Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:44

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Продажа чай оптом. Продажа чая санкт петербург. Москва продажа чая.
Бір әншінің аспапта ойнаған кіріспесінен

Бір әншінің аспапта ойнаған кіріспесінен скачать

28.03.2010, 14:39
Бір әншінің аспапта ойнаған кіріспесінен-ақ оның қандай әнді орындайтындығы білінсе, екінші әншіден оны байқау қиын. Ол әнді соған сәйкес басқа бір үнді аккордтар, түрлі өрнектгі саздар арқылы бастайды. Бір әнші пернелерді іліп, шертіп қақса, екіншісі бес саусағымен төгілте, көсілте ойнап әнге ббасады. Осы сияқты түрлендіру, домбыра мен дауыстың бір-бірінен алшақ кетпей, өзара үйлесім табуы - әнші шеберлігі болып табылады.
Әнді нақышында, бұзбай жармай айтудың оңай еместігін әншілердің өздері де мойындаған. Солардың бірі – ақын-әнші Әсет «Арғынмын, атым Әсет арындаған, арындап ән сала ма дарымаған» деп, нағыз әнші болу үшін табиғи дарынның қажеттігін, дарынсыздың әнді игере алмайтындығын атап көрсетеді. Ол:
Бозбала, осы әнімді үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.
Асау ән жетегіңе жүрмегенсін,
Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,-
дейді. Шынында да, Әсет әндерін осы күні келістіре шырқайтын әншілердің азайып бара жатқандығы да осындай әншілік шеберлікке байланысты екені даусыз.
Орындаушылық өнері туралы сөз еткенде, бір кезде ән фольклорын насихттауға аянбай атсалысып, қазақ әндерінің інжу-маржандарын жұртшылыққа танытқан Әміре Қашаубаев, Ғабббас Айтбаев, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, тағы басқа майталман әншілердің есімдері ойға оралады.Алайда бұлардың әншілік шеберліктері жөнінде А.Затаевичтің жинақтарында, басқа да еңбектерде сөз болғаны болмаса, қайталанбас дауыстары күйтабақтарға, киноленталарға түсірілмей қалды.
Аталған әншілердің ізін басып, халық әндерін таратуда көп күш жұмсап, бір жағынан ұстаздық жұмыспен шұғылданған Жүсіпбек пен Ғарифолланың, бұлармен үзеңгілес Н.Әбішев, М.Көшкінбаев, Н Әбілева, Б.Жылқыбаев, Р.Есімжанова, Ә.Нұғыманова, Ж.Қартабаева, М.Ешекеев, Д.Рақышев, М.Балқашева, Г.Ақпанова Қ.Байбосыноов, Ә.Еңкебаев, Ж.Кәрменов, Қ.Рахимова тағы басқа өнерпаздардың болғаны және бар екені қуантады.
Сонау Ақан мен Біржандардан соң сал-серіліктен кейін арқаның дәстүрлі әнін мектеп етіп жалғастырушы Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, есімі қазақ музыка тарихының төрінен Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Әлли Құрмановтармен қатар орын алатын Жүсіпбек Елебеков «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, өмірінің соңғы кезеңін жас ұрпаққа тәрбие беріп, әншілікке баулыды. Өзінің әншілік өнерін биік сатыда алып жүре алатын дарынды ізбасарларын дайындауға кіріседі. 1965 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін Алматының эстрада студиясының педагогі қызметін атқарып, бойына жиған ән байлығын жас буындарға үйретуден жалықпады. Жүсекеңнің әншілік мектебінен үлгі алған Мағауия Көшкінбаев, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Мұратбек Жүнісбеков тәрізді белгілі әншілер ән сырының сиқырлы сазын терең түсініп, сан алуан ырғақтарын, неше түрлі сұлу үндерді меңгерді. Осылайша сал-серілік заманнан келе жатқан Арқанның дәстүрлі ән өнері Арқаның дәстүрлі ән мектебі болып қалыптасты.
Өнер гүлі өмірге әнмен келдім
Думандата өңірді сәнмен келдім
Жас ұлғайып қалса да қажымаймын
Әлі дағы келеді шырқай бергім,-
деп Жүсекеңнің айтқанындай, артына өлмес, өшпес із қалдырған ерен әншінің дәстүрін жалғастыратын тамаша әншілердің бары ән сүйгіш қауымды қуантады. Осылайша Арқаның дәстүрлі ән мектебі өз дәрежесінде дамуда.
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 763 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Бір әншінің аспапта ойнаған кіріспесінен

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно