«Хор партитураларын оқу» арнаулы пәндер
циклына жатады және осы циклдың негізгі пәндерінің бірі, ол фортепианода хор
партитураларын ойнау әдістерін, партитураларды ән-хор сипаттық тұрғыда талдау
дағдыларын меңгеруге практикада концерттік және педагогикалық репертуарды дұрыс
іріктеп алып, қолдана білуге көмектеседі.
Пәннің реквизиттері.«Жоғары буында «Хор партитураларын оқу» пәнін оқып үйренуге кіші және
орта сатыларда «Хор партитураларын оқу», «Дирижерлау», «Хор әдебиеті», «Хорды
ыңғайластыру», «Гармония», «Сольфеджио», «Фортепиано», «Хор практикасы» сияқты
бірсыпыра арнаулы пәндермен негіз қаланды.
Пәнге сипаттама. Хор партитураларын оқу хор
партитурасының құрылымы, ноталық және әдеби мәтіндер секілді партитуралық жазу
ерекшеліктеріне хор құрамы мен хор шығармасының фактурасына байланысты
партитура түрлері жөніндегі негізгі білімді береді. Пән мәнінде хор
партитурасымен жұмыс істеу (ән-хорды талдау, фортепианода хор партитураларын
орындаудың ерекшелігі, шығармаларды орындаудың трактовкасы) әдістері өзек
болады.
Студенттер парақтан оқу мен
өзгертпей берудің негіздерімен, фортепианода партитуралардың саналуан түрлерін
(балалар, әйелдер, ерлер, аралас хорлардың жеке орындаушылары мен
сүйемелдеушілердің қатысуымен) орындаумен танысады. «Хор партитураларын оқу»
пәнінойдағыдай оқып үйрену
студенттіңмузыкалық ой-өрісін кеңейтуге
көмектеседі, оның талғамы мен ой ойлауын қалыптастырады, музыкалық шығармаларды
терең және жан-жақты оқып үйренуге, хор партитуралары құрылымының ішкі
заңдылықтарын түсінуге жәрдемдеседі. Студенттің курсты оқып үйренудің барысында
алатын теориялық білімі мен практикалық дағдысы арнаулы дирижерлау сыныбында,
студенттердің оқу және көркемөнер хорымен жұмыс практикасында, хор әдебиетінде,
өзгертпей ауыстыру әдісінде кеңінен қолданылатын болады. Оқу барысында хор
партитураларының түрлерімен, саналуан әдістерімен танысу хор дирижерының
кәсіптік-орындаушылық қабілет сапасын арттыруға септесіп, шығармалардың
көркемдік сапасын дұрыс бағалауға көмектеседі.
Пән мақсаты: Хор партитураларын оқу әдісін білу мен дағдыларын,
кәсіптік білімді қалыптастыру.
Курстың негізгі міндеттері:
- ән-хор, опералық репертуар
жөніндегі білімді қалыптастыру;
- фортепианода күрделілігімен стилі сан қилы хор шығармаларын ойнай
білуді, дағдыны, жан-жақты білімді қалыптастыру;
- күрделілігі мен фактурасы
түрліше партитураны парақтан оқу дағдысын қалыптастыру;
- музыкалық шығарманың мазмұны
және түрімен жұмыс жүргізе білу білімін қалыптастыру.
- музыкалық айқындық-өрнек
жәнеоларды орындау әдістері құралдарын
танып, талдау білімін қалыптастыру;
- орындаушылық сыр-сипатты
түсіну, аша білу дағдысын қалыптастыру.
«Хор партитураларын оқу» пәнін аяқтағаннан кейін студент
міндетті:
- хор партитураларын ойнау
әдістері мен тәсілдерін білуге;
- хор шығармасының стилі мен
тақырыбын анықтай алуға;
- музыкалық баяндау түрін анықтай
білуге;
- көлбеу және тік хор дауыстарын
шығара білуге;
- күрделілік деңгейі мен
фактурасы түрліше партитураларды парақтан оқу дағдысын меңгеруге;
- көркем шығарманың баяндау
желісін түсіну, музыканттың-орындаушының кәсіптік сапа-шеберлігін көрсетуге;
- хор ұжымдарымен практикалық
жұмыс жүргізу үшін қажет хор партитураларын өзгертпей ауыстыру-көшіру дағдысын
білуге;
- аспап тепесімен ән кілті
«До»-ны шығару үшін жазылған хор партитураларын ойнау дағдысын білуге;
- хор партитураларын талдау
әдістемесін білуге:
ІІ. Әдістемелік ұсыныстар
«Хор партитураларды оқу» - (практикалық пән)
Оқыту түрі – жекеленген сабақтар
ІІ. 1. Жеке сабақтар
Хор партитураларын оқу жөніндегі сыныпта оқу барысын ұйымдастыру оқытушының
мақсатты жан-жақты қызметімен жүргізіліп, сипатталады, ал ол музыкалық,
орындаушылық және студенттің жеке тұлғасын сомдау тұрғысынан құрылады.
Хор партитураларын оқу курсы 2, 5
жылға есептелген.
Жұмыс түрлері: педагогтың
басшылығымен жеке және практикалық (ОСӨЖ) сабақтар және студенттің өз бетімен
жұмыс жүргізуі (СӨЖ).
Сынып сабақтары үш бағытпен
жүргізіледі:
1. Өз бетімен студенттің
дайындаған хор шығармаларын фортепианода орындау.
2. Орындалатын шығарманы ауызша
талдау.
3. Көлік, парақтан оқу, фактурасы
және баяндалуы күрделі емес хор партитураларын ән кілті «До»-ны аспап тепесімен
шығару үшін ойнау (мұнда күрделілігі өскелең деңгейлі үлгілерді, мұндай оқу
үшін жүйелі таңдаудың шешуші мәні бар).
Сабақтардың мазмұны хор
партитураларын оқу жөніндегі сыныпта оқу репертуарымен анықталады, оны оқытушы
студенттің жеке мүмкіндігін, дайындығын және оның кәсіптік өсуі болашағын
ескеріп жасайды.
Пән мынаны қалыптастырады:
- хор үнінің ерекшелігіне сәйкес
фортепианода хор партитураларын айқын орындау өрнегін (мәтін фразасы, ән-хор
тынысына байланысты цезур және сөздерде туындайтын агогикалық екпіндерді хор
партияларының тембрлік бояуларын сақтау);
- хор партитурасын фортепианода
сүйемелдеумен ұштастырып ойнауды, сондай-ақ педагогтың немесе серіктестің
екінші аспапта хор партитурасын бір мезгілде орындауы жағдайында жеке
сүйемелдеу (және керісінше);
- хор партияларын көлбеулік әдіс
бойынша айту және бұл жөніндегі білік, сондай-ақ тік әдістік аккордтарды;
- парақтан оқи білуді және
орындау талаптарына сәйкес хор партитурасын фортепианоға өзгеріссіз ауыстыра
білуді;
- орындалатын хор партитурасын
талдай алуды (хор партитурасының мазмұнын, музыкалық фактураны, көркемдік
айшық-өрнек әдістерін, ән-хор ерекшеліктерін).
Пән сонымен бірге мынадай
мәселелерді қарастырады:
- өзгеріссіз хор партитурасын
беттен көшіру кезінде тональділікті практикалық әдіс бойынша таңдауды (бұл
әдістерді одан әрі хор ұжымымен жұмыс істеу үстінде қолдану үшін);
- хор шығармасының әдеби
мәтінінің қосымша ішкі аспаптарына-мәніне байланысты практикалық жұмыс
әдістерін;
- қандайда болмасын хор құрамы
үшін хор шығармасын орындаудың жеке стилін жасай білу әдістерін.
Студент жыл бойына 10-14 хор
партитурасынан өтуге міндетті.
Жеке жоспарларда төмендегі қағидалар
ескерілуі қажет:
қол жеткізушілік - шығармалардың нақты студенттің мүмкіндігіне
сәйкестігі;
жүйелі табандылық - қиындықтардың өскелең деңгейі техникалық,
сондай-ақ көркемдік тұрғыдан;
саналуандық - классикалық музыканы, түрлі дәуір шығармаларын,
композиторлық мектептер мен бағыттарды, қазіргі заманғы прогрессивтік,
сондай-ақ шетелдік, кеңестік және Қазақстандық композиторларды пайдалану;
Сыныптағы жеке сабақтарда хор
партитураларын оқу жөніндегі студент мынадай білім алады:
- хор репертураны білу және жалпы
музыкалық ой-өрісінің кеңеюі;
- фортепианода хор партитураларын
ойнау ерекшеліктерін түсіну;
- ән-хор талдауын ұғыну;
- өзіндік-көркемдік баяндау
әдістері.
Сынып сабақтарының мазмұны:
- фортепианода партитураны
сүйемелдеусіз орындау;
- көлбеу және тік дауыс
әдістерімен ән салу;
- педагогтың немесе серіктестің
екінші аспапта сүйемелдеушілікті ұштастырып бір мезгілде орындауы жағдайында
фортепианода хор партитурасын ойнау (немесе керісінше);
- шығарманы ауызша талдау (кіші
және ірі түрдегі).
ІІ. 2. Оқытушының студентпен өздік жұмысы
Практикалық сабақтар (ОСӨЖ)
ОСӨЖ бойынша сабақтар жұмыстың дәрісханалық түрі болады.
ОСӨЖмақсаты - осы пән бойынша оқушының кәсіптік орындаушылық
білімдерді және дағдыларды түзету және тереңдету.
ОСӨЖ бойынша сабақтарда фортепиано аспабында партитураларды орындау техникасы жетілдіреді.
Сабақ барысы:
1. a'capella шығармаларын орындау;
2. Хор шығармасын сүйемелдеумен орындау;
3. Хор партитурасын талдау (ауызша).
Сабақтардың мазмұнын түрлендіріп отыруға болады:
Бірінші үлгі:
а) фортепианода тапсырма бойынша дайындалған хор партитурасын
сүйемелдеусізойнауды тексеру;
б) хор партитурасын ойнау немесе
«До» ән кілтінде шағын үзінді,
в) секундқа көлікте хор
партитурасын ойнау.
Екінші үлгі:
а) фортепианода сүйемелдеумен хор
партитурасын ойнау жөніндегі тапсырманы тексеру;
б) Екі фортепианода ораториялық,
кантаталық немесе опералық жанрдағы музыкалық шығармалардың бірін ойнау (жеке
жоспарда белгіленген).
Жұмыстың соңғы түрі осынау
шығарманың музыкасын толық көлемінде қамтуға, хор үнінің ерекшелігін біліп,
қанығуға, бұл музыкаға ықлас қойып, жан-жақты оқып үйренуге ынтаны арттыруға мүмкіндік
береді.
1. Хор партитураларын оқу
жөніндегі сыныпта техникалық әдістерді қалыптастыру студенттің бойында мынадай
қабілетті ұялатуға байланысты:
- жеңіл «хор үніне» жақын дыбыста
партитураны ойнау дағдысы;
- фортепиано үні жағдайында
партитураларды тембральдық (хор) есіту дағдысы;
- көркемдік айшық құралы ретінде
аппликатураны дұрыс қолдана білу дағдысы;
- ән үнін бәсеңдету үшін сол
педаль-тепешті қолдана білу дағдысы;
- үн үйлесімінің кезектелуіне
қарай оң педаль-тепешті қолдана білу дағдысы;
- партияларды оң және сол қолдар
арасында ыңғайлы бөлу дағдысы;
- беттен партитураларды оқу және
хор шығармаларын орындау техникасын жетілдіріп отыру дағдысы.
2. Көркемдік элементтерді хор
партитураларын орындауда қалыптастыру мыналарға байланысты:
- қарқынға-ырғаққа;
- агогикаға;
- динамика-серпінге;
- фразировкаға;
- түрге;
- стильге.
Хор партитураларын оқу сыныбына
жетекші педагог музыкалық шығарманың орындалу желісін, хор өрнегі-хаты стилін
партитураның ән-хор сипатын талдаумен тығыз ұштастыруы тиіс. Мұның үстіне ол
фортепианода ойнау дағдыларын, парақтан оқуды және «До» ән кілті тетігінде
ойнауды еркін меңгерген болуы керек.
ІІ. 3. Студенттің өздікжұмысы(СӨЖ)
Студенттің дәрісханадан тыс жұмысының түрі жекеленген және ОСӨЖ сабақтарында шығарма бойынша жұмыс істеу барысында қалыптасқан білімдерді және дағдыларды бекітуге бағытталған.
СӨЖ түрлері:
1. Ауызша шығарманы мына тұрғыда
талқылау:
- мазмұн;
- түр;
- музыкалық айшық-айқындық
әдістері;
- хор фактурасы;
- орындау ерекшеліктері.
2.Мына сипатта шығарманы
сүйемелдеусіз оқып үйрену:
- фортепианода ойнау;
- тік және көлбеу дауыстармен ән
салу;
- шығарманы талдау.
3. Шығарманы сүйемелдеу сипатында
оқып үйрену:
- фортепианода жеке
сүйемелдеумен, мұнан кейін хор партитурасын ойнау;
- екі фортепианода ойнау (хор
ансамблі);
- дауыстар үні-әні.
4. Көлемі шағын хор шығармаларын
беттен оқу.
ІІІ. Бақылау түрі
туралыбойынша жалпы мәліметтер
1.Аралық
бақылау түрі -семестрлік бағдарламаның
бөлімін тапсыру.