Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:58

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831)

Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831) скачать

28.03.2010, 15:19
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831) – идеалистік диалектика жүйесін жасаған классикалық неміс философиясының аса көрнекті өкілі. Өзіне дейінгі бүкіл философиясының тәжірибесін талдай келіп, ол болмыстын шекті негіздерін мазмұнды логика категорияларымен белгіленеді. Өз мақсатына жету үшін даму идеяларын қатан ұстанды, оны санада көрініс тапқан қоршаған шындық өмірдің барлық саласында жүзеге асырады. Сана әмбебап сипатта әсер ететін заңдарға бағынатын бір тұтас процесс ретінде суреттеледі, бірақ жүйеде атқаратын ролі тұрғысынан әрқилы. Гегельдің теориясында әрбір құбылыстың өздерін бөліп тұрған қайшылықтарды үшінші сатыда шешетін қарама- қайшылықтар бірлігі ретінде қарастыруға болатындығы форма мен мазмұнның терен табиғи бірлігінде көрсетілді. Сонда бастапқы тезисті антитезис теріске шығарды, ал олардың бірлігі болмыстын осының алдындағы екі сатысын теріске шығарды, бірақ олардың маңызды сәттерін сақтап қалуға болатын тұстарда теріске шығаратын синтез байқалатын болып шығады. Бұл орайда нәтиже дамудың жүріп өткен сатыларының жай ғана жиынтығы емес. Өзінің бастапқы қалпынан оның мынадай өзгешілігі бар: оның мазмұны неғұрлым нақты сипатта балады, өйткеніол осының алдындағы екі сатысында болған алуан түрлі дамудың бірлігі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда даму – ойлау жүйесіндегі абстрактылы түсініктен нақты нәрсені көрсетуге ұласу болып шығады.
Гегельдің теориясының жалпы мазмұны ең алдымен «Рух феноменологиясында» берілген. Еңбектің атауы мен мазмұнына зерттеу объектісі, атап айтқанда сезім шындығынан бастап ақыл ақиқатына дейінгі алдымен жеке адамның санасы ауқымында қарастырылатын сана құбылысы алынған. Сананың белгілі бір тарихи дәуірлердін рухы ретінде сипатталуы себепті нәтижелерді теріске шығарады. Ең ақырында абстрактылы білімге қол жетеді, қоғмдық сананың формалары ашылады.
Бірінші кезеңде сана заттың табиғатына және өзіне ие бола алмайды, өйткені олардың бір-біріне тәуелсіз екені ғана көрінеді. Эмпиризм, сенсуализм дегеніміз осы. Рух ретінде сана жеке адамның жиынтық іс-әрекетіндегі өз ролінің тарихи процесс мағынасын иемденеді. Бірақ дамудың осы сатысының шынайылығына көз жеткізу үшін оған жүріп өткен барлық сатыларды қайталап, абстрактылы санаға қол жеткізуге тура келеді. Бастапқы сәттерге қайта орала отырып, сана жүріп өткен эмпирикалық ізді қайталамайды. Ол өнерде, діңде философияда байқалмайтын кезеңдер бойынша қозғалады. Прогрессивті қозғалыс пен рев тарихи процесстерді – оқу-ағарту ырымшылдықпен күресу, эмпирикалық шектеулі сипаттағы теорияны суреттеу нақ осы әдіспен беріледі. Сананың диалектикалық қарама-қайшы табиғаты ашық көрсетіледі. Жалпы алғанда, сана еңбек туындысы ретінде, ал оның мәні сана ретінде көрінеді. «Рух феноменологиясының» мазмұны «жатсыну» категориясымен жинақталған. Дамудың бірінші кезеңіңде сананың заттануы немесе одан заттың пайда болуы, адам рухының немесе мән-мағыналық күштерінің заттануы ретіндегі тарихи процесс, адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижелерінің теріс қабылдауы ең соныңда осының алдындағы формалардың қысқаруы ретіеде нақты сипат алуы «жатсыну» категориясының мазмұның құрайды. Жалпы алғанда, жеке адам «санаға», ал дүние – «затқа» айналып өмірмен тарихтың алуан түрлі сипаты түгелдей «сананың» «затқа» байланысана келіп тіреледі.
Гегель жүйесіндегі қолданылатын қалған ұғым- түсініктер бәрі таным құралдары болып табылады. Бірақ логика категориялары жалпыға бірдей ерекшелікке ие жалпы тиянақты білім сияқты. Даму сатысы бола тұра әрбір категория ғарыштың бейнесін көрсетеді. Таным абстрактылы тепе – тендіктен басталады, ол өзінің қалыптасу кезеніңде сапалақ пен сандық қатынастарға және олардың нақты бірлігіне тіріледі. «Логиканың» бұл бөлігі болмыс туралы ілім болып табылады. Оны мән – мағына туралы ілімге теріс шығарылады. Ондағы ең басты нәрсе – қарама- қайшылықтар теориясы. Мән мағына мен құбылыс өздерінің шынайлылығын ақиқат өмірге, ал одан «Логиканың» үшінші бөлігіне, ұғым- түсінік туралы ілімге көшу кезенің әзірлейді. Ұғым- түсінікте идеялармен нақты тепе- теңдікке қол жетеді. Абсолютты идеяны ұғынып-түсіну осымен аяқталады.
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 780 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 3.3/3
Тут вы можете

скачать Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831)

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно