Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:38

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Бесікке бөлеу

Бесікке бөлеу скачать

28.03.2010, 15:11
БЕСІККЕ БӨЛЕУ-БАБАЛАР ДӘСТҮРІ
Ұлттық этнология саласындағы қазақтың дәстүрлі тіршілік цикліне байланысты салт-ғұрыптар ішінен ’’бесік’’ және ’’бесікке’’байланысты жосын-жоралғылар.БЕСІК сөзінің шығу төркіні туралы әр түрлі пікірлер кездеседі.бесік жас нәрестеге арналып жасалған төсек екені белгілі.

Негізгі мағынасы ’’тербету’’,’’әлдилеу’’.Қазақта шайқау,қазғау,қимылдау,тербеу сөздердің бас түбірі –БЕЗ(яғни безек, безілдеу,безгелдек,безбен)сонда БЕСІК басында БЕЗЕК немесе БЕЗІК болып,бертін”З”дыбысы қатаң ”С”дыбысына ауысып,”БЕСІК”болып қалыптасып кетеді.Бесікті жасау үшін қолданатын негізгі шикізат – ағаш. Ағаш - өңдеуге қолайлы,өрнегі мен бітім өте әсем ,жеңіл өңделетін шикізат.Ағаш шеберлері жасайтын заттың сапасына,түріне қарай ағаштың көптеген түрлерін пайдаланады.Көп қажеттенетін ағаш түрлеріне емен,мойыл,үйеңкі,қарағай,боз тал, қара тал,самырсын,қайың,терек жатады.
Әр түрлі сапалы ағаштарды пайдалану туралы қазақ этнографы Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, С.Қасимановтар жазған.Қазақ салтында баланы бесікке бөлеу үлкен той.Бесікке салу ырымы бала дүниеге келгеніне 7-8 күн өткен соң барып өткізіледі.
Баланы бесікке бөлейтін әйел ”бісміллә,бісміллә,ата-ененің жоралғысы”деп,баланы бесікке салады.Баланың жүзі жарқын болсын деп айна, тарақ жастайды.Бесікті жеті түрлі затпен жабады:көрпе,қамшы,жүген,шапан,тон,кебенек,шекпен.Артынан бесікті аластайды.”Шілдехана”,”Шілде күзет”тойын өткізеді.Бұл қазақтың ұлттық салт-жорасы,нәрестені дүниеге үш кунге дейін жын-періден қорғап,”күзету” секілді діни рәсімге байланысты туған.
Ал,”Бесік жырына” келетін болсақ, көбінесе,сөздері жеті буынды болып келеді,диапазоны малая секстаға жетеді.Ырғағы асықпай,тербеулі жүреді.Бесік жырын естіп,жас нәрестенің қай руынан екенін,есімін неліктен қойғанын,жалпы елінің тарихын білуге де болады.
ҚЫСҚАША АНАЛИЗ:
Бұл бесік жырда әжесі немересіне тәрбие үйретіп,ақыл айтқаны бар.М:Қыратта тусаң,Қыранбай,Қыран болсаң жақсы ғой,жамандығынды ойлапқой.Тағы,бұл жерде әжесі жас нәрестеге адам бойындағы:өзімшіл,бос мақтаншақ және т.б.жаман мінез-қылыққа ілеспесін деп ақыл айтқанын көрдік.М:Менің балам ер ме екен,
Ерлік жар дер ме екен,
Ерлік жасап келгенде,
Менің балам дер ме екен.
Ал:
Әже сөзі алтын ба?
Балам жатыр салқында,
Салқын болар бабында,
Түстік кезі шағында.
Шешең қозы ұстап жүр,
Әкең оны қыстап жүр. – дегенде,сол кездегі шаруа – қимылды суреттегені.Бұрында әжелеріміз жас сәбилерін бесіктен бастап тәрбие көрсеткенін байқаймыз.

Материалдар алған кітап:”Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері:өткендегісі және бүгінгі”.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1378 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 3.5/2
Тут вы можете

скачать Бесікке бөлеу

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно