Все рефераты Казахстана Четверг, 24.05.2012, 00:13

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Психология

Шежіре - елтану мектебі

Шежіре - елтану мектебі скачать

19.03.2010, 08:07

Шежіре – елтану мектебі

 

 Көшпелі өмір-салттағы этностың қоғамдық-әлеуметтік құрылымы міндетті түрде ру-тайпалық жүйеге негізделеді. Бұл – өмірлік қажет­тіліктен туындаған заңдылық. Тек әулеттік ұжымдасу, рулық жарасу, тайпалық ұйысу арқылы ғана көшпелі өмір-салтты баянды етіп, оның шапағатын көруге болады. Ал, ру-тайпалық жүйеге негізделген қоғамның өмірін ретті ету үшін және сол арқылы этносты ұйыстыруға тікелей ықпал ететін ақпараттық өріс (информационное поле – С.А.Арутюнов) қалыптастыру үшін жалпы жамиғатты қамтитын шежірешілдік дәстүр қажет. Көшпелілер арасында, соның ішінде қазақ арасында айырықша дамыған шежірешілдік дәстүрдің тарихи алғышартын осылай бажайлауға болады.

 

Жаңаша жыл санауға дейінгі ІІ-І мыңжылдықтардың өзінде-ақ көшпелі өмір-салтқа ойысып үлгерген Ұлы Дала тұрғындарының жүздеген, тіптен мыңдаған ру-тайпалық атауларының тарихи дерек көздеріне ілігуі, сөз жоқ, шежірешілдік дәстүрдің де байырғы замандарда-ақ орныға бастағанына айқын айғақ болып табылады. Себебі, ру-тайпалар атауы, ең алдымен, ел-жұрттың төл сипаты мен ішкі құрылымын бажайлауға мүмкіндік берсе, мұндай үрдіс өз кезегінде шежірелік ақпаратты, яғни шежірешілдік дәстүрді қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналдыратыны да күмәнсіз.

 

Шежірелік мұраларға қатысты тарихнамалық пайымдаулар жасау үшін міндетті түрде деректемелік және дерекнамалық материалдарға алдымен ден қою қажет. Осы орайда, әрісі түркі халықтарының, берісі қазақ халқының шежірешілдік (шежірелік) дәстүріне айғақ боларлық деректемелік немесе дерекнамалық сипаттағы материалдардың айта қалғандай мол екенін және олар байырғы замандардан бастау алып, бүгінгі күнге дейін сабақтастығын үзбегенін айырықша атап өткен жөн.

 

Рас, шежірешілдік дәстүрдің негізгі сипаты – оның ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарайтындығы. Былайша айтқанда, шежірешілдік дәстүр бел алған ортада генеологиялық ақпарат этностың ұжымдық жадына айналады. Бұл басы ашық ақиқат. Дей тұрғанмен, түркі халықтары өзінің ұзына тарихында байырғы түркі жазуына қоса соғды, манихей, ұйғыр, тохар, сирия, қидан, армян, монғол-ұйғыр, тот (анық), латын, араб, жәдит, төте, кириллица сияқты әліпбилерді де пайдаланып, шежіре деректерін хатқа түсіріп, шежірелік толымды еңбектер де туындата білген. Ондай еңбектерде ру-тайпа атаулары мен олардың тіршілік-тынысы, жеке тұлғалардың атау-есімдері мен өмір деректері туралы шежірелік сипаты басым мағлұмат молынан ұшырасып отырады.

 

Осы орайда, шежірешілдік дәстүрдің ең алдымен түркілік төл жазба мәдениетімен тікелей байланысып жатқанын атап өткен жөн және "түркілік төл жазба мәдениеті” деген ұғымды айқындай түсетін нақтылы айғақ-деректерді көктей шолып өту қажет. Қазіргі ғылыми айналымда түркілік төл жазба мәдениеті мына сияқты атау-ұғымдармен анықталып келеді: сақ жазуы, түркіге дейінгі жазу, руна жазуы, Орталық Азия рунасы, байырғы түркі руна жазуы, Орхон-Енесай жазуы, Талас руна жазуы, Солтүстік Кавказ руна жазуы, т.б. Бір қарағанда осынау атау-ұғымдар Еуразия кеңістігіндегі әртүрлі үлгідегі, әртүрлі текті және әртүрлі тарихи кезеңдерде пайда болған, бір-біріне қатысы жоқ, әрқайсысы оқшау жазба мәдениет үлгілері сияқты әсер береді. Ақиқатында, мұның бәрі де бір үлгідегі, біртекті жазба мәдениеті болып табылады.

 

Оны жинақтап, "түркілік төл жазба мәдениеті” десе ғылыми да, тарихи да әділдіктің жөні болмақ. Өкініштісі, әсіресе социалистік жүйе үстемдік құрған заманда ондай ақиқат пен әділдікке барар жол­дың бәріне берік тосқауылдар қойылды. Өйткені, түркілік төл жазба мәдениетті мойындау дегеніңіз түркі тілдес халықтардың, біріншіден – мыңдаған жылдық тарихы бар ұлы мәдениетін мойындау болса, екіншіден – сол түркі тілдес халық­тардың этногенездік және мәдени-рухани біртұтастығын мойындау болып шығар еді. Ал бұл дегеніңіз социалистік жүйенің тірегі болып келген, дәлірек айтқанда, социалистік жүйені өз мүддесіне ғана пайдаланған панславяндық гегемондықты әлсірететін тұжырымдама (концепция) болатын. Мұндай ойдың жосығына ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдарында алтай тілдерінің (яғни, түптүркілік тілдердің) туыстастығы туралы теорияның (Е.Д.Поливанов) "буржуазиялық реакцияшыл лингвистика” деп жариялануы бұлтартпас айғақ. Бір ғана атау-ұғыммен анықталуға тиісті түркілік төл жазба мәдениетінің бүгінгі ғылыми айналымда әртүрлі атау-ұғымдармен беріліп жүруінің де осындай сыр-себептері бар.

Категория: Психология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 768 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Шежіре - елтану мектебі

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно