Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 23:55

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Педагогика

cenoshara.com.ua мебель из ротанга отопление, водонагреватели
Татыбеков Саймасай

Татыбеков Саймасай скачать

28.03.2010, 20:03
Қырғызстан мен Қазақстанның ортасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдан 15 қазанында түзілген. Қырғыз Республикасында Қазақстанның елшілігі 1993 жылдың аяғында ашылған. Қырғызстан мен Қазақстанның ортасындағы екі тарапты келісімдік-құқықтық базасын 140-тан асқан құжаттар құрайды. 1999 жылдың 22 маусымындағы мәңгілік достық жөніндегі келісім, 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы одақтық қатынас жөніндегі келісім екі елдің қарым-қатынасын нығайтуға қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, Қырғызстан мен Қазақстанның ортасындағы мемлекеттік шекараны ретке келтіру мәселесі 2008 жылы толық шешілген.
Қырғызстан өзінің толыққанды егемендігін Советтер Одағы ыдыраған соң алды. 1991 жылдың 31 тамызында Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1990 жылдың қарашасында Қырғызстанның Парламенті альтернативті негізде академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Асқар Ақаевич Ақаевті Қырғыз Республикасының бірінші Президенті етіп сайлады.
2003 жылы Қырғызстан мемлекетінің пайда болуының екі мың жылдығын белгіледі. Қырғызстан тарихы, басқа мемлекеттердің тарихы сияқты үлкен ауыртпашылықтарды басынан кешірді. Бұл тәжірибелер тәуелсіз жас Қырғызстанның демократиялық бағыттағы өз жолын табуына мүмкіндік әперді.
2005 жылы 24 наурызда Қырғызстанда билік ауысты. Биліктің ауысуы оппозиция күштердің бейбіт шерулерімен басталған. Президенттің мерзімінен бұрын отставкасын және жаңа сайланған Парламенттің тиімді еместігін тануды талап ету мемлекеттік мекемелерді басып алумен аяқталып, билікке жаңа Уақытша Үкіметті алып келді. Наурыз оқиғаларының жиынтығында Қырғызстанның Президенті А.Ақаев президенттік құқығынан мерзімі аяқталмай бас тартты. Жаңа президенттік сайлауда Парламенттің бұрынғы депутаты, бұрынғы премьер-министрі Құрманбек Бәкиев президент болып сайланды.
2005 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Президенті Құрманбек Бәкиевтің іске кірісу иннаугурация салтанатына қатысты. Осы күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бішкек шаһарында Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашуға қатысты.
Қырғызстан Президенті Қ.Бәкиевтің 2007 жылы Қазақстанға барған сапарында екі елдің басшылары екі тарапты қызметтесудің ең ірі аясын талқылап, сауда-экономика, қаржы, гуманитарлық мәселелер бойынша Қырғызстан экономикасына Қазақстан инвестициясын алып келу жөнінде келісті.
Қырғызстанға келіп жатқан инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан 49 өлкенің ішінен бірінші орынды иеленді. Бұл күндері Қырғызстан мен Қазақстанның өзара шекара мәселелерін толық тәртіпке келтірді. Биыл Қырғызстан Қазақстаннан төрт пансионаты тұрған жерді беру жөніндегі шешімді бекітті. Бұл факттың орасан зор тарихи мәнісі бар.
Қазақ жиһангезі, Орта Азия, Қазақстан және Батыс Қытай халықтарының тарихын және мәдениетін зерттеуші Ш.Уәлиханов (1835-1865) Қырғызстан тарихына өшпес із қалдырды. Ол «Манас» батырлық эпосының үзінділерін бірінші рет жазып, орыс тіліне аударды. Эпосқа тарихи және көркемдік тұрғыдан баға беріп, оны сол бір алыс кезеңдерде даңғазалауға көп еңбек сіңірді. Әлем Манастың ұлы есімімен танысты. 1935 жылы «Манас» эпосына арналған бірінші Бүкілодақтық конференция өткенін белгілеп өткеніміз жөн. Конференцияда негізгі баяндаманы қазақтың кемеңгер жазушысы «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, КСРО-ның Ленин сыйлығымен марапатталған М. Әуезов (1897-1961) жасады.
Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Қазақстанның ортасында мәдени-гуманитарлық қызметтестік те нығаю үстінде. Екі мемлекеттің интеллигенция өкілдері қатысқан көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, жыр кештері, концерттер және семинарлар жиі-жиі өтіп тұрған. Х.Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінде 1992 жылы қазақ тілі және әдебиеті кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Қырғызстан халқы Ассамблеясының құрамында қазақ мәдениетінің «Отан» орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол 1992 жылы түзілген. Мен оны түзуде біраз еңбек жасадым.
Қырғызстандағы қазақ диаспорасы, шығармашылық қайраткерлері, зиялы қауымы өлке экономикасының, ғылым және білім саласының, мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқаны және қосып келе жатқаны мақтауға татиды.
Категория: Педагогика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1053 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Татыбеков Саймасай

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно