Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі - Музыка - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 24.10.2014, 19:23

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі скачать

28.03.2010, 15:05
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км, ұзындығы – 605 км, ені – 9 – 74 км аралығында. Ал ең терең жері- 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерінің Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі: Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстінде бұрынғы кездерде Аягөз, сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған артропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған апшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасында Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м/3 су жирақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабырың ауыл шаруашылығында барынша пайдаланылуымен 1965 – 1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25% - ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаңы ауаға жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі деңгейі соңғы жылдары 2 м-ге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай суқоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасында тіршілік ететін қөұстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын шатқалы, Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын үйеңкі саябағы, табиғат ескерткіші, Ақтау, Үлкен және Кіші Қалқан тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әншіқұм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. «Жетісу» деп аталатын бұл аймақта 3 млн-нан астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркнет.
Бұл өңірдегі Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қөрғасын-мырыш комбинаттары тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі иен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдаллануды реттеу.
2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
4. Жер асты суларын пайдалану.
5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару – бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес, Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығынлай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 3383 | Загрузок: 9 | Рейтинг: 3.0/7
Тут вы можете

скачать Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі

абсолютно бесплатно
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6475

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2014 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно