Еркеғали Рахмадиевтің ерекше қасиеттерінің біріне аспаптық үн табиғатын терең сезінуі жатады. Бұл қасиеті өзгеше білінеді. Композитор симфония жазған жоқ. Ертеректе жазылған симфониялық поэмалары негізгі шығармаларға жатпайды. Оның шығармашылығының көрсеткіштеріне симфониялық күйлері жатады, Тек осы туындыларында оның аспаптық табиғатын байқауға болады. Композитор домбыра күйлерін симфониялық оркестрдің үні арқылы жаңа жағынан таныта білді. Кішкентай кезінен домбырада ойнаған композитор, екі ішекті қарапайым аспапқа арналып жазылған музыканың мәнерлігін, көркемдігін, әсемдігін керемет білген. Ол қазақ күйлерінің рухани бай тереңдігі еуропалық жанрларға сыймайтындығын сезінді. Алайда, жауап өздігінен келді – күй материалдарын басқа жанрларда тек қолдана ғана қоймай, жаңадан күй шығару керек. Еркеғали Рахмадиев Қазақстан композиторларының ішідегі әйгілі халық күйлерінің авторлық нұсқаларын шығарған бірінші композитор болды. Осылайша,оның шығармашылығында ерекше оркестрлік күйлердің бірнеше түрлері пайда болды: «Дайрабай», «Құдаша-Думан», «Орытпа», «Серпер». Рахмадиевтің жаңашылдығы келесіде болды: композитор «дәстүрлі күйді күй жанрында көрсетті ». Рахмадиев күйі концерттік орындалуға арналған симфониялық шығарма болып өзгертілді. Өзінің «симфониялық күй» деген атауында да дәстүрлі домбыралық пьесаға автордың өзіндік көзқарасы мен ойы көрініп тұр. Оның мәні – әртүрлі мәдениеттерге жататын жанрлардың жақындасуы: жазбаша және ауызша, батыс және шығыс. Бұл идея өте жемісті болды, және де бірінші күй өзінше аса жетілген болып шықты. Ол, симфония тәріздес аспаптық дамудың нақ логикасы бар музыка болып табылды. Және срншалықты нақ логикасы тек симфониялық процесспен ғана ассоциациялар тудырады. Сөйтіп, күй симфоонизмі туралы ой пайда болды. Бұл ойды ең бірінші болып Асафьев айтқан-ды. «Әндердің де, аспаптық импровизациялардың (домбырада – А.Б.) да құрылысында симфонимялық дамудың көптеген мүмкіндіктері қалыптасықан...» . Еркеғали Рахмадиев күйді өзіндік жанр ретінде бөле отырып, бастапқы материалдың органикасын бұзған жоқ. Алайда, музыка домбыралық пьесаның бай үндік табиғатын барынша көрсетті. Бастапқы екідауыстылық симфониялық оркестр құралдарың көмегімен көпдауыстылыққа өтті. Бұл шығарманың оркестрлік нұсқасының арқасында бүкіл регистрлерді және барлық жоғарылықтағы дыбыстарды бір уақытта қолдануға кең мүмкіндіктер пайда болды. Осы негізде халық күйінің авторизацияланған нұсқасы құрылды. Композитор оны пьесаны өзіндің «оркестрге арналған интермеццо» ретінде үлкен симфониялық оркестрдің құрамына арнап жазған. Оның музыкасы көптеген оркестрдің тутти ретінде берілген керемет сололарыне толы. Рахмадиев фактуралық-тақырыптық гомофондық бөлу принципін көптеп қолданған, олрады сололық және фондық деп бөлген. Нағыз күй табиғатын соншалықты терең түсінген Рахмадиев ритм сферасына көп көңіл бөледі. Оның музыкасында халық пьесасының қайталанбастығын білдіретін ритмикалық түрлердің «концентрациясы» (советтік музыкатанушылықта кеңінен таралған термин) байқалады. Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларының симфониялық нұсқаларының негізіне айналған халық күйлері, әртүрлі стильдерге жатады. Мысалы, әйгілі «Дайрабай» - Шығыс қазақстанның музыкалық дәстүрінің үлгісі. Күй, оны шығарған композитордың атымен аталған. Дайрабай 19 ғасырда өмір сүрген және үлкен физиологиялық күшімен белгілі болған. Дайрабай колониалдық жүйеге қарсы күрескер ретінде атағы шыққан, және бірнеше рет түрмеге жабылған. Күйдің симфониялық нұсқасын шығара отырып Еркеғали Рахмадиев «бас буын» материалына сүйенген.