Ықылас “Айрауықтың ащы күйі” Бұл әуелде Тайлақ деген батырдың сыбызғыда тартқан күйі екен. Күйдің шығу тарихы былайша сыр шертеді. Тайлақ батырлығымен қатар шебер сыбызғышы болған адам екен. Батырдың қартайған шағында жау бір үйір жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты егіз ұлы малды қайтармақ болып жаудың артынан қуады. Шайқаста Барақ жау қолынан каза табады. Ал, Секер жауды жеңіп, малды қайырады. Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алыпғ қайғылы сарын тартады. Базархан Қосбасаровтың кітабы “Қобыз өнері”
|