Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 06:15

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Әміре Қашаубаев

Әміре Қашаубаев скачать

28.03.2010, 15:47
Әміре Қашаубаев.

1.Әншінің өмірбаяны және шыққан ортасы.
2.Әншілігіне ықпал еткен және өзі ұстаз тұтқан ад
3.Репертуарындағы әндер.

Әміре 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болып, тек күнелту айналасында ғана, күнбе-күн өмірді қуып жүрді. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубайдың денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтындай халге келді. Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында Исабек деген байдың (кейбір деректерде Қаражан деген бай) көлік айдаушысы болады. Әміреге бұл бөтен болған жоқ. Өйткені, ашық ауада, аузы бос, жол қысқарту үшін болса да, іштен лықсып шыққан үн болса да Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды. Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда, сөгістер, қатаң сөгістер алып қалып жүрді. Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы алған бетінен қайтпады.
Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да ’’жаман’’ Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын ’’әнші бала’’, бері келе ’’әнші жігіт’’ деген атағын шығарды. Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпаның ішінде самауыр қойып жүрген қыз-келіншек, кешкі тұрым әңгіме- дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаэтонның ’’ешкісінде’’ отырып, арбаның доңғалағының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнін сілтідей тынып тыңдап тұрысты. Бүкіл Жаңа Семей болып енді Әмірені жақсы білетін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп Семейдің қаласына жетуге айналды. Бұрынғы бұрынғы ма, енді Қашаубайдың ’’жаман баласы’’ бүкіл қаланы аузына қаратуға айналды.
Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалай да Әміренің мына бір кедейге ’’келіспейтін’’ қылығын тоқтатқысы келді. Бірінші шара есебінде ол Әмірені жәмшік айдағанда қаланы аралап, көзге түседі, қалаға танысады, құлағын түріп оның әнін тыңдайтындар көбейеді, сондықтан бір жерге қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қойды. Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау, әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, көше бойы қыдырып, сайрандаған жастар, терезесін ашып қойған әнқұмар үлкендер құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп, ’’мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын’’ деген сияқты болып, Әміренің дауысы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ салуды сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп білдіреді.
Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келді. Қаншама қиын болғанымен, мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпады. Әміре енді әніне бостандық алатын болды. Бірнеше күн тынығып, Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Бұл Әміре үшін үлкен, игі сапар болды. Жалпы кең дүниеге шығумен қатар, Әміренің бұл ән сапарына, музыка жәрмеңкесіне тартқан сапары болды. Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенін айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан озған ән иелеріне кездесті. Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді. Семейде жүргенде оның’’Ақ сисасын’’, ’’Гауhар қызын’’, ’’Хаулауын’’ айтып, Жаяу Мұсаның өз жүзін көрмесе де шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді міне, ’’құлақ естігенді көз көреді’’ болып, қарт әншінің өзін де көрді. Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз бабында тұрған Бапидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын есіткенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген ’’күнәлар’’ болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей, томпиып, құлағымен де, көзімен де бірдей тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 788 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 1.7/3
Тут вы можете

скачать Әміре Қашаубаев

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно