1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкiметтің құрамына кiрмейтiн, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді көрсету тәртібін бақылауды, мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттiктiң аумақтық органдары – заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша басқармалары бар. 2. Агенттiк өзiнiң қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар. 6. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Агенттіктің құрылымы мен штат санын Агенттіктің Жауапты хатшысы бекітеді. 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14. 9. Толық атауы - «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу агенттiгi» мемлекеттік мекемесi. 10. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 11. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.