| Дәулеткерей Шығайұлы. Дәулеткерей 1821 жылдар шамасында бұрынғы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген. Әкесі Шығай ауқатты адам болған. Бірақ, әке жолын қумай қайда барушы еді деп сенген ол, ұлын қақпайлап тәрбиелеп тауқымет тартқан жоқ. Шығай он тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласында орнаған жаңа жағдайды түсініп, тани қойатындай аса ақылды, көреген кісі емес-тін. Сүйікті ұлы Дәулеткерейдің Бөкей хандығының қол астындағы ел-жұртты билеп-төстейтін әкім болады деп ойлаған ол, сезімтал Дәулеткерей ойының төре тұқымының мақсатының жырақ ойда жүргенін білгісі де, ұққысы да келмеді. Әкесі мен оның әулеті – ағайын-тумалары немесе жылдар бойы бұқара халықтың басыны әңгір-таяқ ойнатып, қаққанда қанын, соққанда жанын алған би-манаптар еді. Олар өздерінің тойымсыз қомағайлы, тоғышар, тонас намысқорлығымен ел ішін қырық пышақ етіп қырылыстырып тәмам жұртты бір-біріне дүрде араз еткен жексұрын төре тұқымы еді. Ел басқарып жұрт қамын жеуге ешқандай өресі жетпесе де, ''киіз кітаптың” заңы бойынша келтеақыл Шығай Бөкей хан өлген соң, Бөкей ордасының ханы болып шыға келді. Әйтсе де ол, тақ мұрагері бала Жәңгір ержетіп, жетілгенше сегіз жылдай ғана хандық құрды. Дәулеткерей туғанға дейін Қазақстанның батысында бірнеше домбыра дәстүрі пайда болған-ды. Дәулеткерей өскен орта жас баланың дүние танымына жан-жақты әсер етпесе де, оның шығармашылығы Бөкей ордасы күйшілерінің демократиялық бағыттағы музыкасы ыңпалында қалыптасты.
|