Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:45

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Дәстүрлі қазақ музыка тарихында аққу бейнесі

Дәстүрлі қазақ музыка тарихында аққу бейнесі скачать

28.03.2010, 14:38
Дәстүрлі қазақ музыка тарихында аққу бейнесі жиі кездеседі. Сүгір, Ықылас, Тіленді атамыздың жазып кеткен “Аққу” күйін естігенде біз киелі құстың дауысын, қанатының қағылғанын елеске аламыз. Неліктен дәл осы құстың бейнесіне қазақ жұртымыз табынған? Аққу құсын көшпенді қазақ киелі санаған. Ол жоғарғы әлемде аруақтармен өмір сүреді және құдіретті Тәңірге жақын келеді деп сенген, өзін аққу есімімен “қаз+ақ” деп аян қойған.
Көшпенді елдің дүниетаным-көзқарасы бойынша өмір үшке бөлінетін. Жоғарыда көк тәңір, құс, аруқтар, ортаңғы өмірде адамзат пен жануарлар, өсімдіктер мен тірі жәндіктер, ал төменгі өмірде дұшпан-сайтан және жер астында өмір сүретін жануарлар деген. Бұған дәлел, ел аузынан қалған сөз бар. Бақсы ритуалдық адам емдеулерінде аққу құсына отырып, не қыл-қобызын қолына алып үш әлемді кезген дейді. Сол үш әлемді дария су бөлген дейді. Есімізге түсірсек өлімнен қашқан Қорқыт атамыздың да өмірі туралы аңызында, Сырдария бойында отырып қыл-қобызын тартқан күйінде ажалды өзіне жолатпаған дегені бар.
Қыл-қобыз жоғарыда айтылғандай бақсының ритуалдық емдеулердің негізгі аспабы, оның сыртқы бейнесі аққуға ұқсағанын анық көруге болады. Аспаптың басы ұзын, мойыны, тұлғасы аққудың тұлғасындай. Бұны ғылыми тілімен айтқанда зооморфологиялық салыстыру деп атайды. Қазақтың киелі аспабы қара қобыз, ал оның асыл күйі “Аққу” болғаннан аңызына қысқаша шолып кеткені жөн.
Баяғы өткен заманды, жаугершілік кезінде, ел үдере көшкенде бір жетім жігіт шешесі және қарындасымен жұрттан қалып қояды. Жігіт оларды құс атып, аң аулап асырайды екен. Бір күні ол құс атайын деп көлге келсе, ұшып жүрген бір аққуды көреді. Оны атып алмақ болады. Бірақ оғы аққуға тимейді. Мылтықтың даусынан шошынған аққу көл сабалап ұша жөнеледі. Жігіт ұшқан аққуды тағыда атады, бірақ оғы дарымай, аққу жоғары самғап ұшып кетеді. Жігіт көкшолақ атына мініп, аққудың соңынан шаба жөнеледі. Аққуға жете алмай, шаршап-шалдығып қайтып кетеді. Оның келе жатқанын алыстан көрген қарындасы: «Алақай-ау, алақай, аққу атып келеді!»– деп жүгіріп ағасынаң алдынан шығады. Жігіттің құр қол келе жатқанын көрген шешесі енді қайтіп күнелтеміз деп қайғырып, жылайды. Қарындасы мен шешесі жылағанына шыдамай, көріп өлгенше, көрмей өлейін деп көкшолағына мініп, шаба жөнеледі. Жігіт шауып келе жатып, ел тонап жүрген бес қарақшы кезіктіреді. Олар керней тартып келеді екен.
қарақшымен жекпе-жек соғысып, ақыры олардың бәрін жеңеді.
Сөйтіп, жігіт аман-есен шешесімен, қарындасымен табысып, ел қатарына қосылған екен дейді. Ел аузындағы аңыз-әңгімені Ықылас күй етіп сөйлеткен екен. (Айтушы Д.Мықтыбаев).
Қыл-қобыз ритуалдық емдеулердің негізгі аспабы. Оның бейнесін де аққу құсына ұқсағаны содан. Аспаптың басы, ұзын мойыны, қанаты мен тұлғасы аққу құстың тұлғасындай келген. Бұны ғылыми тілімен айтқанда зооморфологиялық құрылыс деп атайды.(аспапты көрсету). Ол антропоморфология ғылымына,яғни құрылысы адам дене мүшесіне де ұқсастығы бар және жоғарғы айтылған үш өмір әлеміне де тығыз байланысын анық көреміз. Көшпенділердің көзқарастары бойынша үш әлем өмірінің арасын су бөлетін. Есімізге түсірсек өлімнен қашқан Қорқыт атамыздың да өмірі туралы аңызында, өз өмірін ажалынан су бойында сақтаған, бірақ ажалы жылан бейнесіне айналып Қорқыт атамыздың өмірін қияды.
Қазақтың ең киелі аспабы қара қобыз, ал оның асыл-киелі күйі “Аққу”болғаннан аңызына қысқаша шолып кеткеніміз жөн.
Баяғы өткен заманда, жаугершілік кезінде, ел үдере көшкенде бір жетім жігіт шешесі және қарындасымен жұрттан қалып қояды. Жігіт оларды құс атып, аң аулап асырайды екен. Жұрттан қалған олар өз бетінше күнелте бастайды. Бір күні ол құс атайын деп көлге келсе, ұшып жүрген бір аққуды көреді. Жігіт оны атып алмақ болады. Бірақ оғы аққуға тимейді. Мылтықтың даусынан шошынған аққу көл сабалап ұша жөнеледі. Жігіт ұшқан аққуды тағыда атады, бірақ оғы дарымай, ол жоғары самғап ұшып кетеді.
«Ей! Аққу-ау!
Барар жерің Балқан тау,
О да біздің көрген тау», –
Деп , жігіт көкшолақ атына мініп, аққудың соңынан шаба жөнеледі. Жігіт аққуға жете алмай, шаршап-шалдығып қайтып кетеді. Оның келе жатқанын алыстан көрген қарындасы: «Алақай-ау, алақай, аққу атып келеді!»– деп жүгіріп ағасынаң алдынан шығады. Жігіттің құр қол келе жатқанын көрген шешесі енді қайтіп күнелтеміз ддеп қайғырып, жылайды. Қарындасы мен шешесі жылаған кезде, жігіт мұны көріп өлгенше, көрмей өлейін деп көкшолағына мініп, шаба жөнеледі. Жігіт шауып келе жетып, ел тонап жүрген бес қарақшы кезіктіреді. Олар керней тартып келеді екен.
Қарақшылардың өзін өлтіргісі келгенін сезген жігіт оларды жекпе-жекке шақырады. Қарақшылар: «Келсең – кел», – деп жауап қайтарады. Жжігіт әрбір қарақшымен жекпе-жек соғысып, ақыры олардың бәрін жеңеді.
Сөйтіп, жігіт аман-есен шешесімен, қарындасымен табысып, ел қатарына қосылған екен дейді. Ел аузындағы аңыз-әңгімені Ықылас күй етіп сөйлеткен екен. (Айтушы Д.Мықтыбаев).
XX ғ-да қыл-қобыздың тағдыры күрт өзгереді. Аспаптың қазақ өнер мәдениетінен қиылғаны, Қазақстанда болған саяси заманның ықпалынан еді. Қыл-қобызды ауылдағы шебер ұстаз-күйшіден үйрену тұрмақ, қарапайым қазақтың тұрмыс-тіршілігінде тұмар қылып сақтауға тиым салынған болатын. Бірақ, бұл мақаланың өкімет билігін, не Қазақстанда өткен саяси қозғалыстарын қаралу жоспарында жоқ. Біздің басты мақсатымыз қыл-қобыздың эволюциялық өзгеруіне байланысты жаңа туған прима-қобыздың қазіргі уақытта өзінің папуляризациялық деңгейін талқылау.
Прима-қобыз бір жағынан қарасақ, қыл-қобыздың сырт-пішініне, ойнау әдістеріне ұқсап келеді. Ал, бірақ екінші қырынан қарап көрсек, дыбыс шығару, ойнау мүмкіншілігі әлде қайда еуропаның скрипкасына ұқсайды. Бұл жағдайдың жақсы-жаман жақтарын біз шеше алмаймыз, ол тек уақыттың ағынымен білетін нәрсе. Мәселе қобыздың не үшін пайда болғанын және қандай мақсатпен қазіргі уақытта музыкалық аспаптар арасында өмір сүруі туралы мағынасын ашу. Бірақ, бұл күрделі тақырыптың бір анығы, прима-қобыз өткен көне дәуіріміз бен жаңа заманның ағысын өзінің жас тағдырына байлағаны қазақ өнер мәдениетін әлем музыкалық аспаптармен араласуына мүмкіншілік берді.
Прима-қобыздың пайда болуына 1930 ж-да Қазақстанда жаңа құрылған қазақ халық аспаптар оркестрі негізгі себепкер болды. Қазақтың тұңғыш кәсіби музыканың маманы А.Қ.Жұбановтың қолынан Алматыдағы муз.драм. техникумның кішігірім шеберханасында жаңа прима-қобыз туады. Бұл щеберханасында домбыраның да жаңа кәсіби түрі туады. Прима-қобыз оркестрдің негізгі орнын алағаннан, прима-қобызда жеке орындаушылар тәрбиеленеді. Аспаптың алғаш мектебін құрған Ф.Ж.Балғаева, Г.Баязитовалар болатын. Олардың прима-қобыз мектебіне тұңғыш салған іргетасы өзінің үміт-сенімін ақтады. Бүгінгі күні бұл аспапта дуэт, трио және өнер сахнасында жеке орындауға мүмкіншілігі бар. Оның шығармашылық жолы қазақ өнерін үлкен жетістіктерге тартып келеді. Қазақ дәстүрлі күйлеріне жас композиторларымыз өзіндік обработка жасап, күй сандықтың сүймелдеуімен орындауға келетін шығармалар жазу үстінде. Және оның дәстүрлі дыбыс шығару әдістері, яғни қоңыр қобыз үні сол өзініңтүстерін жоғалтпады, керісінше адам жанын сұлу сазды әуенімен тебіретеді.
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1371 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Дәстүрлі қазақ музыка тарихында аққу бейнесі

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно