16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды. 17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынатын Агенттіктің жұмысы үшін жеке жауап беретін Агенттіктің төрағасы және басқарманың алқалы органы –басқарма жүзеге асырады. 18. Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттіктің төрағасын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын үш орынбасары болады. 19. Агенттік басқармасының алқалы органы жеті адамнан тұратын басқарма болып табылады. Агенттіктің басқармасын Агенттіктің төрағасы басқарады. Агенттік басқармасының құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметінен өкілдер кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметінен Агенттік басқармасының мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады. 20. Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді: 1) мынандай шешімдер қабылдау: табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту туралы, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту туралы; уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы шешімдер қабылдау; 2) темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне); Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарау; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілетін Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау. Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібін Агенттіктің регламенті айқындайды. Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Агенттіктің басқармасы Жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселе бойынша қарауға және шешім қабылдауға құқылы. Басқарманың шешімдері, оның ішінде Агенттіктің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға болуға тиісті басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда басқарма мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады. Басқарма отырысында қабылданған шешімдер Агенттік басқармасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдерін қабылдау үшін негіз болып табылады. 21. Агенттіктің төрағасы: 1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) реттеу мен бақылау жөніндегі басым мақсаттарды және міндеттерді айқындайды; 2) лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды; 3) Агенттік туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 5) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді; 6) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдайды; 7) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді; 8) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді; 9) Агенттіктің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және Агенттікте ішкі аудит жүргізу туралы есепті бекітеді; 10) Агенттік өз құзыретінің мүддесіне қарай, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға виза қояды; 11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 22. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Агенттіктің Жауапты хатшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. 23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік төрағасының орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға алып келмейді. 24. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді. 25. Жауапты хатшының қызметін бақылауды Мемлекет басшысы не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады. 26. Жауапты хатшы: 1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) Агенттіктің төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Агенттіктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Үкімет бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын бекітеді; 5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді; 6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды; 7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады; 8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 9) еңбек қатынастырының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді; 11) Агенттік төрағасымен келісім бойынша еңбек қатынастырының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттіктің төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттіктің төрағасына бекітуге ұсынады; 14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттіктің төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 15) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және Агенттіктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; 16) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 17) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; 18) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттікті білдіреді; 19) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен Жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 27. Жауаптың хатшының мыналарға құқығы бар: 1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге; 2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан Жауапты хатшының құзыретіне кіретін жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға. 28. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады. 29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен персонал құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және аумақтық органдарының ішінен Агенттіктің төрағасы бекітеді. 30. Агенттік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктерін Жауапты хатшы бекітетін Агенттік жұмысының регламенті мен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді. 31. Жауапты хатшының өкілеттігін оны лауазымға тағайындағанға дейін Агенттіктің төрағасы не оған осыған өкілеттік берген жағдайда оның орынбасары жүзеге асырады.