Пәннің басты мақсаты - кәсіби деңгейлі, біліктілігі жоғары
музыкант-орындаушыны, хор дирижерді тәрбиелеу, теориялық және тәжірибелік
жағынан орындаушылық, оқытушылық, қоғамды-музыкалық қызметке дайындау.
Дирижердің шығармашылық бейнесі дирижерлеу сыныбында және хор сыныбы , хор
партитураларын оқу, хор аранжировкасы,арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, орындаушылық өнер тарихы, сольфеджио,
жеке ән салу, гармония, полифония, музыка тарихы, музыкалық шығармаларын
талдау, фортепиано, педагогикалық және орындаушылық тәжірибе сияқты пәндермен
байланысында қалыптасады.
Пәннің
пререквизиттері:Орташа кәсіби білімдегі «Дирижерлеу»
• әр-түрлі
музыкалық пішіндердің орындаушылық дағдыларын қалыптастыру.
«Дирижерлеу» пәнінің
арнайы міндеті:
• дирижерлеу
дағдыларын, шеберліктерін жан-жақты білуін;
• хор
репертуарын кең түрде білуін;
• дирижерлеу
техникасының дағдыларын,
• партитурамен
алдын алажұмыс істеудің дағдыларын,
• жазбаша және
ауызша түрде шығарманы талдай алуын;
• өзі жалғыз
хормен репетициялық жұмыс жасай алу дағдыларын қалыптастыру.
Пәнді оқып
болғаннан кейін, студент:
• хор
репертуарын білу керек;
• мануалдық
техникасын меңгеру керек;
• жазбаша және
ауызша түрде шығарманы талдай алу кекрек;
• хормен жұмыс
жасау жоспарын құрай алу керек;
• хор шығармаларын
орындау дағдыларын білуі тиіс.
II.Әдістемелік ұсыныстар
II.1 Жеке сабақтар (тәжірибелік пән)
Дирижерлеу
сыныбының жеке сабақтарында студент:
•жан-жақты концертік
және оқу репертуар туралы;
• мануалдық
техникасын дамыту тәсілдері туралы;
• көркемдік
интерпретациялау әдістері туралы білім алады.
Жеке
сабақтардың мазмұны:
• a`cappella
партитурасын фортепианада ойнау;
• a`cappella
партитурасының дауыстарын айту;
• үлкен пішінді
шығармалардағы сүйемелдеуін және хор партияларын ойнау;
• үлкен пішінді
суйемелдеумен орындалатын шығармалардың хор партитураларының дауыстарын айту;
• фортепианода
орындалған шығарманы дирижерлеу:
• кіші және
үлкен пішінді шығармаларын талдау.
Арнайы сыныптағы сабақтардың мазмұнысы оқу репертуарымен анықталады, ол
студенттің дарашылдығын, дайындық деңгейінжәне кәсіптік даму болашағын ескере отырып құрастырылады.
Студенттің жеке жоспарының мазмұнысы мен принципі: студенттердің жеке
жоспарларына музыкалық педагогикасындағы қазіргі заманның талаптарына сай, эстетикалық
принциптері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыратын хор әдебиетінің үлгілері
кіруге тиіс.
Студент
бітірген соң, оқу жылдар бойы әр-түрлі композиторлықмектептерінің, музыкалық бағыттарының және әр
дәуірдің шығармаларын білу керек. Жоспардың көркемді-оқу құралдарында қазақ
композиторларының хор шығармалары, орыс және батысевропалық классикасы,
әлемдегі көптеген мемлекеттердің, қазіргі замандағы композиторларының
шығармалары және халық әндерінің хор өңдеулері болуы қажет.
Әр-бір
семестрде студент 5 шығарма үйреніп үлгеруге міндетті. Оқу репертуарының
қиындығы курс бойынша арту жиынтығында құрастырылады. Дирижерлеу сабағының
басты мақсаты: музыкалық шығарманы толық талқылау және шығарманы студенттің
басқаруымен хордың орындауна дайындау.
I, II курста
студенттің басты мақсаттарының бірі – дирижерлеу техникасын қалыптастыру
(техника орындалатын музыкасының мазмұнына бағынып, оған сай болу керек).
Жоғарғы
курстарда қиын шығармалар оқылады. Музыкалық стильдер мен хор жазуының
стильдерін меңгеруге көп көңіл аударылады.
II.2 Оқытушымен
студенттің өзіндік жұмысы. (ОСӨЖ)
ОСӨЖ аудиториялық жұмыс түрінде өтеді.
ОСӨЖ мақсаты – оқушының кәсіби орындаушылық білімдер мен шеберліктерін тереңдету және
дәлдеп түзету.
Бірінші оқу
жылдан бастап студент хор сыныбында хормен жұмыс жасау және орындаушылық
тәжірибелерін өтеді. Жұмыс жасар алдында шығарманы тек қана жаттап қоймай,
шығарманың жазба талдауына сүйене отырып, оқытушының басқаруымен студент
шығарма бойынша репетициялық жұмыс жасаудың жан-жақты жоспарын құрасырады:
2. Шығарма бойынша репетициялық жұмысының жоспары:
• шығарманы «репетициялық» бөлімдерге бөлу (шығарма күрделі пішінді немесе қиын болса);
• қиын жерлерді
анықтау және оларды жеңу әдістерін орнату (ансамбль, метроритмнің үндестігі,
дикция, вокалдық жақтарынан және т.б.);
• шығарманы
үйренуге көмектесетін ымдарды анықтау (көлемділік, нақтылық), қандай дағдыларын
орындаушылар әлі меңгерген жоқ;
• жұмыс
істеудің кезеңдерін (техникалық, көркемдік жағынан), репетиция өткізу әдістерін
(барлық хормен, жеке топтармен, партиялармен) анықтау;
•
репетициялардың керекті санын көрсету.
II.3 Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)
Студенттің сабақтан тыс кезінде жеке сабақтарда, тәжірибелік сабақтарда
(ОСӨЖ), шығарманы үйреніп жатқан кезінде алған білімдерін, дағдыларын бекіту.
СӨЖ түрлері:
1. Шығармаларды
талдау.
2. Семестрдегі
оқылатын шығармаларды жаттау (ойын, дауыстар, талдау және коллоквиум)
3. Мануалдық
техниканы дамытуға арналған жаттығуларды орындау:
4. Арнайы
әдебиетті оқу.
III. Межелік, аралық, қорытынды
бақылау түрлері бойынша жалпы мәлімет
Межелік бақылаудың болжамды талаптары:
Межелік
бақылауда (1-6 семестрлер) студент келесі тапсырмалар түрлерін орындау керек:
1.Фортепианода 3
a`cappella (жатқа) және аккомпанементпен орындалатын жалғыс шығарманы нотаға
қарап орындау;
2.Екі a`cappella
шығармасындағы дауыстар мен аккордтарды айту (сольфеджио және сөзбен)
3.Жазба жұмысын көрсету
(a`cappella хорына талдау: тарихи-эстетикалық,музыка- теориялық, вокалды-хорлық, орындаушылық)
Межелік
бақылауда (7 семестр) студент келесі тапсырмалар түрлерін орындау керек:
1.Бір үлкен көлемді a`cappella хор шығармасын
жатқа және сүйемелдеумен орындалатын шығарманы нотаға қарап фортепианода
орындау (хор партитурасы және аккомпонемент).
2.Дауыстар мен
аккордтарды айту (нотамен).
3.Жазба жұмысын көрсету
(үлкен көлемді шығарманың кең түрде орындаушылық талдау).
Межелік
бақылауда (1-7 семестр) студент коллоквиум бойынша келесі сұрақтарға жауап беру
керек:
а) семестр аралығанда өткен бағдарлама бойынша;
b) жазба жұмысы бойынша;
c) міндетті мамандық әдебиеті бойынша.
Аралық бақылаудың болжамды талаптары:
Аралық бақылауда
(сессияда) студент мінезі жағынан екі әр түрлі шығармаларды дирижерлеу керек
(а’cappella және сүйемелдеумен);
Қорытынды мемлекеттік аттестацияға қойылатын талаптар:
1.Студент «Дирижерлеу»
пәнінде алған білімдерін, дағдыларын дәлелдеп көрсету керек. Олардың ішінде:
• дирижерлеу шеберлігі;
• орындаушылық кәсіптілігі;
• репертуар бойынша білімі;
• шығармашылық ойлауы;
• хор шығармаларын көркемдік интерпретациялауы;
• хорды меңгеру шеберлігі;
• мануалдық техника.
2.Мінездері және
стильдері әр түрлі, a’cappella және сүйемелдеумен орындалатын екі шығармадан
тұратын концерттік бағдарламаны көпшілік алдында орындау.
IV. Пәннің мазмұны
I курс
(1-2семестрлер). Жай және қиын өлшемдер (екі, үш, төрт, алты, тоғыс, он екі
үлесті метрлер).
Міндеттер:
Көлемі жағынан
үлкен емес, гармониялық құрылымында,фактурасы қиын емес, әр-түрлі ұлттық
мектептерге, тарихи дәуірлерге, хор жазылымының стильдеріне жататын, мазмұнысы,
жанрлары, фактуралары, жазылымы жақтарынан әр-түрлі, агогикалық, динамикалық
өзгерістері, акценттері бар және екпін мен өлшемі ауысып тұратын музыкалық
шығармаларды үйрену. Дирижерлік қойылым, дирижерлік кесте, ауфтакт сияқты
дирижерлік техникасын қалыптастыру.
II курс (3-4
семестрлер). Қиын-аралас өлшемдер(бес, жеті, он бір, сегіз, тоғыс үлесті,
бірнеше жай, біркелкі емес өлшемдерден тұратын метрлер).
Міндеттер:
Полифониялық
элементтері бар, I курсқа қарағанда фактурасы қиынырақ, стильдік, жанрлық және
мазмұнысы жағынан әр-түрлі шығармаларды үйрену.
I курста
үйренген дирижерлік техникалық дағдыларын бекіту, жаңа тәсілдерді үйрену,
дирижерлеудің дыбыс жүргізу, интонациялау ымдар технологияларын үйрену.
Өлшемдері
әр-түрлі, «бірге» ойналатын, тез екпінді a`cappella шығармаларын және кантата,
оратория, мессалардың бөлімдерін дирижерлеу.
III курс (5-6
семестрлер). Хор полифониясы.
Міндеттер:
Хор
полифониясының барлық түрлерін үйрену.
Кіші курстарда
үйренген дирижерлік техниканың элементтерін көлемдері және қиындықтары үлкен
шығармалар арқылы бекіту және әрі қарай өрбіту. Ымдардың айқын, мәнерлі болуы
бойынша жұмысын жалғастыру.
Кең пішінді
музыкалық шығармаларды (опералық сахналар, ораториялардың бөлімдері, үлкен өзгеше
шығармалар) дирижерлік интерпритациялау өнерін меңгеру.
IV курс (7-8
семестрлер). Үлкен хор пішіндері.
Міндеттер:
Мазмұны мен
пішіні қиын, жазылу тәсілдері қиын, стильдік, жанрлық ерекшеліктері әр-түрлі
шығармаларды үйрену. Үйреніп алған дирижерлеу дағдыларын бір жүйеге келтіру.
Дирижерлік
интерпритациялау өнерін әрі қарай дамыту.