Студенттерге хор және вокалдық-аспаптық
шығармаларды түрлі хор құрамдарына ыңғайластыруды үйрету, хор аранжировкасы
курсының мақсаты болып саналады. Бұл әдістер мен дағдылар ұжым жетекшісінің
күнделікті жұмысына қажет. Хор аранжировкасының көптеген тапсырмаларын орындау
үшін хор партитурасын және аспапты сүйемелдеуін жатқа біліп, мұқиятталдай білу қажет. Партитурамен танысудың
белсенді жүзеге асырылуы автордың түпкі ойын ұғынуға және оны басқа да
тәсілдермен көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің деректемелері -гармония, полифония, музыкалық шығармаларды талдау, хор жүргізу, хор
тәжірибесі, орта буында өтілетін хорды үйлестіру курстары.
Пәнге сипаттама:
Хор аранжировкасының дағдыларын игеру болашақ
хормейстердің тәжірибелік жұмысына қажетті, өйткені олар хор репертуарын
таңдаудағы мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сонымен қатар, оқу барысында хор жазуының
түрлі амалдарымен тікелей танысу хор дыбыстау спецификасын терең ұғынуға
көмектеседі, дирижердің кәсіби-орындаушылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мақсаты: хордың түрлі құрамдарына арналған хор және
вокал-аспаптық шығармаларының алап салу саласында білім, дағды және
икемділіктердің жиынтығын қалыптастыру.
Оқу пәнінің негізгі міндеттері:
·аспаптық сүйемелдеумен айтылатын жеке вокалдық
шығармаларды өңдеу туралы білімдер қалыптастыру;
·хор жазуының негіздері бойынша білімдерді қалыптастыру;
·халық әні мен күйін еркін өңдеу жұмысында білімдерді
қалыптастыру;
·хор мазмұнының тәсілдері мен музыкалық мәнердің жолдарын
талдауды білу;
·хор өңдеуінің пішіні және мазмұнымен жұмыс жасауда
білімдерді қалыптастыру;
·түрлі хор құрамдарына арналған хор және жеке вокалдық
шығармаларды лайықтауда дағдыларды қалыптастыру;
·халық әнін еркін өңдеуде тәжірибелік дағдыларды
қалыптастыру;
·хор түрінің біреуінен екіншісіне лайықтау кезінде
үндестілікті таңдаудағы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;
·a'capella хорына лайықтау кезінде
аспаптық сүйемелдеумен орындалатын вокалдық шығарманың әдебиеттік тексін
жазуымен жұмыс жасауда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;
·хордың кез келген құрамына арналған шығарманы өңдеу
кезінде өзіндік жеке стиль тудыру;
·көркемдік есептерге сәйкес өңдеудің қолайлы нұсқасын
табуды үйрету;
·хор өнерінің атақты шеберлерімен жасалған
лайықтырулармен, аранжирлаумен және өңдеулермен таныстыру.
Пәнді тәмәмдаған кезде студенттің алған білімдері
мен дағдылары:
·аспаптық сүйемелдеумен айтылатын жеке вокалдық
шығармаларды өңдеу туралы білімдер;
·хор жазуының негіздері бойынша білімдер;
·халық әні мен күйін еркін өңдеу жұмысындағы білімдер;
·хор мазмұнының тәсілдері мен музыкалық мәнердің жолдарын
талдау;
·хор өңдеуінің пішіні және мазмұнымен жұмыс жасаудағы
білімдер;
·түрлі хор құрамдарына арналған хор және жеке вокалдық
шығармаларды лайықтаудағы дағдылар;
·халық әнін еркін өңдеудегі тәжірибелік дағдылар;
·хор түрінің біреуінен екіншісіне лайықтау кезінде
үндестілікті таңдаудағы тәжірибелік дағдылар;
·a'capella хорына лайықтау кезінде
аспаптық сүйемелдеумен орындалатын вокалдық шығарманың әдебиеттік тексін
жазуымен жұмыс жасаудағы тәжірибелік дағдылар;
Студент
әншілердің
дауыс мүмкіндіктерін ескере отырып, саналы түрде музыкалық материалды өңдеудегі
түрлі принциптерді қолданып,түпдеректің
музыкалық даму ерекшеліктеріне ұқыпты қарай отырып, шығармаларды ұжымның кәсіби
өсуіне мүмкіндік туғызу үшін лайықтау қажет.
II.Әдістемелік ұсыныстар
«Хор аранжировкасы» оқу пәні – тәжірибелік пән
болып табылады. Сабақты жүргізу нысаны – жеке.
Жеке сабақтар.
Пән үш тараудан тұрады:
1. Дауыс сандарын сақтау немесе
өзгерту арқылы бір хор құрамын екінші хор құрамына өңдеу.
2.Аспапты сүйемелдеумен орындалатын жеке вокалды
шығармаларды хорға өңдеу.
3.Халық әндері мен күйлерін барлық хор түрлеріне
еркін өңдеу.
Пән оқытады:
·аспапты сүйемелдеумен орындалатын жеке вокалды
шығармаларды хорға өңдеу әдістерін;
·хор жазуының негіздерін;
·халық әні мен күйін еркін өңдеу жұмысындағы тәсілдерді;
·хор мазмұнының тәсілдері мен музыкалық мәнердің жолдарын
талдауды;
·хор өңдеуінің пішіні және мазмұнымен жұмыс жасаудағы
білімдерді;
·түрлі хор құрамдарына арналған хор және жеке вокалдық
шығармаларды лайықтаудағы дағдыларды;
·халық әнін еркін өңдеудегі тәжірибелік дағдылар;
Сонымен қатар бұл пән келесі сұрақтардықозғайды:
·хор түрінің біреуінен екіншісіне лайықтау кезінде
үндестілікті таңдаудағы тәжірибелік дағдылар;
·a'capella хорына лайықтау кезінде
аспаптық сүйемелдеумен орындалатын вокалдық шығарманың әдебиеттік тексін
жазуымен жұмыс жасаудағы тәжірибелік дағдылар;
·хордың кез келген құрамына арналған шығарманы өңдеу
кезінде өзіндік жеке стиль тудыру тәсілдері.
Жеке сабақ үстінде
студенттер хор және вокалдық-аспаптық шығармаларды түрлі хор құрамдарына өңдеу
туралы білімдер алады.
Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттердің
өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)
ОСӨЖ барысында лайықтыру және өңдеу технологиясы
жетілдіріледі.
Сабақ барысы:
1)ережелерге жауап беру;
2)мысалдардың ауызша
сараптамасы;
3)лайықтыруларды
ойнау.
1 тарау: Бір хор құрамын екінші хор құрамына өңдеу.
2 тарау: Сүйемелдеумен орындалатын жеке вокалды шығармаларды хорға
өңдеу.
3 тарау: Халық әндері мен күйлерін хордың барлық түріне еркін
өңдеу.
Студенттің өзіндік жұмысы
(СӨЖ)
Студенттер өзіндік жұмыстарында жеке сабақтар және
ОСӨЖ барысында алған білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын бекітеді.
СӨЖ
нысандары:
·хор партитуралары мен аспапты сүйемелдеудің фактураларына
зерттеу және сараптама жасау;
·музыкалық материалды өңдеудегі түрлі үрдістерді саналы
қолдану туралы білімдерді шынықтыру;
·хорға арналған өзіндік лайықтырулар мен өңдеулерді жасау.
III.Бақылау түрі бойынша
жалпы мәліметтер:
Семестрде екі аралық бақылау өтеді.
Қорытынды бақылау нысаны – емтихан (7
семестр).
Емтиханға ұсынылады (болжамды
талаптар):
·студенттің жазбаша жұмысы (оқу
барысында орындаған тапсырмалары бар ноталық дәптерді және екі халық әні мен
күйін жазбаша түрде көрсету);