Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:38

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Бейсенбі Дөненбайұлы

Бейсенбі Дөненбайұлы скачать

28.03.2010, 15:08
Бейсенбі Дөненбай ұлы

Қазақ күй өнерінде Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің орны ерекше. Сол Алтай-Тарбағатай мектебінің белді өкілдерінің бірі — ХІХ ғасырда өмір сүрген Бейсенбі Дөненбай ұлы.
Бейсенбі Дөненбай ұлы 1803 жылы ҚХР, Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Оймақы ауылында дүниеге келген. 14 Жасынан бастап күй шығара бастайды. Ол күйшілігімен қатар әділ билігімен де елге танымал болған көрінеді. 1836 жылы Алтайда Көгедай төреге көмекші ретінде төрт би сайланады. Сол төрт бидің бірі — Бейсенбі Дөненбай ұлы екен. Бейсенбіні ел-жұрты ерекше құрметтеп Бежең деп атап кетіпті.
Бейсенбінің күйлері сарынының ескілігімен, әуезділігімен ерекшеленеді. Бежеңнің 150-ге жуық күйі бүгінгі күнге жетті. Оның көп күйлерінің шыққан уақыты, шығу тарихы өзі билік құрған кезеңдегі оқиғалармен байланыстырылады. Бежең күйлерін мазмұнына қарай кеңес күйлері, ат туралы күйлер, арнау күйлер деп үшке бөлуге болады. Кеңес күйлері философиялық тақырыпқа құрылған болса, ат туралы күйлер өзіне серік болған шашасына шаң жұқпас небір жорға мен жүйрік аттарының жүрісін суреттейді. Ал, арнау күйлері әр түрлі оқиғалар мен адамдарға арналғандықтан, болмысы жағынан да әр түрлі болып келеді.
Бейсенбі келелі кеңестер бастаған шешен болған. «Бас кеңес», «Кеңес басы», «Көк иірім кеңес», «Төрт бидің кеңесі», «Жай кеңес» сияқты 40-тай кеңес күйі, «Ала көз аттың жүрісі», «Көк шұбар аттың жүрісі», «Қара құлақ аттың жүрісі», «Майда қоңыр», «Майда жал» секілді 20 шақты атқа арналған күйлері бар. Арнау күйлерінің ішінде «Әйми», «Кербез, сылқым», «Ажар», «Жеке батыр», «Екеуім-екеуім» қатарлы күйлерінің орны ерекше.
Бежеңнің тікелей шәкірттері — балалары Қара Оспан мен Сыдықай, Оспанның ұлы Баттал, Қасен, Сайыпжамал.
Бейсенбі күйлерін ХХ ғасырға жеткізгендер — Батталдың ұлы Ағзам, Сыдықай ұлы Мұсылманқұл, немерелес туыстары Бегарыс Діке ұлы, Қамит Мақаш ұлы және т.б.
Осы кісілерден үйреніп, бізге жеткізгендер — Құлыби Құмаштай ұлы, Тұрсын Кәдей ұлы, Мүтәліп Әлімхан ұлы, Қыдырмолла Ақай ұлы, Найманғазы Омарқан ұлы, Тайыр Белгібай ұлы, Бақытқан Тағай ұлы, Құсыман Сыдық ұлы, Сымайыл Сыдық ұлы, Дәулет Халық ұлы, Айыпқан Қали ұлы, Қытан Көксеген ұлы, Жұмжұма Жази ұлы, Сарқыт Иісқан ұлы, Әшімқан Қайса ұлы, Сетерқан Нұрмұрат ұлы, Митхан Раздан ұлы, Кәзім Мәңкей ұлы сынды күйшілер.
Бейсенбі есімі әлі күнге дейін ел есінде. Әсіресе, өзі туып өскен Алтай аймағында Бейсенбіні еске алу шаралары жиі болып тұрады. 1997 жылы Буыршын ауданында күйшіге ескерткіш орнатылды. Мұқтарқан Самажан ұлы «Бейсенбі би» атты роман жазды. Ал 2003 жылы күйшінің 200 жылдығына орай Автономиялы райондық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің ұйымдастыруымен Буыршын ауданында оның күйлеріне арналған ғылыми-талқы жиналысы өткізілді.
Бежең күйлері қытай қазақтары арасында, Моңғолия, Шығыс Қазақстан өңірлерінде кеңінен тараған.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 504 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Бейсенбі Дөненбайұлы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно