Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 06:28

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Шуберттің вокалдық лирикасы

Шуберттің вокалдық лирикасы скачать

18.03.2010, 17:53

                            Шуберттің вокалдық лирикасы

Шуберттің  музыкалық мұрасында ән негізгі орын алады. Әнде композитор кейпінің, оның шығармашылық және көркемдік қалыптасу жолдарының ерекше белгілері көрнекті, жүйелі және көңілге қонымды болып ашылады. Ән адамның ішкі жан- дүниесінің сипаттамасына кеңістік ашты; халықтық  өнердің образдарына жақындау арқылы демократиялық мағынаға иеленеді; сөз бен музыканың тығыз байланысы арқылы музыкалық образдардардың поэтикалық тиянақтылығына жетеді. Бұның барлығы шуберттік баяндаудың ерекше мәнерлілігін тудырып, оның шығармаларының жаңашыл тереңдігін, маңыздылығын және образдық көп қырлылығын анықтайды.

Шуберттің көмегімен ән музыка тарихында бірінші рет басқа жанрлармен қатар тұрды. Оның поэтикалық негізі австиялық және неміс тарихының дерлік бөлігін қамтиды, және шетел авторларын да қосады.

Өмірінің әр түрлі кезеңдерінде Шубертті әр түрлі ақындардың шығармашылығы назарын өздеріне аударады. Ең үлкен тұрақтылықпен Шуберттің Гёте поэзиясына құштарлығы ерекшеленеді, бірақ ұлы неміс ақынының өлеңдерімен басқа авторлардың сөздері бәсекелесе алады, алдымен – В. Мюллер, И. Майрхофер, Г. Гейне. Композитор әрбір ақын шығармашылығының дербес өзгешеліктерін сергек сезеді.

Шуберттің әндері өзі үшін шығармашылығының мақсаты емес, кейін өңделетін материалға айналды. Бірақ әнді аспапты музыкада қолдану – Шуберт үшін оның қолданудағы жеке мысал ғана. Негізінде оның ықпалы едәуір кең және терең. Ән материал емес, әуенділік – принцип – осы қасиет Шубертті өзінің ізашарларынан ерекшелендіреді. Әуенділікте аспаптық музыканың өзгешелігі негізделеді.

XIX ғ. басында неміс және австриялық көркемдік өнерінде лирикалық жанрлардың   келе жатқан гүлденуі белгіленеді. Осы жанрлар өмірге деморатизациялау процессінен кейін шақырылды. Музыкада бұл процесс аспаптық шығарамашылықта жаңа динамикалық принципті ойлау қабілетінің нығаюына, операның сарайлық спектакль шарттылығынан босауына, әннің тәрбиелік және ағартушылық жұмыстың ең маңызды бөлімге айналуына әкелді. XVIII ғ. ән әлі басқа жетекші жанрлар қатарына қосылған жоқ- тын, бірақ XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басына қарағанда, ол кәсиби өнердің дербес  тармағы ретінде қалыптаса бастады. Композиторлар крестьяндық әнге «жетілмеген»  өнерге сияқты қарайтын  көз қарастарын өзгертеді.

Бірінші ірі қозғалысты 1753 жылы 1 қазанда Берлиндік ән мектебі И. Ф. Агриколаның, Ф. Э. Бахтың, Ф, Бенданың, К. Г. Граунның, Г. Краузенің, К. Никельманның, Г. Ф. Телеманның «Одалар мен Мелодиялар» дәптерлерін шығарудан бастады. Жинақтың бастаушысы әуесқой музыкант, мамандығы бойынша - адвокат Г. Краузе болатын.

Берлиндік ән мектебінің үлкен буын композиторлары  шығармашылыққа өздері ұсынған әстетикалық идеалдардан қалып келе жатты, ал Иоганн Абрахам Петер Шульц  басқарған кіші буынның орындауында бұл идеалдар көркемдік жағынан жүйелі және дәлелді болды. Кречмар екінші Берлиндік мектептің үш ерекшеліктерін атап өтеді:       

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 353 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Тут вы можете

скачать Шуберттің вокалдық лирикасы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно