Типтік оқу бағдарлама ҚР МЖМБС 050405 «Дирижерлеу», 050405B «Хорды
дирижерлеу» мамандандыруының жалпы міндетті білім үлгісіне сәйкес және
Құрманғазы ат. ҚҰК профессоры А.В.Молодов пен Қаз ҰМА доценті Құттыбадамова
Г.Қ.- мен «Хор сыныбы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Пәнге сипаттама:
«Хор сыныбы» пәні Хорды дирижерлеу – 050405В мамандандыруындағы оқу
жоспарының арнайы пәндер топтамасындағы келешекте біліктілігі жоғары
хормейстерді тәрбиелеу жолындағы негізгі орын алады, теориялық білімі мен
тәжірибелік дағдыларын дамытып жалпылайды және орындаушылық, оқытушылық ,
қоғамдық – музыкалық қызметке дайындайды.
Жогарғы оқу орындағы «Хор сыныбының» жұмысы орта буында өткізілген арнайы
және жалпы кәсіптік пәндердің бағдарламалық талаптарымен байланысты.
Пәннің
пререквизиттері: Орташа кәсіби білімдегі
«Дирижерлеу», «Хор сыныбы», «Дауыс қою», «Хор жүргізу».
• студенттердің
ән салу мәдениетінің салттарымен танысу;
• студенттердің
үйреніп алған теориялық білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын хормен жұмыс
жасау кезінде қолдана алу;
• кәсіптік
музыкалық өрісін кеңейту, қазақ хор музыкасының, сонымен қатар әр-түрлі
жанрлардың, стильдердің және басқа дәурлерде жазылған шығармаларымен танысу;
• партитураны
талдау дағдыларын дамыту (хор шығарманың стилін, мінезін, пішінін дұрыс анықтай
алу және орындалатын шығарманың орындаушылық көзқарасын анықтау). Дайындықтар
мен концерттер пәннің мазмұнын құрайды. Оқу хорын әнші, содан кейін хормейстер
ретінде қатысып, оны оқып шықаннан кейін, студент:
• хор ұжымының
дайындалу жұмыс ерекшеліктерін;
• хор ұжымымен
(жеке және біріккен репетицияларда хор партияларымен) жұмыс жасау әдестерін;
• Қазақстан
композиторларының шығармаларын, қазақ халық әндер мен күйлердің өңдеулерін,
әлемдік классикалық және осы замандағы хор музыкасы кіретін хор репертуарын;
• Қазақстан
және шетелдік композиторларының хор шығармашылығындағы композиторлық жазуының
стилистикалық ерекшеліктерін білуі керек.
Студент келесі тапсырмаларды орындай алу керек:
• хор ұжымымен
жұмыс істеу;
• хор
орындауының әр түрлі элементтері бойынша хормен жұмыс жасаудың әдістері мен
тәсілдерін білу;
• тонды беру;
• Ұжымды ән
айтуға ыңғайту;
•
ұйымдастырушылық, шығармашылық талаптарды қою және орындау.
II.Әдістемелік ұсыныстар
Студент хормен ән айту дағдыларын хор шығармаларын дайындау және оларды
концертте орындау негіздемелерінде құралған хор сыныбының жұмысына қатысу
арқылы үйрене алады. Дайындалу барысының міндеттері: келесіде көрсетілген
дығдыларын меңгеру және оларды репертуармен жұмыс жасаған кезінде жиіқолдану арқылы әрі қарай дамыту:
а) вокалдық
дағдылар: әншілік тыныс (тыныс тәсілдері), дұрыс әншілік дыбыс туындату (дыбыс
шабуылы, дыбысты дөңгелету), жоғары қалыпты дыбысты сезе алуын қалыптастыру,
резонаторларды қолдануды үйрену, хор ұжымының барлық хор ауқымындағы, музыканың
әр-түрлі серпінінде, өлшемінде, мінезінде вокалдық дыбыст шығаруы біркелкі
болуын қалыптастыру; дикциялық дағдылар – артикуляциялық аппараттың
ширақтылығын дамыту, анық дикцияны дамыту, дауысты дыбыстарды вокалды түрде
пішіндіруіндамыту, даусты, дауыссыз
дыбыстарды айту тәсілдерін білу, поэтикалық мәтінді мәнерлеп және түсініп
айтуды тәрбиелеу.
б) хор
дағдылары: ансамбль (оның түрлері – ырғақтық, екпіндік, серпінділік, тембрлік,
дикциялық), дыбыс үндестігі (таза интонациялау, бастапқы үндестілікті сақтай
алу, мажорлық, минорлық гаммаларды интонациялау тәсілдерін білу, интервалдар
мен аккордтарды естей алу және оларды айтқанда интонация жағынан дұрыс
құрастыру, бірнеше және барлық хор партиялары бірге айтқанда, партиядағы басқа
әншілерге қосылып бірдей айту), парақтан оқу, кезекпен тыныс алудың әдістерін
қолдана білу және дирижердің қолы бойынша айту.
Хор сыныбының репертуары әлемдік
классикалық және қазақ хор музыкасының ең жақсы үлгілерінен құрылуы керек. Ол
хор ұжымының істеп жүрген жұмысының оқу міндеттеріне сәйкес келуі керек,
бастапқы ой мазмұнысы мен көркемдік қасиеттердің жоғарғы талаптарына ғана
жауапты болмай, жұмыс барысында хордың шығармашылық өсуіне және оның вокалдық -
орындаушылық мәдениетін әрі қарай дамыта алатын толық мәніндегі оқу құралы болу
керек. Осыдан шыға келе, хор сыныбының репертуарын негізінен a’cappella
шығармалары құруы тиіс. Хор сыныбының репертуарын таңдаған уақытта, оқу
ұжымының түрін, құрамын және де студенттердің орташа кәсіби білімінің деңгейін,
музыка – теориялық дайындығының сапасын, вокалдық және музыкалық қабілеттерін
ескеру қажет. Концерттік репертуарды жоспарлаған кезде бағдарламаны тақырып
негізінде құрастыруы жөн.
II.1. Оқытушымен
студенттің өзіндік жұмысы. (ОСӨЖ)
Вокалдық-хор дағдыларын
қалыптастыру, хор сыныбында (репетицияларында) алған білімдерін бекіту.
Хор орындауындағы:
• интонация;
• штрихтер;
• артикуляция;
• ырғақ техникалық
элементтерін қалыптастыру.
Хор орындауындағы:
• екпінді метрлі ырғақ;
• агогика;
• серпінділік;
• фразировка;
• пішін;
•
стиль көркемдік элементтерін қалыптастыру.
II.2 Студенттің өзіндік жұмысы.
Студенттің аудиториядан тыс жұмысы
жалпы сабақтарда (репетицияларда) және ОСӨЖ (топтық-жеке) сабақтарындағы
шығармамен жұмыс жасау барысында қалыптастасқан вокалды-хор дағдыларды,
білімдерді, шеберліктерді бекітуге бағытталады.
Хор партитурасын жаттау:
• дауыстарды айту;
• хор партитурасын
фортепианода ойнау.
• партитураларды (мазмұны,
пішіні, музыкалық-мәнерлік әдістері
хор фактурасы бойынша)
талдау;
• орындау қиындықтарын
анықтау, оларды жеңу жолдарын табу.
III. Бақылау түрлері бойынша жалпы мағлұмат.
Семестрде екі межелік
бақылаулар және сынақ түрде өтетін аралық бақылау бар.
Межелік бақылауларда (8, 15 апталар) студент келесі тапсырмаларды орындау
керек: хормен бірге бағдарламаның бір бөлігін көркемдік және техникалық жағынан
мінсіз орындап шығу. Аралық бақылауда студент концерттік бағдарламаны толық
көркемдік түрде орындау керек.