Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 06:09

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Хормен жұмыс жүргізү әдістемесі ТУП

Хормен жұмыс жүргізү әдістемесі ТУП скачать

19.03.2010, 10:15

І. Кіріспе

Пәнге сипаттама.

Музыкалық ЖОО-ның хор-дирижерлік кафедралары теориялық және тәжірибелі  дайындығы бар жоғары білікті хор дирижерлерін орындаушылық, педагогикалық және қоғамдық-музыкалық қызметке дайындауға  тиісті.

«Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» пәні болашақ хор дирижерінің кәсіби болмысын қалыптастыратын теориялық пән.

«Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі»  пәні хор орындаушылығының теориясы және хормен жұмыс жүргізудің  негізгі мәселелерін оқытуға  бағытталған. Пәннің мазмұнында хордың аспап ретіндегі ерекшелігі, вокалдық-хор технологиясының мәселелері  қозғалып, хордың үндік элементтері бойынша жұмыс жасау, хор партитурасымен алдын ала дайындық жұмысын жүргізу, хор шығармасын талдау және шығарманы хормен жаттау туралы  ұсыныстар беріледі.

Бакалавриаттың «Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» пәні мына пәндер негізінде және тығыз  байланыста  оқытылады:  «хор сыныбы», «хормен жұмыс жасау тәжірибесі», «дирижерлеу», «жеке ән салу әдістемесінің негіздері», «музыкалық шығармаларды талдау».

Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиттер):

 Пәнді тиімді игеру үшін  орта кәсіптік білім қажет. Жоғары буындағы «Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» курсы  орта буындағы «хор сыныбы», «дирижерлеу»,  «жеке ән салу», «хортану» және «хормен жұмыс жасау тәжірибесі» сияқты  арнайы кәсіби пәндер негізінде тереңдетіліп оқытылады.

Оқу пәнінің соңғы деректемелері (постреквизиттер):

Магистратураның  «Хор орындаушылығы теориясы»

Оқу пәнінің мақсаты:

Хормен жұмыс жүргізудің жалпы әдістемесі туралы білім қалыптастыру және  хор шығармасы бойынша жұмыс жасау әдіс тәсілдерінің негізгі түрлерін игеру.

Оқу пәнінің негізгі міндеттері 

келесі білімдерді қалыптастыру:

§        ерекше аспап  ретінде  хордың орындаушылық табиғатын;

§        дауыс аппаратының механикасы мен акустикасын;

§        хор органикасын;

§        әншілік  үрдістің технологиясын:

Ø     әншілік  тыныс  алу  технологиясын;

Ø     дыбыс туындату технологиясын;

Ø     дыбыс  жүргізу  технологиясын;

§        хорды ән айтуға ыңғайлау,  негізгі  үн беру;

§        ұжымдық  ән  айту жағдайында  дикция  және орфоэпия  ережелерін;

§        құлақ  күйі бойынша жұмыс жасау әдістерін;

§        ансамбль бойынша  жұмыс  жасау  әдістерін;

§        дирижермен  хор  партитурасын  игеру нысандары мен әдістерін;

§        хор  шығармасын  талдау  нысандарын;

§        хормен  шығарманы оқып-үйрену әдістемесін;

 Пәнді тәмәмдаған кезде студент білуі тиіс:

§        ерекше аспап  ретінде  хордың орындаушылық табиғатын;

§        әншілік үрдістің технологиясын;

§        хор үнділігінің элементтері бойынша  жұмыс  жасау  әдістерін;

§        шығармаға жазбаша және ауызша түрде сараптама жасай білу;

§        хорды алдын-ала ән айтуға ыңғайлау;

§        хорға камертон арқылы негізгі үн бере білу.

 

II Әдістемелік ұсыныстар

«Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» оқу пәні  екі  бағытта оқытылады:

а) теориялық  оқу (дәрістер)

б) тәжірибелік  игеру (семинарлар)

                                 

Теориялық  оқу  (дәрістер)

Дәріс курсының мазмұны хортану  ғылымының іргелі  мәліметтеріне сүйенеді. Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі өткен заманның және  қазіргі кездің көрнекті дирижерлерінің жүйелендірілген, жинақталып қорытылған хормейстерлік жұмыстарының тәжірибесі болып табылады Дәріс материалдарының құрылымы хормен жұмыс жүргізу әдістемесінің көкейкесті мәселелерін көтереді.  Атап  айтқанда:

§        дауыс аппаратының механикасы мен акустикасын;

§        әншілік дыбыстың  тембрлік  және  акустикалық табиғатын;

