Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 06:26

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

ШХОӨТ ТУП

ШХОӨТ ТУП скачать

19.03.2010, 10:19

I. Кіріспе

         «Шет елдердің хор орындаушылық тарихы» пәні ЖОО-ның хор дирижерлік кафедраларының кәсіби пәндер циклі ішіндегі  маңызды біреуі болып табылады.

         Орындаушылық тарихы мен теориясының жан жақты оқытылуы композиторлық шығармашылық пен педагогикада, хор орындаушылық бағыттары мен түрлі стильдерінде бейімделу қабілеттілігін тәрбиелеп, олардың кәсіби мәдениетін дамытып, студенттің көркем ой өрісін қалыптастырады. Оқу пәні қоғамдағы өз орнын және хор өнеріндегі ағартушылық ролінің мағыналылығын терең ұғынатын, хор дирижерінің, орындаушы және ұстаздың - жас музыканттың көп қырлы және құнды болып қалыптасуына көмек етуі тиіс. 

         Пәннің пререквизиттері.   Пәннің әсерлі меңгерілуі үшін орта кәсіби білім болуы қажет. Жоғарғы буынның «Шет елдердің хор орындаушылық тарихы» пәнін өтпес бұрын, орта буынның бірқатар арнайы кәсіби пәндері меңгеріледі, олар: «Шет елдердің хор әдебиеті», «Орыс хор әдебиеті», «Хор жүргізу», «Хор класы», «Хор партитураларын оқу», «Дирижерлеу».

         Пәннің сипаттамасы. Пән хор әдебиеті және хор орындаушылық өнерінің негізгі мәселелерін оқытуға бағытталған.

Пәннің мазмұнында хор өнерірінің даму жолдарының  заңдылықтары         және тарихи келісімділік ашылады, оның жалпы музыка мәдениетімен байланысы, сонымен қатар осы өнердің спецификасынан шығатын ерекшеліктер, хронологиялық аспектідегі хор мәдениетінің ошақтары, хормен ән салу, хор орындаушылығының тіршілік нысандары, мектептер, бағыттар, хор ұжымдары, хор музыкасы, хор өнерінің көрнекі өкілдерінің : дирижерлардың, композиторлардың қызметі жайында оқытылады.

 «Шет елдердің хор орындаушылық тарихы» пәні АПП және АП сияқты пәндер циклінің негізінде және тығыз байланыста оқытылады, олар: «музыкалық шығармаларды талдау», «әлем музыка тарихы», «хор класы», «дирижерлеу», «хор жүргізу», «хор партитураларын оқу».

         Пәннің мақсаты – хор орындаушылық өнерінің тарихы пәні бойынша білімдердің кәсіби меңгерілуі.

         Оқу пәнінің  негізгі есептері.

I. Келесідей білімдерді қалыптастыру:

-         хор мәдениеті тарихының дамуының негізгі кезеңдерін;

-         хор мектептерінің әдістерін және орындаушылық принциптерін;

-         хор өнерінің көрнекі өкілдерінің шығармашылығын;

-         хор орындаушылығындағы бағыттар мен көркем стильдерін;

-         хор әдебиетін.

II. Түрлі орындаушылық редакцияларына, шығармалардың орындау хабарына салыстырмалық анализ жасау дағдысын қалыптастыру.

Оқу пәнін тәмамдаған кезде студент білуі тиіс:

-         хор мәдениеті тарихының дамуының негізгі кезеңдерін;

-         хор өнерінің көрнекі өкілдерінің шығармашылығын және  белгілі хор ұжымдарын;

-         хор орындаушылығындағы бағыттар мен көркем стильдерін;

-         хор әдебиетін.

 

 

II. Әдістемелік кепілдемелер

«Шет елдердің хор орындаушылық өнерінің тарихы» пәні материалдың теориялық оқытылуына бағытталған.

         Сабақ нысаны: лекциялар.

Дәрістік материалдар Батыс Еуропалық және орыс хор орындаушылығы мен әдебиетінің негізгі сұрақтарын қозғайды.

I Батыс Еуропалық хор орындаушылығы:

-         Батыс Еуропа хор мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдері;

-         қайта өркендеу дәуірінің әншілік мектептері және ежелгі хор ұжымдары;

-         XVII-XVIII ғғ. хор бірлестіктері;

-         XIX-XX  ғғ. хор бірлестіктері;

-         Қайта өркендеу дәуірінің хорлық полифониясы;

-         XVIIXVIII ғ-дың 1 жартысындағы хор музыкасы;

-         вендік классицизм дәуіріндегі хор музыкасы;

-         романтизм дәуіріндегі хор музыкасы;

-         XX ғ. хор музыкасы.

II Орыс хор орындаушылығы:

-         орыс хор мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері;

-         XVIII-XIX ғғ. кәсіби хор ұжымдары;

-         XIX ғ-дың 2-ші жартысы - XX ғ басындағы әуесқой хорлар және хор бірлестіктері;

-         XX ғ. хор ұжымдары;

-         хорлық өңдеу жанрының қалыптасуы;

-         хорлық-опералық жанрының қалыптасуы;

-         кантаталық-ораториалдық жанрының қалыптасуы;

-         a’capella хор жанры: рухани және зиялылық бағыттарында.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 415 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать ШХОӨТ ТУП

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно