ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары - Музыка - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Понедельник, 21.04.2014, 06:20

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары

ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары скачать

28.03.2010, 16:07
Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады. Беташар мазмұны бойынша жаңа түскен келінге бұрыннын қалыптасқан әдет – ғұрыпқа бай өз заманына лайықты, жаңа өмірге аяқ басып отырған жас әйелге тәлім – тәрбие беру тілегімен байланысты. Жырда ата – енесі, қайындарымен қарым – қатынастарын, жас келіннің міндеттерін айтып, әзіл кеңестер беріледі:
Айт келін, ай келін!
Өзің жатып, байыңа
Тұр – тұрлама, келіншек,
Қаптың ауызы бос тұр деп,
Ой, айт келін!
Құрт ұрлама, келіншек.
Жұрт алдында сымпыңдап,
Қақаңдама, келіншек,
Үйге түскен түйені
Бақандама, келіншек
Аузы – басың сүйреңдеп,
Өсек айтпа, келіншек,
Үлкендердің алдынан
Аттап өтпе келіншек.
Жоқтау – тұрмыс–салт жырларының ішіндегі ең толық сақталған түрі. Алғашқыда өлген адамды шығарып салу дәстүріне байланысты болса, кейіннен жоқтау басқа да халық әндеріне еніп кеткен. Мысалы, жоқтауға тән қасиет сыңсу әніне де тән; жоқтау жырының кейбір белгілері лирикалық және эпостық жырларда да кездеседі. Академик Қ.Жұмалиев жоқтауды тура лирикалық жыр деп атайды. Оның ойынша, егер лирикалық жанрға күйініш – сүйінішті суреттеу негізгі шарт болса, жоқтау да тыңдаушының, айтушының қаралы көңіл – күйін білдіреді. Кейбір жерлерде жоқтау әндерін «дауыс» немесе «жылау» деп те атайды.
Адамның қазасы кезінде айтылатын дәстүрлі жоқтау әндерімен естірту және көңіл айту түрлері жалғаса жүреді.
Естірту – ауылдастарына, туған – туыстарына, жора – жолдастарына өлген адамның қайғылы хабарын естірту үшін айтылатын жыр. Егер қазақтың өшпес мұрасына айналған «Ақсақ құлан» аңызына сүйенетін болсақ, «Ақсақ құлан» күйі де естірту болып табылады.
Ал, көңіл айту болса, қаралы үйге келген кісілердің жақынынан айрылған туған – туыстарына жұбаныш сөз айтып, рухын көтеру ниетімен айтылатын ән.

Лирикалық әндер

Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.
Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі.
Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді.
Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат сезімін, сүйікті адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы», Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың «Татьянаның сөзі»), толғайды. Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге болады.
Жақын адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»).
Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінеді:

Махаббат лирикасы және табиғат лирикасы

Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан да өте бай. Мысалы, Сегіз серінің «Назқоңыр» әні сүйген жардың көркем келбетін суреттесе, халық әні «Ақбөпе» кедей жігіттің қалың мал төле алмай, сүйген қызынан айрылып қалган күйініш сезімін бейнелейді.
Халық әнші-композиторларының сүйікті жарын суреттеген туындыларының тілі айшықты, өрнегі мол, метафора, теңеулерге өте бай. Мысалы, Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» әнінде қыз бейнесі аққуға теңеледі:
Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды, кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.

Табиғат лирикасы

Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. Мысалы, халық әні»Айкөке» адамның жер анаға деген махаббаты мен қуанышын анық сездіреді:
Сырымбет биік асыр қатар кезең,
Жарасып таудан құлай аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай қайың мен тал-бәрі де әсем.
Табиғат лирикасының тағы бір әдемі үлгісі-«Япырай» әні. Бұрыннан авторының есімі белгісіз бұл шығарма қазргі кезде аты халқымызғақайта оралған тамаша ақын, жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың әні деп танылды.
Бұл әсем де назды әнде табиғат көркемдігі және туған жерін, жарын сағынғанадамның нәзік күйінішті көңіл-күйі бейнеленген:

Япырай

Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ай,
Көгеріп толқындайды, япырай, арғы шеті-ай.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір бетін-ай,
Шайқайды жас баладай, япырай, желдің лебі-ай.


Біржан сал Қожағұлұлы
(1825-1897)
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген суырып-салма ақын, әнші, сазгерлерінің бірі, сал-серілердің басшысы – Біржан сал Тұрлыбайұлы Қожағұлов. Біржан есімімен басталатын лирикалық әндерді шырқау шыңына жеткізген өзіндік композиторлық дәстүрді Ақан сері, Балуан Шолақ, Ыбырай сияқты атақты ақындар жалғастырып, сол композиторлық мектептің қалыптасуына мол үлес қосты. «Жанбота», «Адасқақ», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек», «Айтбай», «Біржан сал», «Орынбор», «Жонып алды», «Теміртас» сияқты көптеген әндердің авторы Біржан қиындық пен қайшылыққа толы өмір сүрді. Оның әндері сол өмірінің шежіресі іспетті.
Біржан сал 1825 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының «Қожағұл бернеуі» деп аталатын қалың қарағайлы орманды жерде зергер Тұлыбай Қожағұлұлының отауында туған. Бала кезінен ойын-сауыққа араласып, ән салған Біржан кейіннен өзі де ән шығарып, әннің әуенімен бірге өлеңін де өзі жазады. Үш ұлдың ішіндегі кенжесі болған Біржан алғаш кезде еркін жүріп, ел аралап, той-салтанаттарға қатысып, жастық, жігіттік кезеңін өткізеді. Оның ақындық, әншілік қабілеті халық көзіне ерте түсіп, елдің көңіл-күйін көтеріп, қуаныш-шаттыққа бөлейді; халық құрметіне ие болады. А. Жұбанов «Әдемі ер-тоқымды ат, әшекейлі киім, аңыраған дауыс, көркем келбет – жүрген жерінің бәрінде Біржанның қадірін көтереді. Сөзден кесте төгетін ақындық, жаныңды жайлайтын жібек үн, айызынды қандыратын ән, дарынды орындаушылық-әрісі Бертіс, берісі Қожағұл тұқымында болмаған, тек басына қонған «бақыт» сияқты болады. Біржан бұл «бақытты» бағалай біледі. Өзін сүйген халқына өнерін жаюдың-аралау, жаңаән болса үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту деп түсінеді. Осы бағыт, осы арман жолында Біржан арымай-талмай ілгері қарай тырмыса береді»,-дейді.
1838-1841 жылдар аралығында Біржан сал қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Қызылжарда екі кластық орыс мектебін тамамдаған.
Әрбір әннің шығуына ақын өмірінде кездескен әртүрлі оқйғалар себеп болғаны мәлім және көптеген әндердің шығу тарихы халық жадында жақсы сақталды. Мысалы, «Айтбай» әні мына бір оқиғамен байланысты туған.
Ақын серілік қуып жүріп, бір ауылға түседі. Сол үйдің Айтбай есімді көркем де ақылды қызы бар екен. Сол қызды ұнатып, Біржан қызға сөз айтып, бір-біріне көңілдерін білдіреді. Кейіннен Айтбай сұлу ақынға тұрмысқа шығады, бірақ 1860-1861 жылдары солтүстікте болған жұт кезінде қайтыс болады.
Атымның қақ тұрады сауырына,
Қос тепкі салып келем бауырына.
Қолынан шай құйдырып ішейін деп,
Келемін Айтбай десем сұлу ауылына.

Мамекең Айтбай десем күлімдейді,
Сұр жорға астымдағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз құбылтып,
Сал біржан ән салуға ерінбейді-
Деп келетін бұл ән Біржан әндерінің ішіндегі ең бір күрделілерінің бірі. Ол Біржан шығармашылығының өзіндік мәнері қалыптасқан тұста шыққан. Ән әуені шалқыта төгіледі. Оның негізгі бөлімі өте сымбатты, кең алқымды. Шырқалу сағасы бір октаваға дейін кеңейіп, қайталау бөлімінде әуен жылылық пен шаттыққа толады. Ырғағы жағынан да өте бай.
Ал «Жанбота» әнінің шығу тарихы мынадай: Жанбота болыстың ауылында орыс өкілдерінің құрметіне үлкен той жасалады. Сол тойға Біржан да қатысып, ән-күй айтып, әзілдесіп, жастарды қасына жиып отырады. Сол кезде Азынабай деген кісінің атшабары кіріп келіп, әй-шәй жоқ Біржанды Жанботаға шақыртады. Қасындағы адамдардың көңілін қимай, Біржан оған көнбейді. Сонда поштабай оны қамшысымен салып қалып, домбырасын тартыпталады. Арына кір келтіріп, атын жерге таптаған ызалы Біржан орнынан ұшып тұрып, ашу-ызамен өте биік дауыста былай деп шырқай жөнеледі:
Жанбота, осы ма еді өлген жерім?
Кокшетау боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір болыстың, ай, біреу сабап,
Бар ма еді статьядан көрген жерің, ай.
Халық көңілінен шыққан бұл ән ауыздан ауызға өтіп, ел арасына тез тарап кетеді. Әннің төрт түрі белгілі. Өнер шыңында жазылған бұл әннің авторлық өзіндік мәнері өте айқын. Әннің ноталық нұсқасы атақты әнші Қали Байжановтан жазылып алынған түрінде берілген.
Ән биік шыңнан басталып, екпінді ағыс тәріздес төмен құлайды. Өлең алғашқы тармағынан бастап-ақ әуеннің ішкі серпінді қуатымен дамып, децима өлшемін қамтиды. Әуен ешбір үндестік қайталанбай, өлең сөздің қисынымен біресе біртұтас дыбыс ағынын құрап, біресе жеке буындардың биіктігі мен ырғағын айқындай отырып, композитордың ыза кернеген көңіл-күйін анық білдіреді.

Ұлы ақын 1897ж. ақыры ауыр науқастан қаза табады.
Біржан жай композитор ғана емес, оның өз мектебі бар ірі композитор. Көкшетаудың кейінгі даңқты әншілері. Ақан сері, Естай, Ыбырай, Балуан Шолақ, бәрі де Біржаннан үлгі алып, соның мәнерімен айтқан. Олар Біржанды ұстазы деп білген.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 6354 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 4.0/14
Тут вы можете

скачать ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары

абсолютно бесплатно
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6291

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2014 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно