100 млрд т-дан астам
органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері
түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін
бқледі.
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады.
Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі
мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде
сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың
енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан
біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді
күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз
Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен
қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің
«Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған
болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр.
Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады.
Г.Мендель
бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибенің негізінде бірнеше заңдылықтар ашқан
болатын. Ол кезде клетканың мейоздық бөлінуі, ДНҚ-ның редупликациялануы, тұқым
қуалаудың хромосомалық теориясы және т.б. ашылмаған еді. Кейіннен, цитология
ғылымының дамуына байланысты Мендельдің заңдылықтары цитологиялық тұрғыдан қайта
қарастырылды.
Мендель
ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен
жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген
көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель
анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір
белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі. Мысалы,
бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі — кедір-бұдырлығын анықтайды.
Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде
кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу,
сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан
тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай
жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал
дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын
қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының
дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз
етілуін қадағалайды
Мутациялар –
эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын
өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін,
ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты
үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны
тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса,
тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып,
қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың
популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа
түрлер пайда болады