Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары скачать
30.03.2010, 18:55
13. Агенттiктiң негізгі міндеттері: 1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыпастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеу; 2) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау; 3) темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауарлы нарықтарда үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу; 5) мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылау; 6) мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеу; 7) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 8) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету; 9) табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету; 11) берілген өкілеттіктер шегінде Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару саларындағы (аясында) бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 14. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) стратегиялық функцияларды: Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуді; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуді; өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуді; 2) реттеуші функцияларды: өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруды және жүргізуді; табиғи монополиялар аясының табиғи монополиялар субъектілері осы сала шеңберінде ұсынылатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін қызметтер қатарына жатқызу мәніне талдау жасауды; Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыруды; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасайтын үлгі шарттарын әзірлеуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеуді, бекітуді және қолдануды; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге берген өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізуді; табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекітуді; табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекітуді; мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерін бекітуді; табиғи монополиялар субъектілері қызметінің қаржы және (немесе) техникалық сараптамасын жүргізуді; Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытуды және осы негізде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді; жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың штат кестелерін келісуді; жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісуді; табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу – қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді; темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындауды; Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды; заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің мәселелері бойынша рұқсат беруді; реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға ақы алу мөлшері мен тетігін келісуді; табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісуді; тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келісуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісуді; табиғи монополия субъектісінің есепке алу саясатын келісуді; мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингін; темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдерін және газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеуді; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеуді; мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізуді; тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы нарық субъектілерінің және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізетін нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін айқындауды; біліктілік талаптарының және белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келуін анықтауды; лицензиялардың тізілімін жүргізуді; өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмыстарын қамтамасыз етуді және мемлекеттiк құпияларды қорғауды; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеуді, бекітуді және қолдануды; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеуді; табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді; 3) бақылау функцияларын: табиғи монополиялар субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылауды; табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізуді; бұқаралық ақпарат құралдары хабарламаларының және оларда қазіргі бар өзге де материалдардың негізінде, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, мүдделі тұлғалардың жазбаша өтініштері мен хабарламаларының негізінде өз бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауды; Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқама шығаруды; лицензиялық бақылауды; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді көрсету тәртібін бақылауды жүзеге асырады. 15. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде: 1) монополияға қарсы органмен бірлесіп мемлекет реттейтін бағалар енгізілуі қажет тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге; 2) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекітуге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан сұратуға және алуға; 4) темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сататын нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды шығаруға; 5) монополияға қарсы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға жол берген нарық субъектілеріне тіркелген бағаны енгізуге; 6) бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің енгізуі кезінде нарық субъектілеріне тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге арналған босату бағаларын төмендету туралы дәлелді қорытындыны жолдауға; 7) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініші жасаған жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік пен мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органдарға сауалнама жолдауға; 8) табиғи монополиялар субъектiлеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындауға мiндетті түрде нұсқамалар енгізуге; 9) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, орындауға мiндетті, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге; 10) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін және табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық етуге; 11) сотқа жүгінуге; 12) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, қызметтеріне) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзімін белгілеуге; 13) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізуге, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге; 14) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 15) Агенттіктің жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға; 16) тексерулер мен сараптамалар жүргізу үшін басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға; 17) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 18) прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдауға; 19) өз құзыретінің шегінде табиғи және мемлекеттік монополиялар салаларындағы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарының фактілері жөнінде шешімдер қабылдауға; 20) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға табыстауға құқығы бар.