§        хор органикасын;

§        әншілік  үрдістің технологиясын:

Ø     әншілік  тыныс  алу  технологиясын;

Ø     дыбыс туындату технологиясын;

Ø     дыбыс  жүргізу  технологиясын;

§        хорды ән айтуға ыңғайлау әдістемесін;

§        ұжымдық  ән  айту жағдайында  дикция  және орфоэпия  ережелерін;

§        құлақ  күйі бойынша жұмыс жасау әдістерін;

§        ансамбль бойынша  жұмыс  жасау  әдістерін;

§        дирижермен  хор  партитурасын  игеру нысандары мен әдістерін;

§        репетициялық үрдістің әдістемесін. 

 

Тәжірибелік сабақтар (семинаралар)

Семинар сабақтарында тақырып бойынша жауаптар мен ұсынылған әдебиеттерді оқыту  негізінде дәрістік материал бойынша білімдер бекітіледі.

 

Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттердің

өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)

ОСӨЖ аудиториялық сабақ түрі болып табылады және студенттерге пәннің оқу бағдарламасын  дифференциялық түрде  игеруге мүмкіншілік береді.

ОСӨЖ мақсаты – оқушының білімін түзету және тереңдете оқыту, кәсіби көзқарасын кеңейту, өзіндік зерттеу жұмыстары дағдысын дамыту.

ОСӨЖ нысандары:

§        лекция және семинар тақырыптарың талқылау

§        шығарманы хормен жұмыс жүргізу әдістемесі тұрғысынан талдау;                шығарманы жаттау және орындау жұмыстары бойынша ұсыныстар;

§        рефератың тақырыбын талқылау;

§        баяндаманың тақырыбын талқылау.

                       

Жазбаша рефератқа қойылатын талаптар

Жазбаша реферат пәнді теориялық және практикалық тұрғыда игерудің қорытындысы болып табылады. «Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» пәні бойынша рефераттың ерекшелігі хор шығармасын әдеби-музыкалық, вокалдық-хор, дирижерлік-орындаушылық жазба түрінде  жан-жақты   талдау. Ол үшін мамандықтан сабақ беретін оқытушымен келісіп, сол семестрдегі дирижерлеу класы репертуарындағы бір шығарма таңдап алынады.  Жұмыс мөлшері  талданатын шығарманың    көлемі  мен  күрделігіне, сонымен қатар терең мағыналығына байланысты  анықталады.

 

                      Шығармамен  репетиция  жасау  жұмысының  үлгісі

-  шығарманы «жұмыс» үзінділеріне бөлу (егерде  шығарма ірі формада немесе  өте күрделі болса);

-  шығарманың қиын жерлерін анықтау және қиыншылықтарды жеңу әдістерін орнату (ансамбльдің құлақ  күйі, метроритм, вокалдық тұрғыдан, дикция бойынша және т.б.);

-  шығарманы игеру мақсатында дайындық кезінде қосалқы көмекші болатын қол қимылдарының қозғалыстарын анықтау (қимылдың ауқымдылығы мен  айқындылығы), алдағы мақсатқа байланысты қол қимылының бір жағының үстемдігі (әншілерге қиын берілетін жақтары: метроритм, штрих, дыбыс «тірегі» және т.б.);

-  жұмыс кезеңдерін (техникалық және көркемдік жағы) және дайындықты өткізудің  әдістерін анықтау (барлық хормен, бірыңғай топтармен немесе партиялар бойынша);

-  қажетті репетиция санын белгілі жүйелілік арқылы көрсету: дауыс бойынша, жалпы және т.б.

 

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Студенттердің аудиториядан тыс жұмыс істеу нысаны.

Хормен жұмыс жүргізу  әдістемесі пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы арнаулы әдістемелік әдебиетті оқуға, дирижердің  хормен жұмыс жасаудағы қажетті бірқатар дағдыларды игеруге және бекітуге бағытталған.

СӨЖ нысандары:

1.     Хормен жұмыс жүргізудегі ұсынылған кеңестер бойынша шығарманы өз бетімен талдау;

2.     Хормен бірге шығарманың жұмыс жоспарын құру;

3.     Хорды ән айтуға ыңғайлауға арналған вокалдық-хор жаттығуларын құру;

4.     Камертонмен жұмыс;

5.     Міндетті және қосымша әдебиеттерді оқып білу.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 654 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 2.0/3
Тут вы можете

скачать Хормен жұмыс жүргізү әдістемесі ТУП

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно