ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК, ТҰРАҚТЫ ДАМУ
ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК, ТҰРАҚТЫ ДАМУ скачать
28.03.2010, 20:05
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ¬стан¬дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ¬станның білім және ғылым қызметкер¬лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отан¬шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру¬дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында¬рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал¬қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім¬нің аса маңызды, аса жауап¬ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем¬лекетінің егемен ел болып қалыпта¬сып, дербес мемлекет болуы және өркен¬деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на¬ным сенімдер¬мен тығыз байла¬ныс¬ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны. Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осы¬ған өз әлінше үлес қосуы – бұ¬ның басты шарт¬тарының бірі. Жас¬тарға патриот¬тық тәрбие беру¬дің бағдарлы идея¬ларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қа¬зақстан – 2030 ” атты еңбегінің “Қବзақстан мұраты” деп атала¬тын бөлі¬мінде: “…біздің балала¬рымыз бен не¬мерелеріміз… бабаларының игі дәс¬түрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарық¬тық экономика жағдайында жұ¬мыс істеуге даяр болады. Олар бей¬біт, абат, жылдам өркендеу үстін¬дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары бо¬лады” – деп, үлкен үміт артты. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Респуб¬л謬касына сүйіспеншілікке, мем¬лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр¬биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұ¬мыстарды қазақ¬стандық патрио¬тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі¬зінде құру” – керек екендігі көрсетілген. Егемендік алған бастапқы күн¬дерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікір¬талас жүріп келеді. Одан “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құры¬лы¬мы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан бы¬лайғы кезде мектеп оқушы¬ларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдер¬дің формалары мен мазмұнын қолда¬нуға бола ма деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық¬тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды¬лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады: Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым… Түркі иелігінен айырылған халықты Ата-баба мекеніне орнатты… – делінген. Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.